Жаңалықтар

Оңтүстікте үшем дүниеге келді

Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданының орталық ауруханасында Айниса Үкібайқызы үшемді дүниеге әкелді. Айман, Шолпан және Айжан есімдері берілген нәрестелер уақытына жетпей туылған. Сондықтан олардың денсаулығын жіті қадағалау үшін жас ана сәбилерімен бірге облыстық №1 перинаталды орталыққа жеткізілген еді. Бұл туралы ОҚО әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарланды. «Жансақтау бөлімінде жеті күн қадағалауда жатқан сәбилердің жағдайы жақсарған соң олар жеке бөлімге ауыстырылды. Дәл қазір олардың жағдайы қалыпты, кеше үйлеріне шығарылды. Биылғы жылы облыста тұңғыш рет өмірге келген үшем балалар дәрігерінің жіті бақылауында болмақ. Айта кетейік, былтырғы жылы өңірде 211 егіз және үш үшем туса, осы жылдың жеті айындағы егіздер - 135. Ал, Айниса Үкібайқызы дүниеге әкелген үшем биылға бірінші рет тіркеліп отыр», - делінген баспасөз хабарламасында. ҚазАқпарат.
08.08.2013 08:10 3213

Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданының орталық ауруханасында Айниса Үкібайқызы үшемді дүниеге әкелді.

Айман, Шолпан және Айжан есімдері берілген нәрестелер уақытына жетпей туылған. Сондықтан олардың денсаулығын жіті қадағалау үшін жас ана сәбилерімен бірге облыстық №1 перинаталды орталыққа жеткізілген еді. Бұл туралы ОҚО әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарланды.

«Жансақтау бөлімінде жеті күн қадағалауда жатқан сәбилердің жағдайы жақсарған соң олар жеке бөлімге ауыстырылды. Дәл қазір олардың жағдайы қалыпты, кеше үйлеріне шығарылды. Биылғы жылы облыста тұңғыш рет өмірге келген үшем балалар дәрігерінің жіті бақылауында болмақ. Айта кетейік, былтырғы жылы өңірде 211 егіз және үш үшем туса, осы жылдың жеті айындағы егіздер - 135. Ал, Айниса Үкібайқызы дүниеге әкелген үшем биылға бірінші рет тіркеліп отыр», - делінген баспасөз хабарламасында.

ҚазАқпарат.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға