Жаңалықтар

Жан-жүрегі адамгершілік пен мейірбандықты қалайтын

Ғалымның түркі тілдерінде сөйлейтін отызға жуық ұлттар мен ұлыстардың тарихи-этникалық және мәдени байланыстарының тамырластығы жан-жақты әрі ғылыми тұрғыда дәлелді  талданып, шұрайлы тілмен байыпты әңгімеленетін "Байқалдан Балқанға дейін" деген кітабын оқығанда бұған және бір көз жеткізгендей боласың. Бүкіл адамзатқа ортақ гуманистік идеяларды бұрын-соңды жазған еңбектерінің бәрінде де ұстанып келген және оны кеңінен насихаттаған автор осы игі көзқарасын мына шығармасында да жалғастырады. Жан-жүрегі адамгершілік пен мейірбандықты қалайтын, өз халқы ғана емес, басқа халықтар да, барша адамзат та бақытты болса екен, адам адамды қанамаса екен, жауыздық біткен жер бетінен жойылса екен деп тілейтін нағыз ізгі ниетті адамның аузынан шығатын сөзді қайталайды. Осындай ізгі ниет, бауырмалдық, бір кезде тұтасып отырған, тілі де, тілегі де бір, салт-дәстүрі де ұқсас түркі жұртының заманалар желінің әсерімен бөлшектеніп кеткен, өзіндік бет-бейнесін жоғалта бастаған бүгінгі мүшкіл хәліне деген жанашырлық, түрік тектес түгел бол дегендей ой желісі кітаптың өн бойынан байқалады. Автор мәңгілік қарлы өлке Саха елінде болса да, Алтай жұртын араласа да, ұйғыр мәдениетіне зер салса да, хақастардың эпосын зерттесе де, тува (тоба) халқының өткеніне үңілсе де, қырғыз халқының әлемге аты мәлім жыры – "Манаста" айтылатын көзқамандар туралы ой толғаса да, өзбек халқымен туыстық байланыс тамырларын әңгімелесе де, қарақалпақ фольклорының негізінде қарақалпақ пен қазақ халықтары тарихының ұқсастығын дәлелдесе де, түркмен әдебиетіне шолу жасаса да, қазақ пен башқұрт елдерінің көркемдік мәдениетіндегі тамырластықтан сыр тартса да, татар халқының азаттық жолындағы күресін сөз етсе де, ноғайлы елінің трагедиялық тағдырын баяндаса да, құмықтардың өткенінен сыр шертсе де, қарашай, малқар халықтарының аянышты хәлін жазса да, азербайжан халқының басына соңғы жылдары түсіп отырған ауыртпалықтарға байланысты ортаға ой тастаса да, жойылып кетудің аз-ақ алдында тұрған қарайымдар туралы пікір білдірсе де, қырымның қилы тағдырын көлденең тартса да, месхет түріктері жөнінде айтса да бір-ақ нәрсені көздейді. Ол – тағдыр тәлкегімен ыдырып кеткен түркі халықтарының өткеніне ой жіберу, оқырманға ұлыстар тарихының ұқсастығын жеткізу, бір діңгектен тараған халықтарды жақындастыру жолдарын іздестіру және тағы басқалар.
22.07.2013 10:23 4249

Ғалымның түркі тілдерінде сөйлейтін отызға жуық ұлттар мен ұлыстардың тарихи-этникалық және мәдени байланыстарының тамырластығы жан-жақты әрі ғылыми тұрғыда дәлелді  талданып, шұрайлы тілмен байыпты әңгімеленетін "Байқалдан Балқанға дейін" деген кітабын оқығанда бұған және бір көз жеткізгендей боласың.

Бүкіл адамзатқа ортақ гуманистік идеяларды бұрын-соңды жазған еңбектерінің бәрінде де ұстанып келген және оны кеңінен насихаттаған автор осы игі көзқарасын мына шығармасында да жалғастырады. Жан-жүрегі адамгершілік пен мейірбандықты қалайтын, өз халқы ғана емес, басқа халықтар да, барша адамзат та бақытты болса екен, адам адамды қанамаса екен, жауыздық біткен жер бетінен жойылса екен деп тілейтін нағыз ізгі ниетті адамның аузынан шығатын сөзді қайталайды.

Осындай ізгі ниет, бауырмалдық, бір кезде тұтасып отырған, тілі де, тілегі де бір, салт-дәстүрі де ұқсас түркі жұртының заманалар желінің әсерімен бөлшектеніп кеткен, өзіндік бет-бейнесін жоғалта бастаған бүгінгі мүшкіл хәліне деген жанашырлық, түрік тектес түгел бол дегендей ой желісі кітаптың өн бойынан байқалады.

Автор мәңгілік қарлы өлке Саха елінде болса да, Алтай жұртын араласа да, ұйғыр мәдениетіне зер салса да, хақастардың эпосын зерттесе де, тува (тоба) халқының өткеніне үңілсе де, қырғыз халқының әлемге аты мәлім жыры – "Манаста" айтылатын көзқамандар туралы ой толғаса да, өзбек халқымен туыстық байланыс тамырларын әңгімелесе де, қарақалпақ фольклорының негізінде қарақалпақ пен қазақ халықтары тарихының ұқсастығын дәлелдесе де, түркмен әдебиетіне шолу жасаса да, қазақ пен башқұрт елдерінің көркемдік мәдениетіндегі тамырластықтан сыр тартса да, татар халқының азаттық жолындағы күресін сөз етсе де, ноғайлы елінің трагедиялық тағдырын баяндаса да, құмықтардың өткенінен сыр шертсе де, қарашай, малқар халықтарының аянышты хәлін жазса да, азербайжан халқының басына соңғы жылдары түсіп отырған ауыртпалықтарға байланысты ортаға ой тастаса да, жойылып кетудің аз-ақ алдында тұрған қарайымдар туралы пікір білдірсе де, қырымның қилы тағдырын көлденең тартса да, месхет түріктері жөнінде айтса да бір-ақ нәрсені көздейді. Ол – тағдыр тәлкегімен ыдырып кеткен түркі халықтарының өткеніне ой жіберу, оқырманға ұлыстар тарихының ұқсастығын жеткізу, бір діңгектен тараған халықтарды жақындастыру жолдарын іздестіру және тағы басқалар.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға