Жаңалықтар

Ресейлік жомарттар анықталды

Форбстың ресейлік нұсқасы, 50 ең бай ресейлік қайырымдылыққа қанша сома қаражат аударатынын анықтады. Сонымен қатар баспа, 2012-жылдың меценаттар рейтингін жасап шығарды деп жазады mk.ru сайты. Журналистер 50 ең ірі ресейлік бай-манаптан осы турасындағы ақпаратты анықтап алмақ болғанымен, оның тек сегізі ғана жауап жазды. Қолы ашық милииардер-меценаттар рейтингінде бірінші орынды "Металлинвест" иегері Әлішер Усманов (суретте- Авт.) иеленді. Ол өткен жылы өзінің 180 миллион долларын қайырымдылыққа жұмсаған. Екінші сатыда- Millhouse Capital мен "Челси" футбол клубының қожайыны Роман Абрамович келеді. Жомарттығының арқасында ол 111 миллион долларын жұмсап үлгерген. Үздік үштікте Усмановтың іскер серіктесі Андрей Скоч келеді. Бір жылда ол 40,2 миллион долларын қайырымдылық қорларына жұмсаған. Атымтай жомарттар 2012 жылы жалпы сомасы 390 миллион долларды қайырымдылыққа арнапты. Baq.kz
15.07.2013 09:23 2496

Форбстың ресейлік нұсқасы, 50 ең бай ресейлік қайырымдылыққа қанша сома қаражат аударатынын анықтады. Сонымен қатар баспа, 2012-жылдың меценаттар рейтингін жасап шығарды деп жазады mk.ru сайты.

Журналистер 50 ең ірі ресейлік бай-манаптан осы турасындағы ақпаратты анықтап алмақ болғанымен, оның тек сегізі ғана жауап жазды. Қолы ашық милииардер-меценаттар рейтингінде бірінші орынды "Металлинвест" иегері Әлішер Усманов (суретте- Авт.) иеленді. Ол өткен жылы өзінің 180 миллион долларын қайырымдылыққа жұмсаған. Екінші сатыда- Millhouse Capital мен "Челси" футбол клубының қожайыны Роман Абрамович келеді. Жомарттығының арқасында ол 111 миллион долларын жұмсап үлгерген. Үздік үштікте Усмановтың іскер серіктесі Андрей Скоч келеді. Бір жылда ол 40,2 миллион долларын қайырымдылық қорларына жұмсаған. Атымтай жомарттар 2012 жылы жалпы сомасы 390 миллион долларды қайырымдылыққа арнапты.

Baq.kz

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға