Жаңалықтар

Желтоқсан оқиғасы – 1990-жылдар басылымдарындағы басты тақырыптың бірі болды

Желтоқсан оқиғасының 5 жылдығына орай «Қазақ әдебиеті»  газетінде Мұхтар Шахановтың «Ақиқат үшін айтқан едім» деген қысқа да тұжырымды толғанысының да маңызы зор. Онда: «Қазақ халқы өзінің ұлттық намысын, бостандығын қорғау жолында аса елеулі үш оқиғаны басынан өткізді. Оның біріншісі: ХІІІ ғасырдағы Шыңғысхан түмендеріне тойтарыс берген Отырар қаһармандығы. Рас, бұл шайқаста Шыңғыс хан әскерлері жеңді. Отырарды қорғаған жанкешті батырлар өздері түгел опат болғанымен, ұлтымыздың қайсар рухын күллі әлемге әйгілеп кетті. Екіншісі: ХУІІІ ғасырдың орта шеніндегі жоңғар шапқыншылығына қарсы ұлы жойқын күресеміз. Үшіншісі: Бүгінгі дәуірдегі биік белесіміз, өршіл, қайсар мінезімен өзіне жалпақ әлемнің назарын бұрған 1986 жылғы Алматыдағы желтоқсан оқиғасы. Халқымыздың асқақ рухы бұл жолы жас қауымның бұлқынысы, тәуелсіздікті аңсаған талабы арқылы көрініс тапты. Қайта құру кезеңі тұсында бұрқ еткен бұл ашу-ыза жарылысы бүкіл Кеңестер Одағындағы демократиялық қозғалыстың көшбасшысы болды», - деп көрсетілді. Сөйтіп, тарихи шындық публицистикалық стильде қалпына келтірілді. Желтоқсан оқиғасы – 1990-жылдар басылымдарындағы басты тақырыптың бірі болды. Мәселен, журналист Коммунар Табей «Желтоқсан жаңғырықтары» атты тұтас кітап жазып шығарды. Ол кітаптың нақты дерек, сот шешімі, қаулылар, құқық органдары қызметкерлерінің пікірлері, оқиғаға қатысушы жастар туралы құжаттар, арнайы комиссияның материалдары пайдаланылған алғашқы үзінділер «Қазақ әдебиеті» газеті бетінде жарияланды. «Ойтүрткі» айдарымен басылған жазушы-драматург Сұлтанәлі Балғабаевтың «Қызал кітапқа кіретін халық» атты мақаласында ұлттық тіл, мәдениет, ұлттық сана-сезімдерді сақтап қалу керектігіне қоғам назары аударылды. Әсіресе «Ассимиляция дейтін апат бар» атты тақырып бойынша қамтылған мәселелердің бүгінгі таңда да маңызы зор екендігін айтуымыз керек. Демограф-ғалым Мақаш Тәтімовтің «Қазақтың тайпалық құрамы мен саны және орналасуы» атты мақаласы ұлттық демографиялық саясаттың публицистикадағы көрінісі деуге негіз бар. Автор өзінің баспасөз бетіндегі мақалалар шоғырында Қазақстанның тәуелсіз мемлекет болуы үшін онда тұратын ұлттар мен ұлыстар арасындағы сандық көрсеткіштің де үлкен рөлі бар екендігін, қазақ санын көбейтудің, оның республика тұрғындары арасындағы үлес салмағының басым болуы керектігін, демографиялық дағдарыстан шығудың жолдарын нақты деректерді қолдана отырып көрсетеді.
28.07.2013 16:24 7784

Желтоқсан оқиғасының 5 жылдығына орай «Қазақ әдебиеті»  газетінде Мұхтар Шахановтың «Ақиқат үшін айтқан едім» деген қысқа да тұжырымды толғанысының да маңызы зор. Онда: «Қазақ халқы өзінің ұлттық намысын, бостандығын қорғау жолында аса елеулі үш оқиғаны басынан өткізді. Оның біріншісі: ХІІІ ғасырдағы Шыңғысхан түмендеріне тойтарыс берген Отырар қаһармандығы. Рас, бұл шайқаста Шыңғыс хан әскерлері жеңді. Отырарды қорғаған жанкешті батырлар өздері түгел опат болғанымен, ұлтымыздың қайсар рухын күллі әлемге әйгілеп кетті.

Екіншісі: ХУІІІ ғасырдың орта шеніндегі жоңғар шапқыншылығына қарсы ұлы жойқын күресеміз.

Үшіншісі: Бүгінгі дәуірдегі биік белесіміз, өршіл, қайсар мінезімен өзіне жалпақ әлемнің назарын бұрған 1986 жылғы Алматыдағы желтоқсан оқиғасы. Халқымыздың асқақ рухы бұл жолы жас қауымның бұлқынысы, тәуелсіздікті аңсаған талабы арқылы көрініс тапты. Қайта құру кезеңі тұсында бұрқ еткен бұл ашу-ыза жарылысы бүкіл Кеңестер Одағындағы демократиялық қозғалыстың көшбасшысы болды», - деп көрсетілді. Сөйтіп, тарихи шындық публицистикалық стильде қалпына келтірілді.

Желтоқсан оқиғасы – 1990-жылдар басылымдарындағы басты тақырыптың бірі болды. Мәселен, журналист Коммунар Табей «Желтоқсан жаңғырықтары» атты тұтас кітап жазып шығарды. Ол кітаптың нақты дерек, сот шешімі, қаулылар, құқық органдары қызметкерлерінің пікірлері, оқиғаға қатысушы жастар туралы құжаттар, арнайы комиссияның материалдары пайдаланылған алғашқы үзінділер «Қазақ әдебиеті» газеті бетінде жарияланды.

«Ойтүрткі» айдарымен басылған жазушы-драматург Сұлтанәлі Балғабаевтың «Қызал кітапқа кіретін халық» атты мақаласында ұлттық тіл, мәдениет, ұлттық сана-сезімдерді сақтап қалу керектігіне қоғам назары аударылды. Әсіресе «Ассимиляция дейтін апат бар» атты тақырып бойынша қамтылған мәселелердің бүгінгі таңда да маңызы зор екендігін айтуымыз керек.

Демограф-ғалым Мақаш Тәтімовтің «Қазақтың тайпалық құрамы мен саны және орналасуы» атты мақаласы ұлттық демографиялық саясаттың публицистикадағы көрінісі деуге негіз бар. Автор өзінің баспасөз бетіндегі мақалалар шоғырында Қазақстанның тәуелсіз мемлекет болуы үшін онда тұратын ұлттар мен ұлыстар арасындағы сандық көрсеткіштің де үлкен рөлі бар екендігін, қазақ санын көбейтудің, оның республика тұрғындары арасындағы үлес салмағының басым болуы керектігін, демографиялық дағдарыстан шығудың жолдарын нақты деректерді қолдана отырып көрсетеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға