Жаңалықтар

Өмірді ұзартудың бірден-бір кепілі – дұрыс тамақтану

Сонымен, егер организмді өмірлік қажетті заттармен қамтамасыз етер болсақ, доктор Кристоферсон айтқандай, адам 300, 400, тіпті 1000 жыл өмір сүре алады. Кейбір диетологтар ұтымды тамақтану есебінен ғана өмірді 150-200 жылға ұзартуға болады деп есептейді. Ал оның мәні күнделікті қолданылып жүрген тағамда организмге қажетті заттың бәрі болуға тиіс деген сөз. Егер күнделікті қолданылып жүрген азық-түлікте сіңімділігі жағынан құнды тағамдар жеткіліксіз болса, мұның өзі адамның денсаулығына, көңіл-күйіне кері әсерін тигізеді. Дұрыс тамақтана білудің маңызы зор. Мұны доктор Том Спайестің тәжірибесінен айқын аңғаруға болады. Ол басқаратын тағаммен емдеу клиникасына негізінен емдеуден бас тартқан аурулар жіберілетін. Құрамында витаминдер мен минералды тұздар мол тағамдармен емдеудің нәтижесінде аурулардың денсаулығы қалпына келтірілген. Англияда кейбір дәрігерлер ауруларды организмде витаминдер мен минералдық заттардың жетіспеушілігінің белгілері деп есептейді. Олардың бәрі өзіне қаралып жүрген ауруларды, соның ішінде ісік (рак) ауруларын да дұрыс тамақтандыру жолымен емдеп сауықтырған. Өз тәжірибемнен де осындай бірнеше мысалдар келтіре аламын. Менде бір әйел емделетін. Ол жүрек, тері ауруларынан зардап шекті. Дәрігерлер аурудың себебін таба алмай, сарсаңға түсті. Мен оған тағамдық диета ұсындым. Бірнеше айдан кейін тексерілу үшін ауруханаға барғанда, ондағылар оның аурудан құлан-таза айығып кетке-нін көріп таң қалған. Және бір танысым көтеншектің ауыр түрінен зардап шекті. Мен оған жұғымды тағамдардан түзілген диета сақтап емделіп көруді ұсынған едім. Екі айға жетер-жетпес мерзімде ол да жазылып кетті. Мұнан дұрыс тамақтана білудің жаңа ғылым ретінде  болашағы мен мүмкіндігін аңғаруға болады. Профессор Шерманның айтқанындай, тағамның көмегімен сіз өзіңіздің организміңізге оның жастығы мен саулығын ұзартуға қажетті өмірдің ұзақтығын арттыруға алғашқы қадам жасау үшін өзіңізді «клеткалардың шөліркеуі мен ашығуын» басатын оңтайлы әдіске үйретуіңіз керек. Оны орындау соншалықты күрделі емес. Дұрыс таңдап алынған диета ғажайып нәтижелер береді. Өмірді ұзарту жолындағы күресте ұтымды тамақтану негізгі рөл атқаратынын айта отырып, бұлшық еттің үнемі қозғалыста болуының, дұрыс тыныстаудың және ми қызметінің, яғни, психика мен тәни ахуалдың өзара қалыпты байланыста дамуының зор маңызы бар екенін есте ұстаған жөн. Ең алдымен дұрыс тамақтану жөнінде қысқаша әңгімелеп өтейік. Ұтымды тамақтанудың негізгі принциптерін білу арқылы сіз салауатты өмір сүре алатын боласыз. Басқаша айтқанда, тепе-тең тамақтана білу 180 жасқа жету жолындағы алғашқы қадам болып табылады. Бұл үшін күнделікті тағам мәзірінде белгілі мөлшерде белоктар (бұршақ, жаңғақ, т.б.), майлар (өсімдік майы), сондай-ақ, витаминдер мен минералды заттар (көкөністер) болуға тиіс. Күнделікті тағамда крахмал мен қантты молынан пайдалану денсаулыққа зиян екенін есте ұстаған жөн.
23.07.2013 03:14 5927

Сонымен, егер организмді өмірлік қажетті заттармен қамтамасыз етер болсақ, доктор Кристоферсон айтқандай, адам 300, 400, тіпті 1000 жыл өмір сүре алады. Кейбір диетологтар ұтымды тамақтану есебінен ғана өмірді 150-200 жылға ұзартуға болады деп есептейді. Ал оның мәні күнделікті қолданылып жүрген тағамда организмге қажетті заттың бәрі болуға тиіс деген сөз. Егер күнделікті қолданылып жүрген азық-түлікте сіңімділігі жағынан құнды тағамдар жеткіліксіз болса, мұның өзі адамның денсаулығына, көңіл-күйіне кері әсерін тигізеді.

Дұрыс тамақтана білудің маңызы зор. Мұны доктор Том Спайестің тәжірибесінен айқын аңғаруға болады. Ол басқаратын тағаммен емдеу клиникасына негізінен емдеуден бас тартқан аурулар жіберілетін. Құрамында витаминдер мен минералды тұздар мол тағамдармен емдеудің нәтижесінде аурулардың денсаулығы қалпына келтірілген.

Англияда кейбір дәрігерлер ауруларды организмде витаминдер мен минералдық заттардың жетіспеушілігінің белгілері деп есептейді. Олардың бәрі өзіне қаралып жүрген ауруларды, соның ішінде ісік (рак) ауруларын да дұрыс тамақтандыру жолымен емдеп сауықтырған.

Өз тәжірибемнен де осындай бірнеше мысалдар келтіре аламын. Менде бір әйел емделетін. Ол жүрек, тері ауруларынан зардап шекті. Дәрігерлер аурудың себебін таба алмай, сарсаңға түсті. Мен оған тағамдық диета ұсындым. Бірнеше айдан кейін тексерілу үшін ауруханаға барғанда, ондағылар оның аурудан құлан-таза айығып кетке-нін көріп таң қалған. Және бір танысым көтеншектің ауыр түрінен зардап шекті. Мен оған жұғымды тағамдардан түзілген диета сақтап емделіп көруді ұсынған едім. Екі айға жетер-жетпес мерзімде ол да жазылып кетті.

Мұнан дұрыс тамақтана білудің жаңа ғылым ретінде  болашағы мен мүмкіндігін аңғаруға болады. Профессор Шерманның айтқанындай, тағамның көмегімен сіз өзіңіздің организміңізге оның жастығы мен саулығын ұзартуға қажетті өмірдің ұзақтығын арттыруға алғашқы қадам жасау үшін өзіңізді «клеткалардың шөліркеуі мен ашығуын» басатын оңтайлы әдіске үйретуіңіз керек. Оны орындау соншалықты күрделі емес. Дұрыс таңдап алынған диета ғажайып нәтижелер береді.

Өмірді ұзарту жолындағы күресте ұтымды тамақтану негізгі рөл атқаратынын айта отырып, бұлшық еттің үнемі қозғалыста болуының, дұрыс тыныстаудың және ми қызметінің, яғни, психика мен тәни ахуалдың өзара қалыпты байланыста дамуының зор маңызы бар екенін есте ұстаған жөн.

Ең алдымен дұрыс тамақтану жөнінде қысқаша әңгімелеп өтейік. Ұтымды тамақтанудың негізгі принциптерін білу арқылы сіз салауатты өмір сүре алатын боласыз. Басқаша айтқанда, тепе-тең тамақтана білу 180 жасқа жету жолындағы алғашқы қадам болып табылады. Бұл үшін күнделікті тағам мәзірінде белгілі мөлшерде белоктар (бұршақ, жаңғақ, т.б.), майлар (өсімдік майы), сондай-ақ, витаминдер мен минералды заттар (көкөністер) болуға тиіс. Күнделікті тағамда крахмал мен қантты молынан пайдалану денсаулыққа зиян екенін есте ұстаған жөн.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға