VI бөлім
Қожанасырдың май сатып алуы
Бір күні Қожа май сатып алу үшін базарғабарады.
Әйелі оған бір кесе беріп:
- Мына кесеге еріген май құйғызып әкел, - деп тап-
сырады. Қожа май сатушыға келеді. Қожекең майды
ыдысының шамасынан көбірек алады. Ол майды кесесіне
құйғызады. Бірақ май кесеге сыймай, асып кетеді.
Сол жерде сатушы:
- Май кесеңе сыймайды. Қалғанын қайда құямыз? -
дейді. Қожа жалма-жан кесесін төңкеріп жіберіп:
- Қалғанын мына жағына құй! - деп, кесесінің
түбіне құйгызып, Қожекең сол бойында кесеніұстап
үйіне келеді. Алдынан әйелі шығып:
- Майды мұнша неге аз алдың? - деп сұрағанда,
Қожа:
- Жалғыз бұл емес, мына жағында да бар, - деп,
кесені тағы да төңкеріп қалады.
Сонымен, кесенің түбіндегі аз ғана май да төгіліп
қалыпты.
«Өлген» қазан
Баяғыда біреу той жасапты, тойға көп кісі жиналып-
ты, Қожа да келіпті. Қожанасырдың үстіндегі киімі жа-
ман екен. Қожанасырды ешкім елемепті. «Төрге шық, та-
мақ іш», - демепті.
Қожа үйден шығып кетеді де үйіне барып, тәуір
киімдерін киіп, қайта келеді.
Бұл жолы үй иесі Қожанасырды құрметтейді, төрден
орын береді, ет келгенде:
- Қожеке, алыңыз, алыңыз! - деп, қошеметтейді.
Қожа етті жемей, табаққа шапанының жеңін малып:
- Же, шапаным, же! - деп, отыра береді.
Үй иесі:
- Сіздің бұ не қылғаныңыз? Шапан ет жейтін бе еді? -
дейді.
Сонда Қожа:
- Сен кісіні сыйламайды екенсің, киімді сыйлайды
екенсің. Сондықтан шапаныма жегізіп отырғаным! - деп,
жауап береді.
Қожанасырдың тойға баруы
Баяғыда біреу той жасапты, тойға көп кісі жиналыпты, Қожа да келіпті. Қожанасырдың үстіндегі киімі жаман екен. Қожанасырды ешкім елемепті. «Төрге шық, тамақ іш», - демепті. Қожа үйден шығып кетеді де үйіне барып, тәуір киімдерін киіп, қайта келеді. Бұл жолы үй иесі Қожанасырды құрметтейді, төрден орын береді, ет келгенде:
- Қожеке, алыңыз, алыңыз! - деп, қошеметтейді. Қожа етті жемей, табаққа шапанының жеңін малып:
- Же, шапаным, же! - деп, отыра береді.
Үй иесі:
- Сіздің бұ не қылғаныңыз? Шапан ет жейтін бе еді? - дейді.
Сонда Қожа:
- Сен кісіні сыйламайды екенсің, киімді сыйлайды екенсің. Сондықтан шапаныма жегізіп отырғаным! - деп, жауап береді.
Қожа мен хан
Бір күні Қожанасыр бір баймен жанжалдасыпханның алдына жүгініске бармақшы болады. Бай сыйлық беріп, хан байдың сөзін сөйлейтінін сезген Қожа хан алдына қойнына бір үлкен тас салып барады. Хан екі жағының да арызын тыңдап болып, енді үкім айтуға кірісерде, Қожа қақырынып қояды. Хан бұрылып, Қожаның бетіне жалт қарайды. Сонда Қожа ханға жұдырығымен қойнын көрсетеді. Ханның көзі Қожанасырдың қойнына түседі, өйткені Қожанасырдың қойны біраз қомақты болып, томпайып тұр екен. Хан Қожанасырдың қойнында көп алтын бар екен деп дәмеленеді. «Менің сөзімді сөйлесең, осы алтынды саған берем», -
деп тұр екен деп, ойлайды ол. Сондықтан хан сөзді салмақтай келіп, Қожанасырдың арызын дұрыстайды. Үкімге риза болмаған бай ашуланып, кетіп қалады. Кеткен соң, хан күлімдеп, Қожанасырды жанына
шақырып алып:
- Ал Қожеке, маған ризасың гой. Байды саған жығып бердім. Енді қойныңдағы алтыныңды бер! - дейді.
- Тақсыр, мен сізге алтын көрсеткенім жоқ қой. Менің қойнымдағы алтын емес, тас еді, - деп, Қожа қойындағы тасты алдына тастай береді.
- Сен маған билік айтарда, көзіңді қысып, қойыныңды көрсеттің, ол не дегенің еді? - деп, сұрайды хан.
- Уа, тақсыр! Менің қойнымды көрсеткенім: «Хан әділ билік айт, әйтпесе мына таспен ұрып жығам!» -дегенім еді, - дейді Қожа.