Жаңалықтар

Көрнекті ақынның шебер аудармасы

Сонымен бірге жоғарыда аталған мақаласында көрнекті ақынның шебер аудармасына, оның түпнұсқаның мазмұнын дәл бере білуге деген ұмтылыс жолында таңдаған аудару тәсіліне ризашылығын білдіре келіп, жазушы бұл әдістің қазақтың жас мәдениетінің бүгінгі күйін алғанда негізгі – тарихи зор мәні бар дұрыс әдіс екенін, көркемөнер мен әдебиеттің дүниелік ірі белгілерін алғанда, өз оқушымыздың әзірлігі аз боп тұрған күйіне қарай бейімдеп, жонып-мінеп, кішірейтіп, әлсіретіп алмауымыз керектігін, қайта, сол оқушымыздың өзін көтеріп, өсіріп, анау мұраны барлық ұлы тұлғасымен тұтас түсінетін сатыға апаруымыз қажеттігін, олай болса, Пушкин де қазақ әдебиетіне дәл Пушкин қалпымен өңін өзгертпей кіруі тиістігін, өзіне біткен ерекшелігімен, бұл күнге шейін қазақ оқушысы көрмеген тереңдігін толық көрсетіп, жаңа серпіні зор мол бір арнадай боп, өз түрін, өз стилін ала кіруі қажеттігін... Ілиястың ұстаған жолының шексіз дұрыс жол екендігін, ендігі міндеті, осы сияқты мәдениетті әдісін шынымен аяқтап шығу үшін әлі де осы бетінен тереңдетіп, толықтыра түсуі керектігін қадап айтады (Сонда, 61, 67-беттер). Аударма өнері жөнінде әр кездері түрлі құнды пікірлер білдірумен бірге М. Әуезовтің өзі де шебер аудармашы ретінде танылған, өзге ел жазушыларының ондаған шығармаларын қазақша сөйлеткен. Мұны ұлы қаламгердің аударма жөнінде әр кезеңде пікірлер айта жүріп, көркем шығармалар аударуға өзінің де үлес қосып отыруынан байқауға болады. Мысалы, М. Әуезов орыс жазушылары Н.В.Гогольдің «Ревизор», К.Треневтің «Любовь Яровая», Н. Погодиннің «Ақсүйектер», А.Афиногеновтың «Қорқыныш», ағылшын драматургы Уильям Шекспирдің «Отелло», «Асауға тұсау» тәрізді пьесаларын қазақша сөйлеткен. Сондай-ақ Н. Тургеневтің «Дворян ұясы» романын, Л. Толстойдың «Той тарқар», «Будда», «Булька» деген әңгімелерін, А. Чеховтың «Аққасқа» әңгімесін, Дж.Лондонның «Қасқыр» атты әңгімесін, Ю. Вагнердің «Жердің жаратылысы жайындағы әңгімелерін» қазақ тіліне аударған. Бұл аудармалардың қай-қайсысын алсаңыз да олардың тілі жатық, қазақ оқырманының жанына жақын, оқуға жеңіл, ұғынықты болып келуінің себебін жазушының аударма ісіне аса жауаптылықпен қарап, түпнұсқаның негізгі желісінің толық сақталуына, сонымен бірге шығарма аудармасының төл туындыдай оқылуына айрықша мән беретінінен іздеген жөн. Бұл жөнінде жазушы «Дворян ұясы» романының аудармасы туралы» деген мақаласында былай деп жазады: «...Тургеневті өз қалпында дәл беру арқылы сол шебердің анық, нақтылы өзгешеліктерінің бәрімен өзіміздің оқушы жұртшылығымызды дәл таныстыруға тырысамын. Сөйлемін дәл беру жазушының стилін дәл беруге төтелей себепші болады. Стилін білсе сол жазушының өзгешелік, ерекшелік қасиеттерін де толық танитын болады. ...Осылай жасалған тәжірибе оқушыға қонымды, көркем болып шыға алса, біз әуелі орыс классигін өз қалпын бұлжытпай, толық берген боламыз. Өзіміздің тіл мәдениетімізді орыс әдебиетінің жоғары сапа – тіл, сөйлем жасау мәдениетінің үлгісімен байыта түскен боламыз...» (М. Әуезов. Жиырма томдық шығармалар жинағы. 14-том, 296-бет).      Бұдан ұлы жазушының өзге елдер мәдениетінің, әдебиетінің қазақ ұлтының мәдениетін, әдебиетін байытуға қосар үлесін көрегендікпен бағамдап, оған белгілі бір дәрежеде шын жанашыр ниетпен бағыт-бағдар беріп отырғаны айқын аңғарылады. Орынбек Жолдыбай
23.07.2013 03:28 12007

Сонымен бірге жоғарыда аталған мақаласында көрнекті ақынның шебер аудармасына, оның түпнұсқаның мазмұнын дәл бере білуге деген ұмтылыс жолында таңдаған аудару тәсіліне ризашылығын білдіре келіп, жазушы бұл әдістің қазақтың жас мәдениетінің бүгінгі күйін алғанда негізгі – тарихи зор мәні бар дұрыс әдіс екенін, көркемөнер мен әдебиеттің дүниелік ірі белгілерін алғанда, өз оқушымыздың әзірлігі аз боп тұрған күйіне қарай бейімдеп, жонып-мінеп, кішірейтіп, әлсіретіп алмауымыз керектігін, қайта, сол оқушымыздың өзін көтеріп, өсіріп, анау мұраны барлық ұлы тұлғасымен тұтас түсінетін сатыға апаруымыз қажеттігін, олай болса, Пушкин де қазақ әдебиетіне дәл Пушкин қалпымен өңін өзгертпей кіруі тиістігін, өзіне біткен ерекшелігімен, бұл күнге шейін қазақ оқушысы көрмеген тереңдігін толық көрсетіп, жаңа серпіні зор мол бір арнадай боп, өз түрін, өз стилін ала кіруі қажеттігін... Ілиястың ұстаған жолының шексіз дұрыс жол екендігін, ендігі міндеті, осы сияқты мәдениетті әдісін шынымен аяқтап шығу үшін әлі де осы бетінен тереңдетіп, толықтыра түсуі керектігін қадап айтады (Сонда, 61, 67-беттер).

Аударма өнері жөнінде әр кездері түрлі құнды пікірлер білдірумен бірге М. Әуезовтің өзі де шебер аудармашы ретінде танылған, өзге ел жазушыларының ондаған шығармаларын қазақша сөйлеткен. Мұны ұлы қаламгердің аударма жөнінде әр кезеңде пікірлер айта жүріп, көркем шығармалар аударуға өзінің де үлес қосып отыруынан байқауға болады. Мысалы, М. Әуезов орыс жазушылары Н.В.Гогольдің «Ревизор», К.Треневтің «Любовь Яровая», Н. Погодиннің «Ақсүйектер», А.Афиногеновтың «Қорқыныш», ағылшын драматургы Уильям Шекспирдің «Отелло», «Асауға тұсау» тәрізді пьесаларын қазақша сөйлеткен. Сондай-ақ Н. Тургеневтің «Дворян ұясы» романын, Л. Толстойдың «Той тарқар», «Будда», «Булька» деген әңгімелерін, А. Чеховтың «Аққасқа» әңгімесін, Дж.Лондонның «Қасқыр» атты әңгімесін, Ю. Вагнердің «Жердің жаратылысы жайындағы әңгімелерін» қазақ тіліне аударған.

Бұл аудармалардың қай-қайсысын алсаңыз да олардың тілі жатық, қазақ оқырманының жанына жақын, оқуға жеңіл, ұғынықты болып келуінің себебін жазушының аударма ісіне аса жауаптылықпен қарап, түпнұсқаның негізгі желісінің толық сақталуына, сонымен бірге шығарма аудармасының төл туындыдай оқылуына айрықша мән беретінінен іздеген жөн. Бұл жөнінде жазушы «Дворян ұясы» романының аудармасы туралы» деген мақаласында былай деп жазады: «...Тургеневті өз қалпында дәл беру арқылы сол шебердің анық, нақтылы өзгешеліктерінің бәрімен өзіміздің оқушы жұртшылығымызды дәл таныстыруға тырысамын. Сөйлемін дәл беру жазушының стилін дәл беруге төтелей себепші болады. Стилін білсе сол жазушының өзгешелік, ерекшелік қасиеттерін де толық танитын болады. ...Осылай жасалған тәжірибе оқушыға қонымды, көркем болып шыға алса, біз әуелі орыс классигін өз қалпын бұлжытпай, толық берген боламыз. Өзіміздің тіл мәдениетімізді орыс әдебиетінің жоғары сапа – тіл, сөйлем жасау мәдениетінің үлгісімен байыта түскен боламыз...» (М. Әуезов. Жиырма томдық шығармалар жинағы. 14-том, 296-бет).     

Бұдан ұлы жазушының өзге елдер мәдениетінің, әдебиетінің қазақ ұлтының мәдениетін, әдебиетін байытуға қосар үлесін көрегендікпен бағамдап, оған белгілі бір дәрежеде шын жанашыр ниетпен бағыт-бағдар беріп отырғаны айқын аңғарылады.

Орынбек Жолдыбай

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға