Жаңалықтар

Астанада «ЭКСПО-2017» көрмесінің эскиз-нобайларын таныстыру 3 күнге жалғасады

14-16 тамызда «Көрме» көрме орталығында ЭКСПО -2017 эскиз-нобайларының таныстыруы өтеді. Бұл туралы astana.kz сайтына «Астана ЭКСПО-2017» ҰК баспасөз қызметінен хабарлаған. ЭКСПО-2017 нышанына айналатын үздік эскиз идея мен нысанын анықтауға бағытталған Халықаралық сәулет байқауына қатысушылардың еңбектерімен танысқысы келетін кез-келген жан үшін көрме орталығының есігі ашық. Еске салайық, байқауға қатысуға әлемнің 20 елінен 50 сәулетші мен компания өз жұмыстарын ұсынып отыр. Атап айтқанда, Австрия, Австралия, Ұлыбритания, Германия, Испания, Италия, Канада, Қытай, АҚШ, Нидерланды, Корея, Ресей, Португалия, Норвегия, Түркия, Тунис, Жапония, Украина және Қазақстан елдерінен. Экономикалық үрдісті зерттеу жөніндегі қор президенті, танымал экономист Джереми Рифкин бастаған техникалық кеңес екі апта бойы байқауға қатысушылардың туындыларын бағалайды. Сонымен қатар, Кеңес құрамына тұрақты даму және энергия тиімділігі саласындағы белгілі сәулетшілер мен мамандар енді. Байқау қорытындысы 1 қыркүйекте шығарылып, ЭКСПО-2017 көрме кешенінің негізі болатын эскиз-нобай анықталады. Baq.kz
09.08.2013 05:06 3772

14-16 тамызда «Көрме» көрме орталығында ЭКСПО -2017 эскиз-нобайларының таныстыруы өтеді. Бұл туралы astana.kz сайтына «Астана ЭКСПО-2017» ҰК баспасөз қызметінен хабарлаған.

ЭКСПО-2017 нышанына айналатын үздік эскиз идея мен нысанын анықтауға бағытталған Халықаралық сәулет байқауына қатысушылардың еңбектерімен танысқысы келетін кез-келген жан үшін көрме орталығының есігі ашық. Еске салайық, байқауға қатысуға әлемнің 20 елінен 50 сәулетші мен компания өз жұмыстарын ұсынып отыр. Атап айтқанда, Австрия, Австралия, Ұлыбритания, Германия, Испания, Италия, Канада, Қытай, АҚШ, Нидерланды, Корея, Ресей, Португалия, Норвегия, Түркия, Тунис, Жапония, Украина және Қазақстан елдерінен.
Экономикалық үрдісті зерттеу жөніндегі қор президенті, танымал экономист Джереми Рифкин бастаған техникалық кеңес екі апта бойы байқауға қатысушылардың туындыларын бағалайды. Сонымен қатар, Кеңес құрамына тұрақты даму және энергия тиімділігі саласындағы белгілі сәулетшілер мен мамандар енді. Байқау қорытындысы 1 қыркүйекте шығарылып, ЭКСПО-2017 көрме кешенінің негізі болатын эскиз-нобай анықталады.

Baq.kz

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға