Сочи Олимпиадасының алауы 29 қыркүйек күні Олимп тауында жағылады
08.08.2013 05:10
3150
Чернышенконың мәліметтері бойынша, алау 6 қазан күні Мәскеуге жеткізіледі. Одан кейін Олимпиада ойындары тарихындағы ең ұзақ эстафета басталады. Ол 123 күнге жалғасады және 65 мың км, яғни шамамен 3 мың елді-мекенді басып өтеді. Эстафета барысында алау тіпті Солтүстік полюске жеткізіледі.
Сондай-ақ, Сочи Олимпиадасының ұйымдастыру комитеті Роскосмоспен алауды ғарышқа ұшыру туралы келісімге қол қойды. Ойындардың ашылу және жабылу салтанаттарына дайындық 1 қыркүйек күні басталады.
bnews.kz
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Елбасы Ораза айт мерекесімен құттықтады
Келесі жаңалық
Аcтанадағы LRT дeпocының құpылыcы баcталды