Луис Энрике «Барселонаның» бас бапкері болуы мүмкін
Испандық маман Луис Энрике «Барселонаның» бас бапкері қызметіне басты кандидат атанып отыр, деп хабарлайды Sport.es.
2013 жылдың маусымында испандық «Сельтаға» басшылық етуге келген 43-жастағы Энрике клубпен екі жылға келісімшарт жасасқан еді. Енді каталондықтар Энрикені шақырту үшін «Сельтаға» үш миллион еуро көлемінде өтемақы төлеуі тиіс.
Атап өту керек, 2008-2011 жылдары Энрике «Барселона» жастар командасына, кейіннен италияндық «Ромаға» басшылық жасады.
Сонымен қатар, бұл орынға үміткерлер қатарында Андре Виллаш-Боаш («Тоттенхэм»), Микаэль Лаудруп («Суонси»), Роналд Куман («Фейеноорд») және Эрнесто Вальверде («Атлетик») бар.
Естеріңізге салайық, «Барселонаның» бұрынғы бас жаттықтырушысы 44-жастағы Тито Виланова денсаулығының нашарлауына байланысты қызметінен кеткен болатын.
bnews.kz