Өзбекстанда ТМД-дағы ең ұзын жүк таситын аспалы жол салынады
Ұзындығы 33 шақырым болатын жол Өзбекстанның Қашқадария облысында орналасқан Диқанабад калий тыңайтқыштары зауыты үшін салынбақ. Қазіргі кезде тыңайтқын өндірісі үшін шикізат калий тұздары кенішінен зауытқа самосвалдармен жеткізіледі.
Жолды жобалаумен және салумен Пермьнің «Батыс-Урал машина жасау концерні» айналысады. Оның құрыш құрылғыларын жеткізу жөнінде «Северстальдің» еншілес кәсіпорны - «Раделли» компаниясымен шарт жасалған.
Жолдың сметалық құны 43 миллион долларға бағалануда. Онымен жылына 2,1 миллион тонна жүк тасымалданбақ.
Диқанабад калий тыңайтқыштары зауыты 2010 жылы іске қосылған болатын. Оның жобалық қуаты - жылына 200 мың тонна өнім шығару. Кәсіпорын алдағы уақытта қуаты жылына 400 мың тонналық тағы бір өндірістік желіні іске қосуды жоспарлап отыр.
ҚазАқпарат.