Кашмирлік 141 жастағы қария әлемнің ең қарт тұрғыны аталуы мүмкін
23.07.2013 03:33
3095
ANI агенттігінің хабарлауына қарағанда, Кашмирдің солтүстігінде орын тепкен Ури ауданындағы таулы өңірде өмір сүретін Фироз уд-Лин Мир қолындағы құжаты бойынша 1872 жылдың 10 наурызында дүниеге келген. Ендеше биыл оның жасы 141-ге толды. Төрт рет үйленіп, жар қызығын армансыз көрген оның қазіргі әйелі өзінен 60 жас кіші екенін айта кету керек.
«Фироз уд-Лин Мир әлемнің ең қарт тұрғыны ретінде белгілі жапон қариясы Мисао Окавадан 27 жас үлкен. Жеміс-жидек пен жаңғақ сатуды кәсіп еткен қария әлі де тың», - деп жазады muslim.kz.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Астана халқы бес айда 12 мың адамға артты
Келесі жаңалық
Абай облысындағы шалғай ауылдар интернет желісіне қосылады