Қытайлықар Ресейге Сочи-2014 бейнелемесі бар 50 келі кәдесый алып өтпек болған
08.08.2013 08:04
2944
ҚХР азаматтары «Шереметьево» әуежайына Бейжің-Мәскеу рейсімен келген. Өздерімен бірге олардан алда келе жатқан Олимпиаданың белгісі бар үш мыңнан артық брелок шыққан. Қытай азаматтарының сөзіне қарағанда, олар бұл бұйымдарды Мәскеудегі базарлардың бірінде сатпақ болған. Олар брелоктардың бағасы 800 доллардан аспайтынын айтқан.
Жолаушылардың сувенир өнімдеріне деген құжаттары болмағандықтан кеденшілер тауардың құнын тексеруді жөн деп шешкен. Оның нәтижесі бойынша процесуалдық шешім шығарылады.
ҚазАқпарат.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Батыс Қазақстанда «Ақбидай» ойындары өтіп жатыр
Келесі жаңалық
Аcтанадағы LRT дeпocының құpылыcы баcталды