Жаңалықтар

Рамазан бойы Пайғамбар (с.ғ.с.) шапанын көру мүмкіндігі бар

Түркия мұсылмандары ардақты Мұхаммед Пайғамбарымыздан қалған шапанды  Ыстамбұлдағы «Хырка-и Шериф» мешітінде тамашалай алады, деп хабарлайды «Анадолу» агенттігі. Бұл қасиетті жәдігерді бүгінгі күнге дейін аль-Карани әулеті сақтап келген. Кезінде аль-Карани әулетінің ата-бабасына ардақты Пайғамбарымыз (с.ғ.с.)  аманат ретінде тапсырған екен.  muftyat.kz сайтының жазуынша, көрменің ресми ашылуына Түркияның вице-премьері Бекир Боздаг пен Ыстамбұлдың мүфтиі Рахми Яран қатысты.  Бұндай қасиетті экспонатты мұсылман қауымы Рамазан айы бойы тамашалай алады. ҚазАқпарат.
16.07.2013 04:35 3253

Түркия мұсылмандары ардақты Мұхаммед Пайғамбарымыздан қалған шапанды  Ыстамбұлдағы «Хырка-и Шериф» мешітінде тамашалай алады, деп хабарлайды «Анадолу» агенттігі.

Бұл қасиетті жәдігерді бүгінгі күнге дейін аль-Карани әулеті сақтап келген. Кезінде аль-Карани әулетінің ата-бабасына ардақты Пайғамбарымыз (с.ғ.с.)  аманат ретінде тапсырған екен. 

muftyat.kz сайтының жазуынша, көрменің ресми ашылуына Түркияның вице-премьері Бекир Боздаг пен Ыстамбұлдың мүфтиі Рахми Яран қатысты. 

Бұндай қасиетті экспонатты мұсылман қауымы Рамазан айы бойы тамашалай алады.

ҚазАқпарат.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға