Жаңалықтар

Рахманқұл Бердібайдың өмір белестерінің келесі бір кезеңі

Оның зерттеу объектісіне айналған тарихи романдар қатарынан М. Әуезовтың, С. Мұқановтың, М. Есенберлиннің, Ә. Кекілбаевтың, М. Мағауиннің, Ә. Әлімжановтың, С. Сматаевтың, Д. Досжановтың, Д. Әбіловтың, З. Ақышевтің, А. Тоқмағамбетовтің, Ж. Молдағалиевтің, С. Жүнісовтің, Қ. Жұмаділовтің, Ш. Мұртазаның, М. Сәрсекеевтің, Х. Есенжановтың, З. Шашкиннің шығармаларын көруге болады. Ғалымның бұл іргелі еңбектеріне кезінде Б. Кенжебаев, М. Ғабдуллин бастаған көптеген беделді ғалымдар жоғары баға берді. Жоғарыда аталған еңбектерден ғалымның қазақтың тарихи романдарын індете зерттеу арқылы өзінің бойындағы туабітті халықшылдық қасиеттерін одан әрі дамытып қана қоймай, сол кезеңнің жазылмаған заңы бойынша күнделікті тіршілікте қазбалай беруге болмайтын ұлтқа, оның тарихына қатысты мәселелерді халқына тарихи көркем шығармаларды талдай отырып жеткізуді мақсат тұтқаны аңғарылады. Рахманқұл Бердібайдың өмір белестерінің келесі бір кезеңі Қазақ совет энциклопедиясын шығарушылар тобының құрылып, жұмыс істей бастауымен байланысты. Қазақша энциклопедия шығарудың қажеттігін айтып, сонау елуінші жылдары баспасөзде мәселе көтерген де өзі еді. Енді соның сәті түсіп, энцикопедияның жауапты хатшылығына шақырылған ол осында редакцияның жауапты хатшысы болып еңбек еткен жылдарында да елінің өткеніне үңіліп, одан кеңестік дәуірде айтуға тыйым салынған халқының бойындағы жақсы қасиеттерді іздеп-тауып, ебін келтіріп энциклопедия кәдесіне жаратып жіберуді білек сыбана қолға алады. Ұмыт бола бастаған есімдер мен еңбектерді іздеу жұмыстарын ұйымдастырады. Бұл айтуға жеңіл болғанымен, түп негізі таптық жіктелуден тұратын, басты мақсаттарының бірі халықтың жадын өшіруге бағытталған әміршіл-әкімшіл қоғамда жүзеге асырылуы өте қиын міндет еді. Сондықтан да оны жігін білдірмей, тігісін жатқыза жүргізу қажет болды. Осылай жасалды да. Бұл орайда Мәскеуде әлденеше басылымы дүркін-дүркін жарық көріп отырған Үлкен кеңес энциклопедиясының тәжірибесін көлденең тарту қолға алынған іске айтарлықтай қолғабысын тигізді. Сөйтіп, бұрын-соңды арагідік айтылып жүрген қазақтың талай хан-сұлтандары мен бай-болыстарының, ақын-жыраулары мен әнші-күйшілерінің, сал-серілерінің өмірбаяндары энциклопедия беттерінен орын алды. Міне осындай игілікті істердің басы-қасында, бел ортасында Рақаң жүрді.
22.07.2013 09:56 3124

Оның зерттеу объектісіне айналған тарихи романдар қатарынан М. Әуезовтың, С. Мұқановтың, М. Есенберлиннің, Ә. Кекілбаевтың, М. Мағауиннің, Ә. Әлімжановтың, С. Сматаевтың, Д. Досжановтың, Д. Әбіловтың, З. Ақышевтің, А. Тоқмағамбетовтің, Ж. Молдағалиевтің, С. Жүнісовтің, Қ. Жұмаділовтің, Ш. Мұртазаның, М. Сәрсекеевтің, Х. Есенжановтың, З. Шашкиннің шығармаларын көруге болады. Ғалымның бұл іргелі еңбектеріне кезінде Б. Кенжебаев, М. Ғабдуллин бастаған көптеген беделді ғалымдар жоғары баға берді.

Жоғарыда аталған еңбектерден ғалымның қазақтың тарихи романдарын індете зерттеу арқылы өзінің бойындағы туабітті халықшылдық қасиеттерін одан әрі дамытып қана қоймай, сол кезеңнің жазылмаған заңы бойынша күнделікті тіршілікте қазбалай беруге болмайтын ұлтқа, оның тарихына қатысты мәселелерді халқына тарихи көркем шығармаларды талдай отырып жеткізуді мақсат тұтқаны аңғарылады.

Рахманқұл Бердібайдың өмір белестерінің келесі бір кезеңі Қазақ совет энциклопедиясын шығарушылар тобының құрылып, жұмыс істей бастауымен байланысты. Қазақша энциклопедия шығарудың қажеттігін айтып, сонау елуінші жылдары баспасөзде мәселе көтерген де өзі еді. Енді соның сәті түсіп, энцикопедияның жауапты хатшылығына шақырылған ол осында редакцияның жауапты хатшысы болып еңбек еткен жылдарында да елінің өткеніне үңіліп, одан кеңестік дәуірде айтуға тыйым салынған халқының бойындағы жақсы қасиеттерді іздеп-тауып, ебін келтіріп энциклопедия кәдесіне жаратып жіберуді білек сыбана қолға алады. Ұмыт бола бастаған есімдер мен еңбектерді іздеу жұмыстарын ұйымдастырады. Бұл айтуға жеңіл болғанымен, түп негізі таптық жіктелуден тұратын, басты мақсаттарының бірі халықтың жадын өшіруге бағытталған әміршіл-әкімшіл қоғамда жүзеге асырылуы өте қиын міндет еді. Сондықтан да оны жігін білдірмей, тігісін жатқыза жүргізу қажет болды. Осылай жасалды да. Бұл орайда Мәскеуде әлденеше басылымы дүркін-дүркін жарық көріп отырған Үлкен кеңес энциклопедиясының тәжірибесін көлденең тарту қолға алынған іске айтарлықтай қолғабысын тигізді. Сөйтіп, бұрын-соңды арагідік айтылып жүрген қазақтың талай хан-сұлтандары мен бай-болыстарының, ақын-жыраулары мен әнші-күйшілерінің, сал-серілерінің өмірбаяндары энциклопедия беттерінен орын алды. Міне осындай игілікті істердің басы-қасында, бел ортасында Рақаң жүрді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға