Жаңалықтар

Қазақстанда қымбат автокөліктерге қосымша салық салынуы мүмкін

«Казпотребнадзор» 70 мың доллардан қымбатқа сатып алынған автакөлік иелеріне көлік құнының жиырма пайызын бір реттік салық ретінде төлетпекші. Олардың айтуынша, егер үкімет осы ұсынысты қабылдап, заң жүзінде енгізетін болса бюджет түсімі айтарлықтай жоғарылайтын болады. Бұл туралы Казпотребнадзор»қоғамдық ұйымы өздерінің nadzor.kz сайтында жариялаған.  Сонымен қатар, ұйым көлік иелерінен жанармай құнына қосымша салық алыну керек дейді. Көлік салығының бұл түрі жанармай шығынын азайту үшін автакөлік иелерін темір тұлпарларын күтіп ұстауға итермелейді. Оның үстіне айына бір рет такси шақыртатын зейнеткер мен көлік иесі бірдей салық төлеуі әділетсіздік, дейді олар.  Естеріңізге сала кетейік, салық төлеу бойынша кейбір заң актілеріне өзгертулер енгізілген болатын. Осыған орай, қозғалтқыш көлемі 3500-ден жоғары 4000-ға дейінгі текше см құрайтын автокөлік иесі осыған дейін бюджетке 26 мың теңге салық төлесе, ендігі кезекте ол 114 мың 250 теңгеге қалтасын қағуы тиіс.  «Казпотребнадзор» бұл өзгертулерді қымбат автокөліктерге салынатын салық ретінде қарастыра алмаймыз, деп алған беттерінен қайтпай отыр.   Baq.kz
07.08.2013 09:33 3079

«Казпотребнадзор» 70 мың доллардан қымбатқа сатып алынған автакөлік иелеріне көлік құнының жиырма пайызын бір реттік салық ретінде төлетпекші. Олардың айтуынша, егер үкімет осы ұсынысты қабылдап, заң жүзінде енгізетін болса бюджет түсімі айтарлықтай жоғарылайтын болады. Бұл туралы Казпотребнадзор»қоғамдық ұйымы өздерінің nadzor.kz сайтында жариялаған. 

Сонымен қатар, ұйым көлік иелерінен жанармай құнына қосымша салық алыну керек дейді. Көлік салығының бұл түрі жанармай шығынын азайту үшін автакөлік иелерін темір тұлпарларын күтіп ұстауға итермелейді. Оның үстіне айына бір рет такси шақыртатын зейнеткер мен көлік иесі бірдей салық төлеуі әділетсіздік, дейді олар. 
Естеріңізге сала кетейік, салық төлеу бойынша кейбір заң актілеріне өзгертулер енгізілген болатын. Осыған орай, қозғалтқыш көлемі 3500-ден жоғары 4000-ға дейінгі текше см құрайтын автокөлік иесі осыған дейін бюджетке 26 мың теңге салық төлесе, ендігі кезекте ол 114 мың 250 теңгеге қалтасын қағуы тиіс. 
«Казпотребнадзор» бұл өзгертулерді қымбат автокөліктерге салынатын салық ретінде қарастыра алмаймыз, деп алған беттерінен қайтпай отыр.  

Baq.kz

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға