Жаңалықтар

Елордалық мамандар жаңбыр жауу салдарынан масаларды жою жұмыстарын жалғастыра алмай отыр

Астанада күнде жаңбыр жауатындықтан дезинсекция жұмыстары тоқтап тұр. Бұл туралы astana.kz сайтына «Елордалық дезинфекция» ЖШС хабарлады. Аталған жұмыстар ауа райына қарай айына бір рет сәуір-қыркүйек аралығында жүргізіледі. Сәуірде күн жылынғаннан кейін дезинсекциялық жұмыстар қолға алынды. Ведомствоның хабарлауынша, жауын-шашынның салдарынан өңдеудің бірінші турын өткізу қиынға соқты. Кесте жоспары бұзылып, өңдеу жүргізілген жоқ. Сондықтан дезинсекцияның бірінші кезеңі мамырдың 14-і емес, 20-сы аяқталды. 21 мамырдан бастап өсімдіктерді өңдеудің екінші кезеңі басталды. Жаңбыр жауып, қатты жел тұрғандықтан ол да тоқтап қалды. 17 маусым - 23 шілде аралығында өңдеудің үшінші кезеңі өтті. Соңғы тур 12 шілдеде басталып, жоспар бойынша 24 шілдеде аяқталуға тиіс еді. Бірақ нөсер жаңбырға байланысты тоқтатылды. Күн ашылғанда осы бағыттағы жұмыстар жалғасады. Мамандардың айтуынша, елордада масаның экзо және эндофил сынды екі түрімен күрес жүргізіледі. «Бүгінгі таңда Астанада 2500 литрге жуық химиялық зат пайдаланылды. Циперхлор препараты нормативтерге сәйкес 0,350 мл есебімен 1 га жерде қолданылады», - делінген ақпаратта.  Еске салайық, дезинсекциялық шаралар елорданың орналасуы мен климатына байланысты жүргізіледі, жер батпақты болғандықтан, қамыс өсіп, жер асты сулары көптеп жиналатындықтан жертөлелерді су басып, масалар көбейеді. Сондай-ақ, тамыз айының басында жауын-шашын мол түсті. Ал жаңбыр масалардың көбеюіне қолайлы орта болып табылады және дезинсекциялық жұмыстарды жүргізуге кедергі жасайды. Бұдан басқа, жаңбырдан қалыңдап өскен өсімдіктер масалардың тығылуына қолайлы орта болып табылады. Масалардың қашан жойылатынын нақты айту қиын. Күн суығанда даладағы масалар өледі, ал жертөлеллердегі масалар қолайлы ортада қыста да тіршілік ететін болады, дейді мамандар. astana.kz
09.08.2013 05:35 3495

Астанада күнде жаңбыр жауатындықтан дезинсекция жұмыстары тоқтап тұр. Бұл туралы astana.kz сайтына «Елордалық дезинфекция» ЖШС хабарлады.

Аталған жұмыстар ауа райына қарай айына бір рет сәуір-қыркүйек аралығында жүргізіледі. Сәуірде күн жылынғаннан кейін дезинсекциялық жұмыстар қолға алынды.

Ведомствоның хабарлауынша, жауын-шашынның салдарынан өңдеудің бірінші турын өткізу қиынға соқты. Кесте жоспары бұзылып, өңдеу жүргізілген жоқ. Сондықтан дезинсекцияның бірінші кезеңі мамырдың 14-і емес, 20-сы аяқталды. 21 мамырдан бастап өсімдіктерді өңдеудің екінші кезеңі басталды. Жаңбыр жауып, қатты жел тұрғандықтан ол да тоқтап қалды. 17 маусым - 23 шілде аралығында өңдеудің үшінші кезеңі өтті. Соңғы тур 12 шілдеде басталып, жоспар бойынша 24 шілдеде аяқталуға тиіс еді. Бірақ нөсер жаңбырға байланысты тоқтатылды.

Күн ашылғанда осы бағыттағы жұмыстар жалғасады. Мамандардың айтуынша, елордада масаның экзо және эндофил сынды екі түрімен күрес жүргізіледі.

«Бүгінгі таңда Астанада 2500 литрге жуық химиялық зат пайдаланылды. Циперхлор препараты нормативтерге сәйкес 0,350 мл есебімен 1 га жерде қолданылады», - делінген ақпаратта. 

Еске салайық, дезинсекциялық шаралар елорданың орналасуы мен климатына байланысты жүргізіледі, жер батпақты болғандықтан, қамыс өсіп, жер асты сулары көптеп жиналатындықтан жертөлелерді су басып, масалар көбейеді.

Сондай-ақ, тамыз айының басында жауын-шашын мол түсті. Ал жаңбыр масалардың көбеюіне қолайлы орта болып табылады және дезинсекциялық жұмыстарды жүргізуге кедергі жасайды. Бұдан басқа, жаңбырдан қалыңдап өскен өсімдіктер масалардың тығылуына қолайлы орта болып табылады. Масалардың қашан жойылатынын нақты айту қиын. Күн суығанда даладағы масалар өледі, ал жертөлеллердегі масалар қолайлы ортада қыста да тіршілік ететін болады, дейді мамандар.

astana.kz

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға