Жаңалықтар

Кәрілік – ауру, оны емдеуге болады

Бүгінде бүкіл әлемнің ғалымдары адам организмінің тіршілігіне тосқауыл қоятын, сонан соң, оны мүлде тоқтататын кәрілікпен және уақытынан бұрын өлумен күресте бірігіп отыр. Лабораторияларда, ауруханаларда, халықаралық конференцияларда адам ғұмырын ұзартудың түрлі жолдары қарастырылып, эксперименттер жүргізіледі, жаңалықтар ашылады. Белгілі американ геронтологы, доктор Мартин Румберт кәріліктің шабуылын тоқтатуға, өмірді ұзартуға болады деп есептейді. «Кәрілік – ауру және ол емделеді», – дейді Шерман. Ең соңғы ғылыми мәліметтер бұл айтылғандардың орындылығын растай түседі. Осы заманғы медицина бірде-бір сәбидің мешел болмауы, бірде-бір адамның қарттықтың салдарынан азап шекпеуі жолында қолдан келгеннің бәрін жасауға тиіс. Жүргізілген халық санағы белсенді ұзақ өмір сүрудің құр әшейін қиял еместігін көрсетіп береді. Және ең ақырында адамның 70 жаста әбден қартайып, өлімге бет бұруы тіптен де міндетті емес. Алайда, адам табиғаты бала кезінен 70 жас ең шекті мерзім деген ойға берік бой ұсынғандықтан, ол оның өмірлік сезіміне айналып, санасына терең ұялап, мінезі мен көңіл күйіне әсер етеді. Мұның өзі емделуді жоққа шығаруы әбден мүмкін. Егер сіздің ниеттелген нәтижеге қол жеткізгіңіз келсе, 180 жасқа толған туған күніңізді атап өту ойыңызда болса, күдік біткенді аулақ серпіп тастаңыз. Кәрілік жақындап қалды, ауру жеңе бастады, денсаулық күннен күнге нашарлай түсуде деген ойларға бой алдыру қауіпті. Мұндай ойлар үмітіңе балта шабады. Сондықтан іске көшіп, толыққанды өмірдің бағдарламасын жасағаныңыз жөн. Әрине, жұрттың бәрінің де ұзақ өмір сүргісі келеді. Және дамыған елдердің көпшілігінде егде тартқан адамдар мен қарттардың саны өсе түсіп отыр. Егер адамдар 65 жаста қартайып, 75-80 жаста тірі аруаққа айналса, әрі осындай адамдардың саны жыл өткен сайын кебейе берсе, соған сәйкес күтушілердің де саны өседі. Демек, еңбекке қабілетті халықтың едәуір белігі өндірістің негізгі салаларынан қол үзеді деген сөз. Көптеген елдерде бұл елеулі проблемаға айналып отыр. Ал оны шешудің мүмкін жолдарының бірі - толыққанды өмірді ұзарту болып табылады. Қарттыққа қарсы күрестің ғаламдық көлемде етек алуының бір сыры осында жатыр. Дәрігерлердің Швейцариядағы конгресінде қарттық белгілерінің 80 жаста біліне бастауы ертерек екенін, адамның кем дегенде 140 жас өмір сүруге тиістігін 100 дәрігер бірауыздан мақұлдаған. АҚШ-та адам ғұмырын ұзартуды зерттейтін ғылыми институт бар. Оны биохимик және геронтолог доктор Иоганн Бьеркстен басқарады. Ол мынадай болжам айтады: организмге тағаммен түскен және клеткаларды жаңартып, қалпына келтіру үшін қажетті белок молекулалары оқшауланып пайдасыз «қоқыс үйіндісіне» айналады да, клеткаларды бітеп тастайды. Организмдегі осындай қажетсіз белоктар ақыр аяғында адамды қарттық пен өлімге алып келеді.
23.07.2013 03:12 5838

Бүгінде бүкіл әлемнің ғалымдары адам организмінің тіршілігіне тосқауыл қоятын, сонан соң, оны мүлде тоқтататын кәрілікпен және уақытынан бұрын өлумен күресте бірігіп отыр. Лабораторияларда, ауруханаларда, халықаралық конференцияларда адам ғұмырын ұзартудың түрлі жолдары қарастырылып, эксперименттер жүргізіледі, жаңалықтар ашылады.

Белгілі американ геронтологы, доктор Мартин Румберт кәріліктің шабуылын тоқтатуға, өмірді ұзартуға болады деп есептейді. «Кәрілік – ауру және ол емделеді», – дейді Шерман. Ең соңғы ғылыми мәліметтер бұл айтылғандардың орындылығын растай түседі. Осы заманғы медицина бірде-бір сәбидің мешел болмауы, бірде-бір адамның қарттықтың салдарынан азап шекпеуі жолында қолдан келгеннің бәрін жасауға тиіс. Жүргізілген халық санағы белсенді ұзақ өмір сүрудің құр әшейін қиял еместігін көрсетіп береді. Және ең ақырында адамның 70 жаста әбден қартайып, өлімге бет бұруы тіптен де міндетті емес.

Алайда, адам табиғаты бала кезінен 70 жас ең шекті мерзім деген ойға берік бой ұсынғандықтан, ол оның өмірлік сезіміне айналып, санасына терең ұялап, мінезі мен көңіл күйіне әсер етеді. Мұның өзі емделуді жоққа шығаруы әбден мүмкін.

Егер сіздің ниеттелген нәтижеге қол жеткізгіңіз келсе, 180 жасқа толған туған күніңізді атап өту ойыңызда болса, күдік біткенді аулақ серпіп тастаңыз. Кәрілік жақындап қалды, ауру жеңе бастады, денсаулық күннен күнге нашарлай түсуде деген ойларға бой алдыру қауіпті. Мұндай ойлар үмітіңе балта шабады. Сондықтан іске көшіп, толыққанды өмірдің бағдарламасын жасағаныңыз жөн.

Әрине, жұрттың бәрінің де ұзақ өмір сүргісі келеді. Және дамыған елдердің көпшілігінде егде тартқан адамдар мен қарттардың саны өсе түсіп отыр. Егер адамдар 65 жаста қартайып, 75-80 жаста тірі аруаққа айналса, әрі осындай адамдардың саны жыл өткен сайын кебейе берсе, соған сәйкес күтушілердің де саны өседі. Демек, еңбекке қабілетті халықтың едәуір белігі өндірістің негізгі салаларынан қол үзеді деген сөз. Көптеген елдерде бұл елеулі проблемаға айналып отыр. Ал оны шешудің мүмкін жолдарының бірі - толыққанды өмірді ұзарту болып табылады. Қарттыққа қарсы күрестің ғаламдық көлемде етек алуының бір сыры осында жатыр.

Дәрігерлердің Швейцариядағы конгресінде қарттық белгілерінің 80 жаста біліне бастауы ертерек екенін, адамның кем дегенде 140 жас өмір сүруге тиістігін 100 дәрігер бірауыздан мақұлдаған.

АҚШ-та адам ғұмырын ұзартуды зерттейтін ғылыми институт бар. Оны биохимик және геронтолог доктор Иоганн Бьеркстен басқарады. Ол мынадай болжам айтады: организмге тағаммен түскен және клеткаларды жаңартып, қалпына келтіру үшін қажетті белок молекулалары оқшауланып пайдасыз «қоқыс үйіндісіне» айналады да, клеткаларды бітеп тастайды. Организмдегі осындай қажетсіз белоктар ақыр аяғында адамды қарттық пен өлімге алып келеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға