Кеннеди кітапханасы алғаш рет Хемингуэйдің балалық шағы туралы альбомды ұсынбақ
22.07.2013 02:53
3139
Эрнест Хэмингуэй тырнақалды әңгімесіне қалам тербегенше, оның анасы өзінің ұлы туралы тұтас бір кітап жазып шыққан. Бүгінде Джон Кеннеди атындағы кітапхананың арқасында 40 жыл бойы арнайы қоймада сақталған, теріден түптелген 5 альбом әлеуметтік желілерде қолжетімді болмақ.
Онда жас Хемингуэйдің күнделікті тірлігін суреттейтін бірегей материалдар қамтылған. Альбомдар суреттерден, Хемингуэйдің балалық шағындағы айтқан сөздерінен, оның өзі салған суреттерінен, анасының хаттары мен жазбаларынан тұрады.
ҚазАқпарат.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
«Тур де Франс» көпкүндік веложарысында британдық Фрум топ жарды
Келесі жаңалық
Аcтанадағы LRT дeпocының құpылыcы баcталды