Жаңалықтар

Өнерге деген құштарлық оны астанаға қарай жетеледі

Ғалымның шығармашылық өмірде ел мүддесі жолындағы осындай табанды күрескерлікті таңдауына не себеп болды? Бәлкім бұл ана сүтімен, әке тәрбиесімен, өскен ортаның тәлімімен бойға сіңген қасиетін ер жетіп, оң-солын тани келе іздегенде, ата салтынан, қазақтық қалпынан біртіндеп қашықтап бара жатқан (дұрысы басқа біреулер қашықтатқан) халқының мүшкіл хәлін көріп, отқа күйген яки суға батып бара жатқан баласын құтқаруға ұмтылған жандай болып шырқыраған адамның жанайқайындай жанашырлық па екен?! Әлде ұлттың өзіндік болмыспен дамуына титтей де болса үлес қоссам деген ниеттің бара-бара дес бермеген үлкен мұратқа айналуы ма екен? Жоқ әлде таңдаған мамандығына байланысты қалам тербеу барысында қоғам тіршілігіне қатысты сан алуан проблемаларды көтере жүріп қайраткерлікке бой ұрғанын өзі де байқамай қалды ма? Қалай болғанда да елінің ертеңіне елеңдеген, беймаза да бейнетқор, халқына адал осы бір перзенттің ұлт мүддесін бәрінен жоғары қойып, сол жолды өз өмірінің айнымас шамшырағы етіп алғаны ақиқат. Әрине, жоғарыда өзіміз әңгімелегендей, қазақ ұлтының, қала берді барша түрік жұртының сөзін сөйлейтін "һәм оны басқаларға да тыңдата білетін сәруарлыққа" (М. Әлімбаев) жетуге дейін ғалым өмірдің ұзақ та күрделі соқпақтарынан өтті. Әңгіме түсінікті болу үшін Рақаңның өмірі мен шығармашылығына қысқаша шолу жасай кеткенді жөн көрдік. Кеңес үкіметінің әлі қабырғасы қатая қоймаған кезінде Оңтүстік Қазақстанның қияндағы бір ауылында дүниеге келіп, Қазан революциясының дауылы астаң-кестеңін шығарса да, елдік қалпынан, дәстүр-салтынан, ән-жыры мен би-күйінен әл-әзір ажырай қоймаған ортада өскендіктен болар, Рақаң халықтық өнерге жастайынан араласты. Домбыра тартып, күй шертуді үйренді. Клуб көркемөнерпаздарының белсенді мүшесі болды. Айтыстарға қатысып, жанынан суырып салып айтуға машықтанды. Ащысай кенішінде еңбек еткен жылдары "Оңтүстік Қазақстан" газетінде кеншілер өмірінен жазған өлеңдері мен очерктері де жарық көріп тұрды. Осылайша Рақаңның мәдениетке жақындығы, оны жанындай сүйетіні болашақ ғалымның балаң жылдарында-ақ белгілі бола бастады. Өнерге деген құштарлық оны астанаға қарай жетеледі. Бұл кезде күй атасы Құрманғазыдан бастап бірнеше халық компазиторларының ондаған күйлерін домбырада шебер орындай білетін, өзінің пайымдауынша бойында басқа да әртістік қабілеттер жоқ емес Рақаң консерваторияға түсуді жоспарлайды.
22.07.2013 09:52 3926

Ғалымның шығармашылық өмірде ел мүддесі жолындағы осындай табанды күрескерлікті таңдауына не себеп болды? Бәлкім бұл ана сүтімен, әке тәрбиесімен, өскен ортаның тәлімімен бойға сіңген қасиетін ер жетіп, оң-солын тани келе іздегенде, ата салтынан, қазақтық қалпынан біртіндеп қашықтап бара жатқан (дұрысы басқа біреулер қашықтатқан) халқының мүшкіл хәлін көріп, отқа күйген яки суға батып бара жатқан баласын құтқаруға ұмтылған жандай болып шырқыраған адамның жанайқайындай жанашырлық па екен?! Әлде ұлттың өзіндік болмыспен дамуына титтей де болса үлес қоссам деген ниеттің бара-бара дес бермеген үлкен мұратқа айналуы ма екен? Жоқ әлде таңдаған мамандығына байланысты қалам тербеу барысында қоғам тіршілігіне қатысты сан алуан проблемаларды көтере жүріп қайраткерлікке бой ұрғанын өзі де байқамай қалды ма? Қалай болғанда да елінің ертеңіне елеңдеген, беймаза да бейнетқор, халқына адал осы бір перзенттің ұлт мүддесін бәрінен жоғары қойып, сол жолды өз өмірінің айнымас шамшырағы етіп алғаны ақиқат.

Әрине, жоғарыда өзіміз әңгімелегендей, қазақ ұлтының, қала берді барша түрік жұртының сөзін сөйлейтін "һәм оны басқаларға да тыңдата білетін сәруарлыққа" (М. Әлімбаев) жетуге дейін ғалым өмірдің ұзақ та күрделі соқпақтарынан өтті. Әңгіме түсінікті болу үшін Рақаңның өмірі мен шығармашылығына қысқаша шолу жасай кеткенді жөн көрдік.

Кеңес үкіметінің әлі қабырғасы қатая қоймаған кезінде Оңтүстік Қазақстанның қияндағы бір ауылында дүниеге келіп, Қазан революциясының дауылы астаң-кестеңін шығарса да, елдік қалпынан, дәстүр-салтынан, ән-жыры мен би-күйінен әл-әзір ажырай қоймаған ортада өскендіктен болар, Рақаң халықтық өнерге жастайынан араласты. Домбыра тартып, күй шертуді үйренді. Клуб көркемөнерпаздарының белсенді мүшесі болды. Айтыстарға қатысып, жанынан суырып салып айтуға машықтанды. Ащысай кенішінде еңбек еткен жылдары "Оңтүстік Қазақстан" газетінде кеншілер өмірінен жазған өлеңдері мен очерктері де жарық көріп тұрды. Осылайша Рақаңның мәдениетке жақындығы, оны жанындай сүйетіні болашақ ғалымның балаң жылдарында-ақ белгілі бола бастады.

Өнерге деген құштарлық оны астанаға қарай жетеледі. Бұл кезде күй атасы Құрманғазыдан бастап бірнеше халық компазиторларының ондаған күйлерін домбырада шебер орындай білетін, өзінің пайымдауынша бойында басқа да әртістік қабілеттер жоқ емес Рақаң консерваторияға түсуді жоспарлайды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға