Жаңалықтар

Астана халқы бес айда 12 мың адамға артты

Астана қаласының халқының саны 2013 жылы 1 маусым жағдайында 790 238 адамды, соның ішінде, Алматы ауданы бойынша - 364 790 (46,2%), Есіл ауданында - 106 854 (13,5%), Сарыарқа ауданында - 318 594 (40,3%) адамды құрады. Бұл туралы astana.kz сайтына Статистика департаментінен хабарлады. «2013 жылдың басымен салыстырғанда Астана қаласындағы халықтың жалпы саны 12 040 адамға, соның ішінде Алматы ауданы бойынша - 1108, Есіл ауданында - 4117, Сарыарқа ауданында - 6815 адамға өскен»,- делінген ведомство ақпаратында. 2013 жылдың қаңтар-мамыр айларында халықтың табиғи өсімі 7240 адамды,  көші-қон өсімі 4 800 адамды құрады. Департаменттің мәліметтеріне сәйкес, алғашқы бес айдың ішінде Астана қаласы бойынша 8733 сәби дүниеге келген, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 13,3% артық. Сонымен қатар, өткен жылдың қаңтар-мамыр айларымен салыстырғанда халықтың табиғи өсімі 17,1% артты. Осы кезеңде қалада 1493 адам көз жұмды, бұл 2012 жылғы қаңтар-мамыр айларындағыдан 1,9% төмен. Бұдан бөлек, 2013 жылдың қаңтар-мамыр айларында АХАТ органдарында тіркелген некелесулер саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7,8%-ға, ажырасулар саны 12,4%-ға артқан. ҚазАқпарат.
23.07.2013 03:31 3239

Астана қаласының халқының саны 2013 жылы 1 маусым жағдайында 790 238 адамды, соның ішінде, Алматы ауданы бойынша - 364 790 (46,2%), Есіл ауданында - 106 854 (13,5%), Сарыарқа ауданында - 318 594 (40,3%) адамды құрады. Бұл туралы astana.kz сайтына Статистика департаментінен хабарлады.

«2013 жылдың басымен салыстырғанда Астана қаласындағы халықтың жалпы саны 12 040 адамға, соның ішінде Алматы ауданы бойынша - 1108, Есіл ауданында - 4117, Сарыарқа ауданында - 6815 адамға өскен»,- делінген ведомство ақпаратында.

2013 жылдың қаңтар-мамыр айларында халықтың табиғи өсімі 7240 адамды,  көші-қон өсімі 4 800 адамды құрады.

Департаменттің мәліметтеріне сәйкес, алғашқы бес айдың ішінде Астана қаласы бойынша 8733 сәби дүниеге келген, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 13,3% артық.

Сонымен қатар, өткен жылдың қаңтар-мамыр айларымен салыстырғанда халықтың табиғи өсімі 17,1% артты.

Осы кезеңде қалада 1493 адам көз жұмды, бұл 2012 жылғы қаңтар-мамыр айларындағыдан 1,9% төмен.

Бұдан бөлек, 2013 жылдың қаңтар-мамыр айларында АХАТ органдарында тіркелген некелесулер саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7,8%-ға, ажырасулар саны 12,4%-ға артқан.

ҚазАқпарат.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға