Жаңалықтар

Автор егемендік алған елінің ертеңі еңселі болу үшін атқарылар істерді көлденең тартады

Әрине, ғалымның елу жылдық шығармашылық қызметінде жазған туындыларының бәрі де – мейлі ол әдеби сын болсын, мейлі ол ғасырлар қойнауынан сыр тартқан фольклорлық зерттеулер болсын, мейлі ол заманының өткір мәселелерін қозғайтын публицистика болсын, мейлі ол сан алуан қоғамдық істер атқару барысында мінбелерден айтылған пікірлер, симпозиумдарда, конференцияларда жасалған ғылыми баяндамалар болсын, бір-ақ нәрсеге – халқының тарихын тануға, мәдениетін кемелдендіре түсуге, жадын ұштауға, ұрпақ сабақтастығының сақталуына қызмет етеді. Мәселеге осы тұрғыдан келгенде, ғалымның журналистиканың жауынгер жанры публицистиканы өзінің негізгі ғылыми жұмыстарымен қатар алып жүруі – тегеурінді талант иесінің ғылыми зерттеулер жүргізудегі байыптылығын, тереңдігін, жазудағы ой-қиялының ұшқырлығын ғана емес, сонымен бірге оның педагогикалық-ағартушылық дарындылығын да көрсетеді. Бұған оның соңғы жылдары жарық көрген "Байқалдан Балқанға дейін", "Ел боламыз десек…", «Жұлдыздар жарығы" деген туындыларын оқу арқылы тағы бір көз жеткізуге болады. Бұларда автор егемендік алған елінің ертеңі еңселі болу үшін атқарылар істерді көлденең тартады. "Дос жылатып айтады, дұшпан күлдіріп айтады" деген нақылға сәйкес халқымыздың басына төніп тұрған, келешекте асқынып кетуі айдан анық қасіреттердің атын атап, түсін түстеп көрсетеді. Өмір сүріп отырған табиғи ортаны ядролық, ракеталық жарылыстар зардабынан тазарту, тілімізге толық "теңдік" әперу, елдік дәстүрді жас қауымның бойына сіңіру, діни, имандылық тәрбиесін жүйелі түрде жүргізу секілді көкейкесті мәселелерді қозғайды. Автор аталған проблемаларды шешуге мемлекет тарапынан шын жанашырлық тұрғыдан көмек көрсетілмесе, мұның ұлтымыздың келешегіне тигізер залалының зор екенін де жасырмайды. Ғалымның жоғарыда аталған кітаптарымен, баспасөзде жиі жарық көріп тұратын және басқа да публицистикалық туындыларымен танысқан адам оның бойындағы халқына деген шексіз махаббатты, отанына деген өте күшті патриоттық сезімді, арысы жалпы адамзатқа, берісі бауырлас халықтарға деген асқан мейірбандықты қапысыз аңғарады. Осы қасиеттердің әрқайсысы жеке адамнан табылғанның өзінде қоғам үшін зор байлық екенін ескерсек, осындай баға жеткісіз игіліктердің бір адамның жүрегінде орнығуын ерекше бір құбылыс ретінде қарастырғанымыз орынды. Себебі, әлгіндей сипатты қасиеттер бір арнаға тоғыспаған жерден адам жанын тебірентіп, өзіне еріксіз бас идірер сөздің, тәрбиелік мәні зор пікірдің шығуы екіталай. Тек үлкен жүректі, ізгі тілекті, тал бойына халқының көксеген арманын жинақтаған адам ғана осылай сөйлей алса керек.
22.07.2013 10:20 4244

Әрине, ғалымның елу жылдық шығармашылық қызметінде жазған туындыларының бәрі де – мейлі ол әдеби сын болсын, мейлі ол ғасырлар қойнауынан сыр тартқан фольклорлық зерттеулер болсын, мейлі ол заманының өткір мәселелерін қозғайтын публицистика болсын, мейлі ол сан алуан қоғамдық істер атқару барысында мінбелерден айтылған пікірлер, симпозиумдарда, конференцияларда жасалған ғылыми баяндамалар болсын, бір-ақ нәрсеге – халқының тарихын тануға, мәдениетін кемелдендіре түсуге, жадын ұштауға, ұрпақ сабақтастығының сақталуына қызмет етеді.

Мәселеге осы тұрғыдан келгенде, ғалымның журналистиканың жауынгер жанры публицистиканы өзінің негізгі ғылыми жұмыстарымен қатар алып жүруі – тегеурінді талант иесінің ғылыми зерттеулер жүргізудегі байыптылығын, тереңдігін, жазудағы ой-қиялының ұшқырлығын ғана емес, сонымен бірге оның педагогикалық-ағартушылық дарындылығын да көрсетеді.

Бұған оның соңғы жылдары жарық көрген "Байқалдан Балқанға дейін", "Ел боламыз десек…", «Жұлдыздар жарығы" деген туындыларын оқу арқылы тағы бір көз жеткізуге болады. Бұларда автор егемендік алған елінің ертеңі еңселі болу үшін атқарылар істерді көлденең тартады. "Дос жылатып айтады, дұшпан күлдіріп айтады" деген нақылға сәйкес халқымыздың басына төніп тұрған, келешекте асқынып кетуі айдан анық қасіреттердің атын атап, түсін түстеп көрсетеді. Өмір сүріп отырған табиғи ортаны ядролық, ракеталық жарылыстар зардабынан тазарту, тілімізге толық "теңдік" әперу, елдік дәстүрді жас қауымның бойына сіңіру, діни, имандылық тәрбиесін жүйелі түрде жүргізу секілді көкейкесті мәселелерді қозғайды. Автор аталған проблемаларды шешуге мемлекет тарапынан шын жанашырлық тұрғыдан көмек көрсетілмесе, мұның ұлтымыздың келешегіне тигізер залалының зор екенін де жасырмайды.

Ғалымның жоғарыда аталған кітаптарымен, баспасөзде жиі жарық көріп тұратын және басқа да публицистикалық туындыларымен танысқан адам оның бойындағы халқына деген шексіз махаббатты, отанына деген өте күшті патриоттық сезімді, арысы жалпы адамзатқа, берісі бауырлас халықтарға деген асқан мейірбандықты қапысыз аңғарады. Осы қасиеттердің әрқайсысы жеке адамнан табылғанның өзінде қоғам үшін зор байлық екенін ескерсек, осындай баға жеткісіз игіліктердің бір адамның жүрегінде орнығуын ерекше бір құбылыс ретінде қарастырғанымыз орынды. Себебі, әлгіндей сипатты қасиеттер бір арнаға тоғыспаған жерден адам жанын тебірентіп, өзіне еріксіз бас идірер сөздің, тәрбиелік мәні зор пікірдің шығуы екіталай. Тек үлкен жүректі, ізгі тілекті, тал бойына халқының көксеген арманын жинақтаған адам ғана осылай сөйлей алса керек.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға