Жаңалықтар

"Қазақ әдебиеті" газетінде жұмыс істеген жылдарында

Республикалық, облыстық газеттерде "Шығыс қазынасы", "Қазақша энциклопедия қажет", "Бодандықтан бостандыққа", "Әдебиет тарихын зерттеудің кейбір мәселелері", тағы басқа мақалалар жариялап, қазақ әдебиеті мен мәдениетінің жоғын түгелдеуші әдетін жалғастыра береді. Әсіресе соңғы мақаласы жұртшылық арасында қоғамдық ой-пікір туғызды, сонымен бірге Кеңес үкіметінің кезінде мейлінше сығымдалған әдебиетіміздің тарихын әріден, ғасырлар қойнауынан бастауға құлшыныс білдірген көптеген қазақ ғалымдарының толғамдарымен ұштасып жатты. "Қазақ әдебиеті" газетінде жұмыс істеген жылдарында сыншы-публицист ретінде танылған ғалымды өмір толқындары Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының М. Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтына алып келеді. Осының алдындағы екі-үш жыл бойы қудалаудан көз ашпай, небір қысылтаяң күндерді басынан өткерген ғалым, мұнда таза ғылыми жұмысқа ден қойып, әдебиеттің тарихы мен теориясы мәселелерімен тереңірек айналысады. Сыншы ғалымның осы тұстағы ізденістерінің нәтижесі "Әдебиет және өмір", "Қазақ әдебиетіндегі замандас бейнесі", "Қазақ совет әдебиетінің қалыптасуы", "Дәстүр тағылымы" атты кітаптардан көрініс тапты. Жоғарыда аталған  еңбектерінде қазақ әдебиетінің әр дәуірдегі туындыларын білгір талдаған Р. Бердібай қомақты да көпқырлы жанр – романның беделді зерттеушілерінің де бірі болды. Осы жанрды терең талдап, танымдық, теориялық деңгейі биік монографиялар жазды. Оның қазақ романының туу, қалыптасу тарихына, қазақтың тарихи романына арнаған еңбектерін ғалымдар мен жұртшылық жылы қабылдады. Автордың кандидаттық және докторлық диссертациялары да роман тақырыбына арналды. 1961 жылы "Қазіргі қазақ романындағы сюжет проблемасы" деген тақырыпта кандидаттық, ал 1970 жылы "Қазіргі қазақ романдарының теориялық мәселелері" деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. Бұларда автор қазақ әдебиетіндегі жетекші жанр - романның дамуын, жетілу үрдістерін, қалыптасу жолдарын, оның жанрлық ерекшеліктерін, өмір шындығы мен көркемдік бейнелеу арасындағы жымдасуларды байыпты талдап көрсетеді. Роман тақырыбын зерттеуде автор кандидаттық және докторлық монографиялар жазумен ғана шектелмей, "Роман және заман", "Қазақ романы", "От легенды к роману", "Қазақ тарихи романы", "Тарихи роман", "Мұхтар шыңы" тәрізді бірнеше мазмұнды кітаптар жариялады. Әдебиеттану ғылымына қосылған үлес деп бағаланған бұл еңбектерінде Р. Бердібай романның дүниетанудағы, оқиға таңдаудағы, идея мен композицияны үйлестірудегі, сюжетті көркем қиюластыру мен характер сомдаудағы, тартыс табиғатын ашудағы, кейіпкердің шыншыл бейнесін жасаудағы, тағы да басқа толып жатқан мәселелердегі көтерер жүгін теориялық тұрғыдан тұңғыш рет арнайы қарастырып, жан-жақты зерттеді.
22.07.2013 09:55 4068

Республикалық, облыстық газеттерде "Шығыс қазынасы", "Қазақша энциклопедия қажет", "Бодандықтан бостандыққа", "Әдебиет тарихын зерттеудің кейбір мәселелері", тағы басқа мақалалар жариялап, қазақ әдебиеті мен мәдениетінің жоғын түгелдеуші әдетін жалғастыра береді. Әсіресе соңғы мақаласы жұртшылық арасында қоғамдық ой-пікір туғызды, сонымен бірге Кеңес үкіметінің кезінде мейлінше сығымдалған әдебиетіміздің тарихын әріден, ғасырлар қойнауынан бастауға құлшыныс білдірген көптеген қазақ ғалымдарының толғамдарымен ұштасып жатты.

"Қазақ әдебиеті" газетінде жұмыс істеген жылдарында сыншы-публицист ретінде танылған ғалымды өмір толқындары Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының М. Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтына алып келеді. Осының алдындағы екі-үш жыл бойы қудалаудан көз ашпай, небір қысылтаяң күндерді басынан өткерген ғалым, мұнда таза ғылыми жұмысқа ден қойып, әдебиеттің тарихы мен теориясы мәселелерімен тереңірек айналысады. Сыншы ғалымның осы тұстағы ізденістерінің нәтижесі "Әдебиет және өмір", "Қазақ әдебиетіндегі замандас бейнесі", "Қазақ совет әдебиетінің қалыптасуы", "Дәстүр тағылымы" атты кітаптардан көрініс тапты.

Жоғарыда аталған  еңбектерінде қазақ әдебиетінің әр дәуірдегі туындыларын білгір талдаған Р. Бердібай қомақты да көпқырлы жанр – романның беделді зерттеушілерінің де бірі болды. Осы жанрды терең талдап, танымдық, теориялық деңгейі биік монографиялар жазды. Оның қазақ романының туу, қалыптасу тарихына, қазақтың тарихи романына арнаған еңбектерін ғалымдар мен жұртшылық жылы қабылдады. Автордың кандидаттық және докторлық диссертациялары да роман тақырыбына арналды. 1961 жылы "Қазіргі қазақ романындағы сюжет проблемасы" деген тақырыпта кандидаттық, ал 1970 жылы "Қазіргі қазақ романдарының теориялық мәселелері" деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. Бұларда автор қазақ әдебиетіндегі жетекші жанр - романның дамуын, жетілу үрдістерін, қалыптасу жолдарын, оның жанрлық ерекшеліктерін, өмір шындығы мен көркемдік бейнелеу арасындағы жымдасуларды байыпты талдап көрсетеді.

Роман тақырыбын зерттеуде автор кандидаттық және докторлық монографиялар жазумен ғана шектелмей, "Роман және заман", "Қазақ романы", "От легенды к роману", "Қазақ тарихи романы", "Тарихи роман", "Мұхтар шыңы" тәрізді бірнеше мазмұнды кітаптар жариялады. Әдебиеттану ғылымына қосылған үлес деп бағаланған бұл еңбектерінде Р. Бердібай романның дүниетанудағы, оқиға таңдаудағы, идея мен композицияны үйлестірудегі, сюжетті көркем қиюластыру мен характер сомдаудағы, тартыс табиғатын ашудағы, кейіпкердің шыншыл бейнесін жасаудағы, тағы да басқа толып жатқан мәселелердегі көтерер жүгін теориялық тұрғыдан тұңғыш рет арнайы қарастырып, жан-жақты зерттеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға