Жаңалықтар

Құлыншақтың ұрпағынан бізге ұшырағаны Исахан ғана

«Ел ішіндегі аңыз-әңгімелерде күшті ақындар санатында ауызға алынатын адамның бірі – Құлыншақ Кемелұлы. Түпкі тегі – Қоңырат, өз руы Саңғыл. Оңтүстік Қазақстан облысының Созақ ауданындағы «Жартытөбе» деген совхоз тұрған жерде 1831 жылы туған. Қайтыс боларының алдында Меккеге қажылыққа кетіп, содан қайтар жолда 1901 жылы опат болған. Өз өмірінде үш рет үйленіп, 23 перзент көрген кісі делінеді. Балаларынан өзіндей ақындық өнерімен көзге түскені Ысқақ, оның Қадиша деген ақын қызбен айтысы 1965 жылы басылып шыққан «Айтыс» жинағында жарияланған. Құлыншақтың ұрпағынан бізге ұшырағаны Исахан ғана. Онда ол кісі 63-64 жаста еді. 1961 жылдың жазында ақынның туған жерінде болып, Исекеңмен сөйлескенімізде ауызекі берген мәліметінің жосыны жоғарыдағыдай. Біздің қолымызда әзірше бары – Майлықожа ақынмен айтысы және Түркістан қаласында болғанда сөз қағысқан бір ауыз өлеңі, Созақта жатып, шоқтастағы Мұсабек  (Молда Мұса) ақынға жазған сәлем хаты ғана. Бұларды біз жоғарыда аттары аталған ақындардың шығармаларын талдағанда сөз етеміз. Оңтүстік Қазақстан ақындарының жас жағынан Мәделіқожа, Құлыншақтан кейінгісі, бірақ ақындық қызметінде солармен үзеңгілесі – Майлықожа Сұлтанқожаұлы». Қолдағы деректерге сүйенсек, Саңғыл биден – Есенгелді, Есенгелдіден – Өтеп, Өтептен – Кемел, Кемелден – Жазықбай, Балғабай, Қамбаба, Нұрбаба, Тобышақ және Құлыншақ атты алты ұл тарайды. Осы жерде Құлыншақ ақын мен Мекке сапарына бірге аттанған Тұрғанбай қажының ата-тегіне бір үңілсек. Саңғыл биден Есенгелді. Есенгелдіден – Қонысбай (Абыз), Қонысбайдан – Рақпан, Рақпаннан – Есен, Есеннен – Бектас, Бектастан – Аймырза, Аймырзадан – Тұрғанбай қажы. Құлыншақ пен Тұрғанбай замандас екенін ескерсек, Кемел мен Өтептің арасында 2-3 ата жоқ болып тұрғаны анық. Осы мәліметті анықтау үшін ақынмен туыстас бірнеше кісілерге жолыққанымызбен осының аражігін ажыратып бере алмады. Бұл – келешек Құлыншақтануда ескеретін жәйт дегіміз келеді.  Құлыншақтың Ұлжан және Алтынқыз деген екі әйелі болған. Біріншісінен Әкбар, Ысқақ, Сатай атты ұлдары туған. Бірақ бұлардан ұрпақ жоқ. Алтынқыздан Исахан туады. Исахан өз өмірінде тоғыз рет некелі болған екен. Алайда, бізге белгілісі, төрт әйелі. Күлшім атты әйелінен 1922 жылы Көбей дүниеге келеді. Көбей соғыста қаза тапқан, артында тұяқ қалмаған. Нұрмахан Омаров деген кісі Көбейден басқа үш ұл, бір қыз (аты Тосынай) болған дейді. Дегенмен бұл дерек расталмады. ҚАЗЫНАЛЫ ОҢТҮСТІК: ҚҰЛЫНШАҚ КЕМЕЛҰЛЫ. ШЫҒАРМАЛАРЫ. – Алматы: 2013
15.07.2013 06:14 4922

«Ел ішіндегі аңыз-әңгімелерде күшті ақындар санатында ауызға алынатын адамның бірі – Құлыншақ Кемелұлы. Түпкі тегі – Қоңырат, өз руы Саңғыл. Оңтүстік Қазақстан облысының Созақ ауданындағы «Жартытөбе» деген совхоз тұрған жерде 1831 жылы туған. Қайтыс боларының алдында Меккеге қажылыққа кетіп, содан қайтар жолда 1901 жылы опат болған. Өз өмірінде үш рет үйленіп, 23 перзент көрген кісі делінеді. Балаларынан өзіндей ақындық өнерімен көзге түскені Ысқақ, оның Қадиша деген ақын қызбен айтысы 1965 жылы басылып шыққан «Айтыс» жинағында жарияланған.

Құлыншақтың ұрпағынан бізге ұшырағаны Исахан ғана. Онда ол кісі 63-64 жаста еді. 1961 жылдың жазында ақынның туған жерінде болып, Исекеңмен сөйлескенімізде ауызекі берген мәліметінің жосыны жоғарыдағыдай.

Біздің қолымызда әзірше бары – Майлықожа ақынмен айтысы және Түркістан қаласында болғанда сөз қағысқан бір ауыз өлеңі, Созақта жатып, шоқтастағы Мұсабек  (Молда Мұса) ақынға жазған сәлем хаты ғана. Бұларды біз жоғарыда аттары аталған ақындардың шығармаларын талдағанда сөз етеміз.

Оңтүстік Қазақстан ақындарының жас жағынан Мәделіқожа, Құлыншақтан кейінгісі, бірақ ақындық қызметінде солармен үзеңгілесі – Майлықожа Сұлтанқожаұлы».

Қолдағы деректерге сүйенсек, Саңғыл биден – Есенгелді, Есенгелдіден – Өтеп, Өтептен – Кемел, Кемелден – Жазықбай, Балғабай, Қамбаба, Нұрбаба, Тобышақ және Құлыншақ атты алты ұл тарайды.

Осы жерде Құлыншақ ақын мен Мекке сапарына бірге аттанған Тұрғанбай қажының ата-тегіне бір үңілсек. Саңғыл биден Есенгелді. Есенгелдіден – Қонысбай (Абыз), Қонысбайдан – Рақпан, Рақпаннан – Есен, Есеннен – Бектас, Бектастан – Аймырза, Аймырзадан – Тұрғанбай қажы. Құлыншақ пен Тұрғанбай замандас екенін ескерсек, Кемел мен Өтептің арасында 2-3 ата жоқ болып тұрғаны анық. Осы мәліметті анықтау үшін ақынмен туыстас бірнеше кісілерге жолыққанымызбен осының аражігін ажыратып бере алмады. Бұл – келешек Құлыншақтануда ескеретін жәйт дегіміз келеді. 

Құлыншақтың Ұлжан және Алтынқыз деген екі әйелі болған. Біріншісінен Әкбар, Ысқақ, Сатай атты ұлдары туған. Бірақ бұлардан ұрпақ жоқ.

Алтынқыздан Исахан туады. Исахан өз өмірінде тоғыз рет некелі болған екен. Алайда, бізге белгілісі, төрт әйелі. Күлшім атты әйелінен 1922 жылы Көбей дүниеге келеді. Көбей соғыста қаза тапқан, артында тұяқ қалмаған. Нұрмахан Омаров деген кісі Көбейден басқа үш ұл, бір қыз (аты Тосынай) болған дейді. Дегенмен бұл дерек расталмады.

ҚАЗЫНАЛЫ ОҢТҮСТІК: ҚҰЛЫНШАҚ КЕМЕЛҰЛЫ. ШЫҒАРМАЛАРЫ. – Алматы: 2013

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға