Сыра адамның миын ірітеді
Испаниялық Сантьяго-де-Компостела университетінің мамандары анықтағандай, ми қызметін әлсірету үшін аптасына үш саптыаяқ сыра немесе үш бокал шарап жетіп жатыр. Бұл жайында GlobalScience хабар таратты.
Зерттеушілер студенттердің екі тобына тәжірибе жүргізген көрінеді: бір тобы бірнеше күн қатарынан ішімдік ішкен, ал келесі топ ішімдіктен мүлдем татып алмаған екен. Нәтижесінде ішімдікке әуес адам миының белсенділігі 20 микровольтты салмақты құраған. Ал ішімдікті сирек тұтынатындардың миының белсенділігі 18 микровольттан аспайтын көрінеді. Бірнеше жыл қатарынан арақ-шараптан аузы құрғамағандарға қатысты бұл көрсеткіштің мәні 22 микровольтқа тең болған.
Бұдан шығатын қорытынды сол: ұдайы ішімдік ішкен адамның миы тез тозады. Әрі жүйке жүйесі зақымданады.
ҚазАқпарат.