Жаңалықтар

Ұлы ақын әсіресе Лермонтов лирикасына қатты ден қойған

Сол кездегі қазақ қауымының түсінігіне, қабылдап, ұғуына, яғни халықтың төл туындысындай болуына лайықтап Пушкиннің «Евгений Онегин» романынан шебер аудармалар жасаған. Роман кейіпкері Татьянаның Онегинге жазған хаттарын қазақтың төл туындысындай дәрежеде жеткізе білумен қатар, осы сөзге арнап ән де жазған. «Татьянаның әні» деген атпен белгілі бұл шығарма ел арасында күні бүгінге дейін айтылады. Ұлы ақын әсіресе Лермонтов лирикасына қатты ден қойған. Лермонтовтың «Теректің сыйы», «Қарасам қайғырар жұрт», «Қанжар», «Тұтқындағы батыр», «Жолға шықтым», «Жалғыз жалау», «Жартас», «Туға», «Сал демеймін сөзіме ықыласыңды», «Менің сырым жігіттер», «Бородино», «Босқа әуре боп» тағы басқа өлеңдерін аударуда нағыз шеберлік шыңына жеткен. Бұл жөнінде М. Әуезов былай деп жазады: «Абайдың осы Лермонтовтан аударған өлеңдері қазақ әдебетінде, әлі күнге ешбір аударушының жете алмаған биік тұрғысында тұр. Қазақтың әдебиет тілі пісіп толмаған кезінде майданға шығып, орыс әдебиетінің ең шебер нұсқасы Лермонтов жырын, өз күшіндей, өз толғауындай етіп жеткізу Абайдың ерекше шеберлігі үшін үлкен дәлел» (М. Әуезов. Жиырма томдық шығармалар жинағы. 18-том, 21-бет). Бұдан біз Абайдың ұлт шеңберінде қалмай, дүниежүзілік мәдениетке құлай сермеген биік өресін көреміз. М. Әуезов атап көрсеткендей, жалғыз өз ұлтының тар көлемінде қалса, ол мәдениет, әдебиетінің тағдыры мың жыл бойы бір қалпында тұрып қалған ескі қытай мәдениетінің тағдырындай болар еді. Абайдың өз тұсында, орыстың классик әдебиетін мектеп тұтып бағалауы, сол арқылы нәр, қазына табуы... бүкіл дүниелік қорға тезірек ұмтылып, көңілдегідей меңгеріп алуымызға жәрдемші болады. Қазақ әдебиетінде, Абайдан бұрынғы халді алып, содан Абай шығармасына келгенде, бұрын сезіп, естіп көрмеген, бір жаңаша, өзгеше желдің ескенін сезесің, сол жел Абай арқылы батыстан, орыс классик әдебиетінің мәдениетті қорынан есіп тұрған жел болады. Өзі қоғам тілегін қорытушы, әрі ұстаз, әрі басшы өнердің игі лебі болады. Міне, Абай бағалы болғанда осындай үлгілі, мәдениетті ақын болуымен бағалы (Сонда, 23-24-беттер).   Аударма саласында Абай, Шәкәрім, Ыбырай бастаған игі дәстүрді қазақ ақын-жазушылары өткен ғасырда одан әрі тереңдетіп, жалғастыра түскенін айта келіп, М. Әуезов «Пушкинді қазақшаға аудару тәжірибелері туралы» деген мақаласында қазақ ақындарының әсіресе орыстың ұлы ақыны Пушкин шығармаларын аударуға көбірек әрі жемісті талпыныс жасағанын, бұл орайда Ілияс Жансүгіров, Тайыр Жароков, Ғали Орманов аудармаларының сәтті тұстары баршылық екенін атап көрсетеді.
23.07.2013 03:24 7509

Сол кездегі қазақ қауымының түсінігіне, қабылдап, ұғуына, яғни халықтың төл туындысындай болуына лайықтап Пушкиннің «Евгений Онегин» романынан шебер аудармалар жасаған. Роман кейіпкері Татьянаның Онегинге жазған хаттарын қазақтың төл туындысындай дәрежеде жеткізе білумен қатар, осы сөзге арнап ән де жазған. «Татьянаның әні» деген атпен белгілі бұл шығарма ел арасында күні бүгінге дейін айтылады.

Ұлы ақын әсіресе Лермонтов лирикасына қатты ден қойған. Лермонтовтың «Теректің сыйы», «Қарасам қайғырар жұрт», «Қанжар», «Тұтқындағы батыр», «Жолға шықтым», «Жалғыз жалау», «Жартас», «Туға», «Сал демеймін сөзіме ықыласыңды», «Менің сырым жігіттер», «Бородино», «Босқа әуре боп» тағы басқа өлеңдерін аударуда нағыз шеберлік шыңына жеткен. Бұл жөнінде М. Әуезов былай деп жазады: «Абайдың осы Лермонтовтан аударған өлеңдері қазақ әдебетінде, әлі күнге ешбір аударушының жете алмаған биік тұрғысында тұр. Қазақтың әдебиет тілі пісіп толмаған кезінде майданға шығып, орыс әдебиетінің ең шебер нұсқасы Лермонтов жырын, өз күшіндей, өз толғауындай етіп жеткізу Абайдың ерекше шеберлігі үшін үлкен дәлел» (М. Әуезов. Жиырма томдық шығармалар жинағы. 18-том, 21-бет).

Бұдан біз Абайдың ұлт шеңберінде қалмай, дүниежүзілік мәдениетке құлай сермеген биік өресін көреміз. М. Әуезов атап көрсеткендей, жалғыз өз ұлтының тар көлемінде қалса, ол мәдениет, әдебиетінің тағдыры мың жыл бойы бір қалпында тұрып қалған ескі қытай мәдениетінің тағдырындай болар еді. Абайдың өз тұсында, орыстың классик әдебиетін мектеп тұтып бағалауы, сол арқылы нәр, қазына табуы... бүкіл дүниелік қорға тезірек ұмтылып, көңілдегідей меңгеріп алуымызға жәрдемші болады. Қазақ әдебиетінде, Абайдан бұрынғы халді алып, содан Абай шығармасына келгенде, бұрын сезіп, естіп көрмеген, бір жаңаша, өзгеше желдің ескенін сезесің, сол жел Абай арқылы батыстан, орыс классик әдебиетінің мәдениетті қорынан есіп тұрған жел болады. Өзі қоғам тілегін қорытушы, әрі ұстаз, әрі басшы өнердің игі лебі болады. Міне, Абай бағалы болғанда осындай үлгілі, мәдениетті ақын болуымен бағалы (Сонда, 23-24-беттер).  

Аударма саласында Абай, Шәкәрім, Ыбырай бастаған игі дәстүрді қазақ ақын-жазушылары өткен ғасырда одан әрі тереңдетіп, жалғастыра түскенін айта келіп, М. Әуезов «Пушкинді қазақшаға аудару тәжірибелері туралы» деген мақаласында қазақ ақындарының әсіресе орыстың ұлы ақыны Пушкин шығармаларын аударуға көбірек әрі жемісті талпыныс жасағанын, бұл орайда Ілияс Жансүгіров, Тайыр Жароков, Ғали Орманов аудармаларының сәтті тұстары баршылық екенін атап көрсетеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға