Жаңалықтар

Сыбызғы сыры

Ерте заманда Асан деген баланың жеті жасындаәкесі өліп, жетім қалыпты. Өздері өте кедей екен. Ішерге асы, киерге киімдері болмаған соң Асанныңшешесі Жаңыл, баласын жетелеп жүріп, ел қыдырыпкүнелтетін болыпты. Күндердің бір күні Жаңыл апаАсанды жетелеп Таһир ханның сарайына келіп, жәрдем сұрап, мұңын айтыпты. Хан жаны ашып, жәрдем берудің орнына Жаңылға қарап былай депті: - Менің аңға қосатын тазы иттеріме күтуші бол. Иттермен бірге жат, тамағың да солармен бірге болады. Балаң ақсақ-тоқсақ қойларды бақсын. Ерте тұрып, кеш жатасыңдар, тамақты аз ішіп, жұмысты көп істейтін боласыңдар. Қысқасы өзің - күң, балаң - құл болады. Ойымдағыдай жақсы істемесеңдер бастарың алынады, - депті. Жанашыр жақыны, жалтарар өрісі жоқ Жаңыл мен Асан сол күннен бастап ханның кіріптар күңі мен құлы болды. Иттермен бірге жатып, бірге тамақтанды. Айдан ай, жылдан жыл өтті. Ауыр еңбек, итқорлық тұрмыс Жаңылды да, Асанды да әбден жүдетті. Панасыз екі сорлы егіле жылап, шыдай берді. Аңшы иттердің үстін жуып, жүндерін тарап, тамақтарын беріп жатқызған соң, итқораның есігін ішінен бекітіп алады да, сорлы ана Асанын бауырына қысыпжатып, түні бойы зарлайды. Қайғы-қасіреттің зарыөткен шерлі ана мұңын айтып күңіренеді: Ит өмірде итшімін, Итпен бірге үйшігім, Иттің де бар иесі, Иттен де жаман біздің күн. деген мұңлы зарымен басталды да: Ит өмірден құтылып, Жарылқайтын күн туып, Жақсылық көрер ел бар ма, Бәйшешегі құлпырып, - деген үнді саз қалықтай самғап шарықтай жөнелді. Күй сарыны кейде күмілжи күбірлеп барып ашына түсіп, аспанға өрлегендей, кейде зулап қияға ұшқан қырандай шығындайды да, сазы, алдағы мұрат, тамылжыған тәтті үн, асқақ әуенге қосыла келіп Асанды сергіте желпіп жетелегендей, шыңырау түбінен шыңға қарай, қараңғы тұманнан күн шуақты жарық нұрға қарай алып бара жатқан сияқты. Сарай ашылып, тынысы кеңіп, көз жанары жайнайды оның. Міне, Асанның тап алдында ақ бауыр киіктің ала таңдақ екі лағы «Арман» күйінің әуеніне билеп жүр. Олар би қызығына еліге елтіп, өздерінің адамнан безер аң екенін де ұмытып кеткен. Сыбызғы сазы сызыла шырқаған сайын лақтар Асанға жақындай түседі. Сөйте, сөйте енесі мен екі лақ Асанды орталарына алып, айнала шапқылап, асыр салып ойнақтай, билеп жүретін болды. Өз өнері өмір қасіретін серпілте сейілткендей болғанАсан егіз екі лақты өзінің бірге туған бауырындай,екеуінің енесін өз анасы Жаңылдай жақын сезініп, жақсы көретін еді. Асанға көңіл көтерер ермек те көңіл күйін, арман-шерін бөлісер дос та табылды. Күнде ақсақ-тоқсақтарын ілбітіп айдап келеді де, ақ бастаудың жағасына жусатып қойып, Асан Сандықтастың басына шығып, сыбызғысын тартады екен. Егіз лағын емізе шұбатып ақ бауыр киік те келіп, Асанның күйін тыңдап, билейді екен.Күндерде бір күн, Асан сыбызғы тартып, киіктер бибилеп, ешбір қапа, қайғысы жоқтай, мәз-мейрам болып отыр еді, кенеттен тарс еткен мылтық даусы бар тыныштықты бұзды да жіберді. Мылтық даусы мен көк жалын ащы түтіннің астында қалған Асан не болып қалғанын біраз ес жиған соң ғана білді.Аузынан шыққан оқтың жалыны әлі арылып болмаған жезді ауыз шитісін оң қолымен көтере ұстаған Таһир ханның жалғыз баласы келе Асанды қамшының астына алды. -        Анау асыранды киіктеріңді маған ұстап бер.Әйтпесе өлтіремін, қазір! -        Мырза-ау, мен сияқты өз тамағын әрең асырапжүрген жалаңаш кедей киік асырай ма? Сіз ұстай алмаған киікті мен қайтып ұстармын,- деді де Асан хан баласының тепкісіне жонын бере домаланып жата берді. Асанды өзі шаршағанша ұрып, тепкіледі де хан баласы арғымағына мініп әкесіне келіп айтты. -        Итшінің баласының биші киігі бар екен, соныұстатып бер. «Аузы қисық болса да хан баласы сөйлеген заман» деп халық айтқандай, хан баласының айтқанын орындапты. Жаңыл мен Асанды шақыртып алыпты да: -        Биші киікті ертең осы уақытқа дейін менің алдыма әкеліп бермесеңдер, сен қатынды ішіңді жарғызып итке салғызам, сен балаға көзіңе қорғасын ерітіп құйғызамын. Жарлық бір. Орындаңдар! - депті. Амалы құрыған аналы-балалы екі сорлы күн жылап, түн жылап, ақыры аңбауыр киіктің бір лағын сұрап алуға сөз байлапты. Өзі үшін емес анасын аяған Асан ертеңіне Ақбастаудың басына келіп дос киіктерін шақырды. Көкірегі шерлі қойшының сыбызғыдан шыққан мұңы күндегіден зарлы да қайғылы еді. Билеп жүрген киіктер қайтар кезінде бірлағын қалдырып, өзгесі Асанмен қош айтысқандай ишарат білдірді де кетіп қалды. Қалған лақты Асан ханға әкеліп берді де, аз күнге болса да анасы мен екеуі өлім азабынан аман қалды. -        Таһир ханның алдында адам түгіл аң да қызмет істегендігін жұрт білсін, тарт сыбызғыңды! - деп бұйырды хан сыбызғышысына. Хан алдына құрдай жорғалап, бөденедей қорғалап, жағымпаздықтың жәдігөйлігіне әбден төселіп алған сарай сыбызғышысы бар өнерін аямастан-ақ ойнап көрді. Бірақ киіктің лағы мелшиіп тұрып алды. Бұған әбден ашуланып, ыза кернеген хан сарай сыбызғышысының басын шауып алды да екіншібіреуін алдырып ойнатты. Лақ тағы билемеді. Хан бұл сыбызғышыны да өлтіріпті. Үшінші сызғышыға кезек жеткенде: -        Тақсыр, дәт! - деді сыбызғышы. -        Дәтің болса айт! - деді хан. -        Алдияр ханым, барлық керемет осы лақты билеткен қойшының сыбызғысында. Ол сыбызғының сыры бар. Сол сиқырлы сыбызғыны алдырып берсеңіз, мен лақты билетер едім, - депті сыбызғышы. Хан жендетіне сыбызғыны алып келуге жарлық етіпті. Жендет қой бағып жүрген Асанды басқа бір салды да сыбызғысын алып келді.Сыбызғышы олай тартты, былай тартты лақты билете алмады. Ақырында хан оның да басын алды.Сол елде екі жүз елу жыл жасаған бір сыбызғышықария бар еді. Хан жазықсыз елді зар жылатып, көзіне көрінген сыбызғышының басын алып жатыр дегенді естіп, сол қария ханға келіпті де: -        Тақсыр хан, бұл лақ ханның жарлығына да, сыбызғының сиқырына да билемейді. Кеп сыбызғының сиқырлығында емес, сырында. Ел мұңын шағып, жүрек қылын шерткен шындығында. Сыбызғының сазды сыры қойшы баланың нәзік саусақ, шебер қолына тигенде ғана ашылады, сырымен бірге жыры да төгіледі сонда қойшының.Елді бекер қырмаңыз, сыбызғышы қойшының өзін алдырып ойнатсаңыз лақ та билейді, сіз бен біз де сазды әуенге кенеліп, жадыраймыз депті. Қария сөзіне еріксіз тоқтаған хан Асанды алдырып ойнатқан екен, лақ бұрынғысынан да тамаша билепті. Асанның өнеріне риза болған хан: -        Мен көр етсем құртамын, рақым етсем жарылқаймын. Не тілегің бар, сұра! - депті. -        Менің бар тілегім анам мен екеумізге бостандық беріңіз, киіктің лағын өзінің тауына жібертіңіз, - депті Асан. Хан айтқан сөзінен қайта алмай Асанның тілегін орындапты. Сол күннен бастап, Жаңыл мен Асан ақбауыр киіктің екі лағымен бірге елден елге, таудан тауға барып жүрін«Арман» күйін әлемге жайыпты.  
16.07.2013 09:08 4815

Ерте заманда Асан деген баланың жеті жасындаәкесі өліп, жетім қалыпты. Өздері өте кедей екен. Ішерге асы, киерге киімдері болмаған соң Асанныңшешесі Жаңыл, баласын жетелеп жүріп, ел қыдырыпкүнелтетін болыпты. Күндердің бір күні Жаңыл апаАсанды жетелеп Таһир ханның сарайына келіп, жәрдем сұрап, мұңын айтыпты. Хан жаны ашып, жәрдем берудің орнына Жаңылға қарап былай депті:

- Менің аңға қосатын тазы иттеріме күтуші бол. Иттермен бірге жат, тамағың да солармен бірге болады. Балаң ақсақ-тоқсақ қойларды бақсын. Ерте тұрып, кеш жатасыңдар, тамақты аз ішіп, жұмысты көп істейтін боласыңдар. Қысқасы өзің - күң, балаң - құл болады. Ойымдағыдай жақсы істемесеңдер бастарың алынады, - депті. Жанашыр жақыны, жалтарар өрісі жоқ Жаңыл мен Асан сол күннен бастап ханның кіріптар күңі мен құлы болды. Иттермен бірге жатып, бірге тамақтанды. Айдан ай, жылдан жыл өтті. Ауыр еңбек, итқорлық тұрмыс Жаңылды да, Асанды да әбден жүдетті. Панасыз екі сорлы егіле жылап, шыдай берді. Аңшы иттердің үстін жуып, жүндерін тарап, тамақтарын беріп жатқызған соң, итқораның есігін ішінен бекітіп алады да, сорлы ана Асанын бауырына қысыпжатып, түні бойы зарлайды. Қайғы-қасіреттің зарыөткен шерлі ана мұңын айтып күңіренеді:

Ит өмірде итшімін,

Итпен бірге үйшігім,

Иттің де бар иесі,

Иттен де жаман біздің күн.

деген мұңлы зарымен басталды да:

Ит өмірден құтылып,

Жарылқайтын күн туып,

Жақсылық көрер ел бар ма,

Бәйшешегі құлпырып, -

деген үнді саз қалықтай самғап шарықтай жөнелді. Күй сарыны кейде күмілжи күбірлеп барып ашына түсіп, аспанға өрлегендей, кейде зулап қияға ұшқан қырандай шығындайды да, сазы, алдағы мұрат, тамылжыған тәтті үн, асқақ әуенге қосыла келіп Асанды сергіте желпіп жетелегендей, шыңырау түбінен шыңға қарай, қараңғы тұманнан күн шуақты жарық нұрға қарай алып бара жатқан сияқты. Сарай ашылып, тынысы кеңіп, көз жанары жайнайды оның. Міне, Асанның тап алдында ақ бауыр киіктің ала таңдақ екі лағы «Арман» күйінің әуеніне билеп жүр. Олар би қызығына еліге елтіп, өздерінің адамнан безер аң екенін де ұмытып кеткен. Сыбызғы сазы сызыла шырқаған сайын лақтар Асанға жақындай түседі. Сөйте, сөйте енесі мен екі лақ Асанды орталарына алып, айнала шапқылап, асыр салып ойнақтай, билеп жүретін болды. Өз өнері өмір қасіретін серпілте сейілткендей болғанАсан егіз екі лақты өзінің бірге туған бауырындай,екеуінің енесін өз анасы Жаңылдай жақын сезініп, жақсы көретін еді. Асанға көңіл көтерер ермек те көңіл күйін, арман-шерін бөлісер дос та табылды. Күнде ақсақ-тоқсақтарын ілбітіп айдап келеді де, ақ бастаудың жағасына жусатып қойып, Асан Сандықтастың басына шығып, сыбызғысын тартады екен. Егіз лағын емізе шұбатып ақ бауыр киік те келіп, Асанның күйін тыңдап, билейді екен.Күндерде бір күн, Асан сыбызғы тартып, киіктер бибилеп, ешбір қапа, қайғысы жоқтай, мәз-мейрам болып отыр еді, кенеттен тарс еткен мылтық даусы бар тыныштықты бұзды да жіберді. Мылтық даусы мен көк жалын ащы түтіннің астында қалған Асан не болып қалғанын біраз ес жиған соң ғана білді.Аузынан шыққан оқтың жалыны әлі арылып болмаған жезді ауыз шитісін оң қолымен көтере ұстаған Таһир ханның жалғыз баласы келе Асанды қамшының астына алды.

-        Анау асыранды киіктеріңді маған ұстап бер.Әйтпесе өлтіремін, қазір!

-        Мырза-ау, мен сияқты өз тамағын әрең асырапжүрген жалаңаш кедей киік асырай ма? Сіз ұстай алмаған киікті мен қайтып ұстармын,- деді де Асан хан баласының тепкісіне жонын бере домаланып жата берді. Асанды өзі шаршағанша ұрып, тепкіледі де хан баласы арғымағына мініп әкесіне келіп айтты.

-        Итшінің баласының биші киігі бар екен, соныұстатып бер. «Аузы қисық болса да хан баласы сөйлеген заман» деп халық айтқандай, хан баласының айтқанын орындапты. Жаңыл мен Асанды шақыртып алыпты да:

-        Биші киікті ертең осы уақытқа дейін менің алдыма әкеліп бермесеңдер, сен қатынды ішіңді жарғызып итке салғызам, сен балаға көзіңе қорғасын ерітіп құйғызамын. Жарлық бір. Орындаңдар! - депті. Амалы құрыған аналы-балалы екі сорлы күн жылап, түн жылап, ақыры аңбауыр киіктің бір лағын сұрап алуға сөз байлапты. Өзі үшін емес анасын аяған Асан ертеңіне Ақбастаудың басына келіп дос киіктерін шақырды. Көкірегі шерлі қойшының сыбызғыдан шыққан мұңы күндегіден зарлы да қайғылы еді. Билеп жүрген киіктер қайтар кезінде бірлағын қалдырып, өзгесі Асанмен қош айтысқандай ишарат білдірді де кетіп қалды. Қалған лақты Асан ханға әкеліп берді де, аз күнге болса да анасы мен екеуі өлім азабынан аман қалды.

-        Таһир ханның алдында адам түгіл аң да қызмет істегендігін жұрт білсін, тарт сыбызғыңды! - деп бұйырды хан сыбызғышысына. Хан алдына құрдай жорғалап, бөденедей қорғалап, жағымпаздықтың жәдігөйлігіне әбден төселіп алған сарай сыбызғышысы бар өнерін аямастан-ақ ойнап көрді. Бірақ киіктің лағы мелшиіп тұрып алды. Бұған әбден ашуланып, ыза кернеген хан сарай сыбызғышысының басын шауып алды да екіншібіреуін алдырып ойнатты. Лақ тағы билемеді. Хан бұл сыбызғышыны да өлтіріпті. Үшінші сызғышыға кезек жеткенде:

-        Тақсыр, дәт! - деді сыбызғышы.

-        Дәтің болса айт! - деді хан.

-        Алдияр ханым, барлық керемет осы лақты билеткен қойшының сыбызғысында. Ол сыбызғының сыры бар. Сол сиқырлы сыбызғыны алдырып берсеңіз, мен лақты билетер едім, - депті сыбызғышы. Хан жендетіне сыбызғыны алып келуге жарлық етіпті. Жендет қой бағып жүрген Асанды басқа бір салды да сыбызғысын алып келді.Сыбызғышы олай тартты, былай тартты лақты билете алмады. Ақырында хан оның да басын алды.Сол елде екі жүз елу жыл жасаған бір сыбызғышықария бар еді. Хан жазықсыз елді зар жылатып, көзіне көрінген сыбызғышының басын алып жатыр дегенді естіп, сол қария ханға келіпті де:

-        Тақсыр хан, бұл лақ ханның жарлығына да, сыбызғының сиқырына да билемейді. Кеп сыбызғының сиқырлығында емес, сырында. Ел мұңын шағып, жүрек қылын шерткен шындығында. Сыбызғының сазды сыры қойшы баланың нәзік саусақ, шебер қолына тигенде ғана ашылады, сырымен бірге жыры да төгіледі сонда қойшының.Елді бекер қырмаңыз, сыбызғышы қойшының өзін алдырып ойнатсаңыз лақ та билейді, сіз бен біз де сазды әуенге кенеліп, жадыраймыз депті. Қария сөзіне еріксіз тоқтаған хан Асанды алдырып ойнатқан екен, лақ бұрынғысынан да тамаша билепті. Асанның өнеріне риза болған хан:

-        Мен көр етсем құртамын, рақым етсем жарылқаймын. Не тілегің бар, сұра! - депті.

-        Менің бар тілегім анам мен екеумізге бостандық беріңіз, киіктің лағын өзінің тауына жібертіңіз, - депті Асан. Хан айтқан сөзінен қайта алмай Асанның тілегін орындапты. Сол күннен бастап, Жаңыл мен Асан ақбауыр киіктің екі лағымен бірге елден елге, таудан тауға барып жүрін«Арман» күйін әлемге жайыпты.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға