Жаңалықтар

1911 жылға келсек, онда Құлыншақ ақын 80 жасқа таяған болып шығады

Қажылыққа бара жатқандардың ең жасы да, қарулысы да болғандықтан, Әліпбек нағашы атам тағы да шалдарды қоржын-қосқалақтарымен бірге бір-бірлеп жағаға дейін алып өтіпті. Қып-қызыл құмды жағалауда араб кірекештері желмая мен түйеге мінгізіп ойлы-қырлы жерлермен алып жүреді. Елден аттанарда: «Жол өте қауіпті: ұры-қары мен қанішер қарақшылар жолаушылардың ақшалары мен киімдерін тартып алып тонап, өздерін өлтіріп немесе айдалаға ас-сусыз, жалаңаш-жаяу тастап кетеді екен. Күннің ыстығында 45-50 градусқа дейін көтерілген аптап далада қалған адам шөлден бір күнге де жетпей өліп қалады» дегенді естіген нағашы атам «әлдеқандай күн туар?» деп қоржынына шоқпарын, найза-қылышын салып ала кеткен. Өзі – өте қарулы, палуан денелі, бойы екі метрге жақын кісі. Құлазыған құмда жол тосқан қарақшылардың шабуылына кездесіп, соғысып, қорғана жүріп аман-есен Меккеге де жетеді. Қажылықтың барлық зиярат-шарттарын атқарып, келген жолдарымен кері қайтып, жеті-сегіз ай дегенде аман-есен елге оралыпты», – деп, бабаларының Мекке сапарын осылай баяндайды. Қажылыққа 1904 жылы барғандардың дені Құлыншақтың руластары, яғни, Саңғылдар. Бұлар да кемемен барған. Ол кездері қазіргідей тізіліп тұрған кемелер жоқ. Сондай-ақ, қажылыққа баратындардың саны бүгінгідей 3-4 миллион емес, санаулы ғана адам баратын. Демек, бұл деректі де жөн дей алмаймыз. Ал, енді 1911 жылға келсек, онда Құлыншақ ақын 80 жасқа таяған болып шығады. Ол кездегі жол азабын ескерсек, (жаяу-жалпы, кеме, түйе керуені) сексендегі қарттың осындай ұзақ сапарға тәуекел етуі екіталай. Ақынның қайтыс болған жылын дәл анықтау мақсатында Қазақстан қажылар қауымдастығының президенті Еркін қажы Дуанаевпен хабарласқан болатынбыз. Қажекең мұндай деректің бізде де, Меккеде де сақталмағанын айтты. 2009 жылы жарық көрген («Қазақстандағы Ислам діні: қажылық (ХІХ-ХХ ғ. басы)// Материалдар жинағы. Құрастырған және жоба жетекшісі Г.Р.Мухтарова (Абдраимова). – Алматы, «Баспалар үйі», – 2009. – 592 б.) еңбекте: «1894 г. Декабря 5. Прошение военному губернатору Семиреченской области от казахов Опь-Арчинской волости Прижевальского уезда Булата Хожумджанова, Кулунчак Бутиева и Токтобай Таракчинова о выдаче загранпаспортов на отлучку в Мекку и Медину. Представляем при сем удостоверение Опь-Арчинского волостного управления от 5-го декабря за № 85 покорнейше просить Ваше превосходительство выдать нам заграничные паспорта на отлучку в Мекку и Медину для поклонения Святым могилам, при этом представляем тридцать руб. В обеспечении нашего возврата всвою волость. Н.Прижевальск Приложение две гербовые марки 80 коп. Достоинства на прошение и отвоз и удостов. за №85 (ЦГА РК. Ф.44. Оп.1. Д.487. Л.14). Жоғарыдағы құжатта келтірілген Құлыншақ Бұтиевтің (әкесінің аты Бұта болса керек) біз зерттеп жүрген Құлыншақ Кемелұлына қатысы жоқ екені көрініп тұр. Ақынның қайтыс болған жылына байланысты таласқа тек қана Ташкент мұрағатындағы деректер ғана нүкте қоя алады деп сенгіміз келеді. Алмас Ақылбек, ҚР Журналистер одағының мүшесі ҚАЗЫНАЛЫ ОҢТҮСТІК: ҚҰЛЫНШАҚ КЕМЕЛҰЛЫ. ШЫҒАРМАЛАРЫ. – Алматы: 2013
15.07.2013 06:04 3007

Қажылыққа бара жатқандардың ең жасы да, қарулысы да болғандықтан, Әліпбек нағашы атам тағы да шалдарды қоржын-қосқалақтарымен бірге бір-бірлеп жағаға дейін алып өтіпті.

Қып-қызыл құмды жағалауда араб кірекештері желмая мен түйеге мінгізіп ойлы-қырлы жерлермен алып жүреді. Елден аттанарда: «Жол өте қауіпті: ұры-қары мен қанішер қарақшылар жолаушылардың ақшалары мен киімдерін тартып алып тонап, өздерін өлтіріп немесе айдалаға ас-сусыз, жалаңаш-жаяу тастап кетеді екен.

Күннің ыстығында 45-50 градусқа дейін көтерілген аптап далада қалған адам шөлден бір күнге де жетпей өліп қалады» дегенді естіген нағашы атам «әлдеқандай күн туар?» деп қоржынына шоқпарын, найза-қылышын салып ала кеткен. Өзі – өте қарулы, палуан денелі, бойы екі метрге жақын кісі. Құлазыған құмда жол тосқан қарақшылардың шабуылына кездесіп, соғысып, қорғана жүріп аман-есен Меккеге де жетеді. Қажылықтың барлық зиярат-шарттарын атқарып, келген жолдарымен кері қайтып, жеті-сегіз ай дегенде аман-есен елге оралыпты», – деп, бабаларының Мекке сапарын осылай баяндайды.

Қажылыққа 1904 жылы барғандардың дені Құлыншақтың руластары, яғни, Саңғылдар. Бұлар да кемемен барған. Ол кездері қазіргідей тізіліп тұрған кемелер жоқ. Сондай-ақ, қажылыққа баратындардың саны бүгінгідей 3-4 миллион емес, санаулы ғана адам баратын. Демек, бұл деректі де жөн дей алмаймыз.

Ал, енді 1911 жылға келсек, онда Құлыншақ ақын 80 жасқа таяған болып шығады. Ол кездегі жол азабын ескерсек, (жаяу-жалпы, кеме, түйе керуені) сексендегі қарттың осындай ұзақ сапарға тәуекел етуі екіталай.

Ақынның қайтыс болған жылын дәл анықтау мақсатында Қазақстан қажылар қауымдастығының президенті Еркін қажы Дуанаевпен хабарласқан болатынбыз. Қажекең мұндай деректің бізде де, Меккеде де сақталмағанын айтты.

2009 жылы жарық көрген («Қазақстандағы Ислам діні: қажылық (ХІХ-ХХ ғ. басы)// Материалдар жинағы. Құрастырған және жоба жетекшісі Г.Р.Мухтарова (Абдраимова). – Алматы, «Баспалар үйі», – 2009. – 592 б.) еңбекте: «1894 г. Декабря 5. Прошение военному губернатору Семиреченской области от казахов Опь-Арчинской волости Прижевальского уезда Булата Хожумджанова, Кулунчак Бутиева и Токтобай Таракчинова о выдаче загранпаспортов на отлучку в Мекку и Медину.

Представляем при сем удостоверение Опь-Арчинского волостного управления от 5-го декабря за № 85 покорнейше просить Ваше превосходительство выдать нам заграничные паспорта на отлучку в Мекку и Медину для поклонения Святым могилам, при этом представляем тридцать руб. В обеспечении нашего возврата всвою волость. Н.Прижевальск

Приложение две гербовые марки 80 коп. Достоинства на прошение и отвоз и удостов. за №85 (ЦГА РК. Ф.44. Оп.1. Д.487. Л.14).

Жоғарыдағы құжатта келтірілген Құлыншақ Бұтиевтің (әкесінің аты Бұта болса керек) біз зерттеп жүрген Құлыншақ Кемелұлына қатысы жоқ екені көрініп тұр.

Ақынның қайтыс болған жылына байланысты таласқа тек қана Ташкент мұрағатындағы деректер ғана нүкте қоя алады деп сенгіміз келеді.

Алмас Ақылбек,

ҚР Журналистер одағының мүшесі

ҚАЗЫНАЛЫ ОҢТҮСТІК: ҚҰЛЫНШАҚ КЕМЕЛҰЛЫ. ШЫҒАРМАЛАРЫ. – Алматы: 2013

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға