Біз адамның орта жасы шамамен 70 деген қағидаға үйренгенбіз
Мен би үйрететін 75 жасар әйелді танимын. Оның қимылында 20 жасар бойжеткеннің серпіні бар, ал түріне қарап оны 40 жастан аспаған деп ойлайсың. 85 жасар бір танысым, осы жасына қарамастан, әсем бітімін сақтап қалған. Оған үш адам тұрмыс құру жөнінде ұсыныс жасаған, бірақ ол түпкілікті шешім қабылдауды әбден ойланып барып айтуды ұйғарып отыр. Тағы да қайталап айтайын, адамның ұзақ өмір сүруіне таңданудың қажеті жоқ. Және мұндай адамдардың көпшілігі ақылынан адасқан ғаріптік күйге түспейді. Жүз жасаған әйел мен ер адамды көріп жүрмегендіктен, біздерге мұның өзі тосын нәрсе сияқты.
Өйткені, біз адамның орта жасы шамамен 70 деген қағидаға үйренгенбіз, сондықтан, қартаймай ұзақ өмір сүруге болады деген ойдың өзі біз үшін қиялдағы дүниедей. Былайша айтқанда, біздің қысқа ғұмырға бейімделіп алғанымыз сондай, 180 жасты шексіздікпен пара-пар көреміз.
Оның үстіне, көптеген адамдар «табиғатқа қайта оралмайынша» ауырмай және қартаймай өмір сүру мүмкін емес деп ойлайды. Алайда, мұндай кері қадамды қалай жасаған жөн? Бәрін тастап, алғашқы қауымдық құрылыстағы үңгірлер мен күркелерге қайта оралуымыз керек пе?
Бірақ, мәселенің екінші жағы және бар. Атап айтқанда, біз өсіп-өніп өмір сүріп отырған жағдайдың өзі табиғи болып табылады. Сондықтан да, өркениеттің арқасында қол жеткен ризықтарды қанағат сезіммен қабылдаймыз. Бұған қарап оның кемшілігіне көз-жұмбайлық жасайды екенбіз деп ойламау керек. Ниеттенсек, көп нәрсеге түзету енгізуге болады. Мәселен, сонау ерте замандағы ата-бабаларымыздың қол жетпеген әдістердің көмегімен денсаулығымызды айтарлықтай жақсарта аламыз. Белгілі итальян өнертапқышы Г.Маркони: «Адам өмірі тым қысқа, бірақ гигиена мен биохимия арқылы адамзат оны ұзартады» деген. Ал тағам жөніндегі белгілі американ маманы Генри Шерман тағамның көмегімен адам өмірін ұзартуға болатынын дәлелдейді. Шерман адам организміне не қажет екенін білмегендіктен, оны қанағаттандыра алмайды деп есептейді. Ол алғашқы қауымдық құрылыстағы адамдар дұрыс тамақтанды, олардың дендері сау болды дегенді теріске шығарады. Олар тағам таңдаған жоқ. Қолына не ілінсе, сонымен азықтанды. Сондықтан да, оның организміне қажетті элементтер көбіне жетіспеді.
Американың медициналық ассоциациясының бұрынғы президенті доктор Эдвард Берц адам ғүмырының ұзақтығы 150 жастан кем болмауға тиіс деп есептейді. Оның пікірінше, үзақ өмір сүру үшін дене еңбегімен шұғылдану, жақсы, жағымды тамақтану, күн сайын 2-3 литр сұйық ішу, толыққанды ұйқы, демалыс және қол мен бас үшін жаттығулар қажет. Доктор Берц сонымен бірге, адамның қаншалыңты ұзақ өмір сүруі оның өзіне байланысты екенін атап көрсетеді. Өмірге деген құштарлық дәрігерлер адам болмайды деп санаған аурулардың айығып кетуіне көмектеседі.
Сонымен, сіз үміт кемесіне отырып, 180 жас деген белгіні бетке алып жүзуге тиіссіз. Сіз соған жетем деп сеніңіз және сол үшін барлық мүмкіндікті сарқа пайдаланыңыз. Доктор Берц айтқандай осы заманғы ғылымның жетістіктерін және өзінің ақыл-ойы мен күш-жігерін пайдалана отырып, адамдар өздеріне өздері көмектесе алады. Бойларында қаншама кереметтердің жатқанын болжай білетін адамдар көп емес. Күш-жігер жұмсай білсеңіз, өзіңізді өзіңіз тануға жол ашасыз.
Адам организмі өзін-езі жаңартудың небір кереметтеріне ие құпияға толы, алайда, қажетті материалға ие болмаса, ол қалыпты қызметін атқара алмайды. Қысқасы, сіздердің әрқайсыларыңыздың ұзақ өмір сүруге толық мүмкіндіктеріңіз бар. Тіршілік үшін күресте жеңіп шыққан арғы ата-бабаларымыз бұл жөнінде бізге қамқорлық жасаған сыңайлы. Ендігісі өзімізге байланысты.