Жаңалықтар

Ана тілінің үлкен жанашыры ретінде М. Әуезов көркем аударма арқылы ұлт тілінің байып, дами түсетінін

Бұл жаңалықтарды шын өнегелі түрде кәдеге жарата білсе, онда бұл өркендеп келе жатқан жаңа ұлттық формаға қосылған ізгі, соны игілік болар еді. Біздің теорияшыларымыз ұлттық форма жайында міне осыларды ескергені мақұл». (М. Әуезов. Жиырма томдық шығармалар жинағы. 14-том, 300-бет). Сол кезеңде жүргізілген саясаттың зәрінен сескеніп, тұспалдап ғана айтылған осы сөздерден автордың аудармада болсын, әдебиеттің басқа саласында болсын ұлттық түр мен форманың сақталуын бар жан-жүрегімен қалайтыны айқын аңғарылады. Ана тілінің үлкен жанашыры ретінде М. Әуезов көркем аударма арқылы ұлт тілінің байып, дами түсетінін жақсы түсінді. Сонымен бірге ол сөз қолдану мәселесіне аса сақтықпен қарап, жаңа немесе байырғы сөздерді қолданған кезде оларды ой елегінен өткізіп, екшеп отыруды, сөз жасауға әрдайым ғылыми тұрғыдан қарауды талап етті. «Ғылыми терминдік сөздерді қабылдаумен қабат, ұлт тілінің мүмкіндіктерін байыту жолында үлкен жұмыс жүргізілуде. – деп жазады автор жоғарыда аталған еңбегінде, – Бұл талап жаңадан сөз байланыстарын жасау, бар сөздер мен ұғымдардың мағыналарын тереңдету, жаңарту, жеке сөздердің ұғымдық ауқымын кеңейту, ұлт тілдерінің сөз негіздерін пайдалана отырып, жаңадан сөз тұлғасын жасау секілді шаралар арқылы жүзеге асырылмақ» (Сонда, 306-бет). М. Әуезов көркем әдебиетті аудару мәселелері төңірегінде құнды пікірлер айтумен қатар, қазақ тіліне басқа тілдерден аударылған шығармаларды ұдайы назарда ұстап, оларға ғылыми талдау жасап отырған. Бұл орайда өзінің сүйікті кейіпкері Абай аудармаларына айрықша көңіл бөлді. Абай аударған Пушкин, Лермонтов, Крылов өлеңдеріне терең үңіліп, оларды түпнұсқамен салыстыра отырып, Абай шеберлігінің қырларын жарқырата ашады. М. Әуезов өзінің «Орыс классиктері мен Абай» атты көлемді мақаласында батыс, орыс ақын-жазушыларының, ғалымдарының шығармаларымен танысу арқылы ұлы ақынның мәдени өресінің қаншалықты биіктей түскенін талдап, таразылай отырып әңгімелейді. Мәселен Абай Батыс Европаның Гете, Шекспир, Шиллер, Гейне, Байрон, Бальзак, Беранже тәрізді ақын-жазушыларының, Спенсер, Спиноза, Декарт тәрізді философтарының еңбектерімен ыждаһаттана, шын ықласпен танысқан. Александр Дюма романдарын оқыған. Сол романдардың желісімен оқиғасы тартымды сюжеттерге әңгіме құрып, ел арасына таратқан. Орыс жазушыларынан Чернышевский, Добролюбов, Писарев, Некрасов, Салтыков-Щедрин туындыларына ден қойған.
23.07.2013 03:23 5028

Бұл жаңалықтарды шын өнегелі түрде кәдеге жарата білсе, онда бұл өркендеп келе жатқан жаңа ұлттық формаға қосылған ізгі, соны игілік болар еді. Біздің теорияшыларымыз ұлттық форма жайында міне осыларды ескергені мақұл». (М. Әуезов. Жиырма томдық шығармалар жинағы. 14-том, 300-бет). Сол кезеңде жүргізілген саясаттың зәрінен сескеніп, тұспалдап ғана айтылған осы сөздерден автордың аудармада болсын, әдебиеттің басқа саласында болсын ұлттық түр мен форманың сақталуын бар жан-жүрегімен қалайтыны айқын аңғарылады.

Ана тілінің үлкен жанашыры ретінде М. Әуезов көркем аударма арқылы ұлт тілінің байып, дами түсетінін жақсы түсінді. Сонымен бірге ол сөз қолдану мәселесіне аса сақтықпен қарап, жаңа немесе байырғы сөздерді қолданған кезде оларды ой елегінен өткізіп, екшеп отыруды, сөз жасауға әрдайым ғылыми тұрғыдан қарауды талап етті. «Ғылыми терминдік сөздерді қабылдаумен қабат, ұлт тілінің мүмкіндіктерін байыту жолында үлкен жұмыс жүргізілуде. – деп жазады автор жоғарыда аталған еңбегінде, – Бұл талап жаңадан сөз байланыстарын жасау, бар сөздер мен ұғымдардың мағыналарын тереңдету, жаңарту, жеке сөздердің ұғымдық ауқымын кеңейту, ұлт тілдерінің сөз негіздерін пайдалана отырып, жаңадан сөз тұлғасын жасау секілді шаралар арқылы жүзеге асырылмақ» (Сонда, 306-бет).

М. Әуезов көркем әдебиетті аудару мәселелері төңірегінде құнды пікірлер айтумен қатар, қазақ тіліне басқа тілдерден аударылған шығармаларды ұдайы назарда ұстап, оларға ғылыми талдау жасап отырған. Бұл орайда өзінің сүйікті кейіпкері Абай аудармаларына айрықша көңіл бөлді. Абай аударған Пушкин, Лермонтов, Крылов өлеңдеріне терең үңіліп, оларды түпнұсқамен салыстыра отырып, Абай шеберлігінің қырларын жарқырата ашады.

М. Әуезов өзінің «Орыс классиктері мен Абай» атты көлемді мақаласында батыс, орыс ақын-жазушыларының, ғалымдарының шығармаларымен танысу арқылы ұлы ақынның мәдени өресінің қаншалықты биіктей түскенін талдап, таразылай отырып әңгімелейді. Мәселен Абай Батыс Европаның Гете, Шекспир, Шиллер, Гейне, Байрон, Бальзак, Беранже тәрізді ақын-жазушыларының, Спенсер, Спиноза, Декарт тәрізді философтарының еңбектерімен ыждаһаттана, шын ықласпен танысқан. Александр Дюма романдарын оқыған. Сол романдардың желісімен оқиғасы тартымды сюжеттерге әңгіме құрып, ел арасына таратқан. Орыс жазушыларынан Чернышевский, Добролюбов, Писарев, Некрасов, Салтыков-Щедрин туындыларына ден қойған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға