Жаңалықтар

Тамақты суретке түсіріп, интернетке жүктеу жақсылықтың нышаны емес

Бүгінгі таңда шетелді былай қойғанда, еліміздің жастары арасында да "біртүрлі" әдет қалыптасып келеді. Яғни, жеп отқан тамағын суретке түсіріп, оны интернетке жүктеп қою. Ғалымдар болса ұл-қыздардың бұл қылығын жақсылықтың нышаны емес дегенді айтып отыр.  Торонто Университетінің психиатр маманы Валери Тейлор жастардың ас-ауқатты суретке түсіріп, әлеуметтік желілерге жүктеп қоюы жүйке жүйесінің бұзылғандығының белгісі дейді. Және ол соңғы уақытта бұл қылықты өздеріне әдет қылған адамдардың саны тым артып кеткендігін де айтып отыр. "Біреулер үшін тамақтың суретін интернетке жүктеу жай ғана еріккеннің ермегі болуы мүмкін. Ал, жастардың көпшілігі мұны қазір өздеріне міндет етіп алған секілді. Тамақтану олар үшін өмірінің ең бір маңызды бөлігіне айналып бара жатқандай. Тіпті, ондай жандар дастархан басында айналасында отырған адамдар жайында мүлдем ұмытып, ойының барлығы алдына алып келген асты суретке түсіруге бағытталады. Бұл әсіресе, артық салмағы бар жастар үшін қауіпті қылық" дейді Тейлор. Иә, сенің не жегенің және не жегелі жатқаның өзіңе маңызды шығар. Алайда, әлеуметтік желілерде отырып, жұрттың алдында ол жайында есеп беру біреуді қызықтырады деп айту қиын.  Біздің мемлекетте бұл мәселе әлі проблемаға айналған жоқ. Ал, Батыс елдерінде кейбір дәмханаларға қазір фотоаппаратпен кіргізбейді екен. Baq.kz
16.07.2013 04:46 4478

Бүгінгі таңда шетелді былай қойғанда, еліміздің жастары арасында да "біртүрлі" әдет қалыптасып келеді. Яғни, жеп отқан тамағын суретке түсіріп, оны интернетке жүктеп қою. Ғалымдар болса ұл-қыздардың бұл қылығын жақсылықтың нышаны емес дегенді айтып отыр. 

Торонто Университетінің психиатр маманы Валери Тейлор жастардың ас-ауқатты суретке түсіріп, әлеуметтік желілерге жүктеп қоюы жүйке жүйесінің бұзылғандығының белгісі дейді. Және ол соңғы уақытта бұл қылықты өздеріне әдет қылған адамдардың саны тым артып кеткендігін де айтып отыр.
"Біреулер үшін тамақтың суретін интернетке жүктеу жай ғана еріккеннің ермегі болуы мүмкін. Ал, жастардың көпшілігі мұны қазір өздеріне міндет етіп алған секілді. Тамақтану олар үшін өмірінің ең бір маңызды бөлігіне айналып бара жатқандай. Тіпті, ондай жандар дастархан басында айналасында отырған адамдар жайында мүлдем ұмытып, ойының барлығы алдына алып келген асты суретке түсіруге бағытталады. Бұл әсіресе, артық салмағы бар жастар үшін қауіпті қылық" дейді Тейлор.
Иә, сенің не жегенің және не жегелі жатқаның өзіңе маңызды шығар. Алайда, әлеуметтік желілерде отырып, жұрттың алдында ол жайында есеп беру біреуді қызықтырады деп айту қиын. 
Біздің мемлекетте бұл мәселе әлі проблемаға айналған жоқ. Ал, Батыс елдерінде кейбір дәмханаларға қазір фотоаппаратпен кіргізбейді екен.

Baq.kz

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға