Жаңалықтар

Мексика президенті 54 минутта 10 шақырымды жүгіріп өтті

46 жасар Мексика президенті Энрике Пенья Ньето Мехикодағы саябақтардың бірінде өткен 10 шақырымдық бұқаралық жүгіруге қатысты, деп хабарлайды мексикалық ақпарат құралдары.  1 нөмірлі спорттық киім киген мемлекет басшысы 10 шақырымдық жолды бас-аяғы 54 минутта жүгіріп өткен. Жүгіру кезінде президенттің жанында сақшылары мен елдің қорғаныс министрлігі бас штабының бастығы еріп жүрді. Алайда, бас штаб бастығы 5 шақырымнан әріге бара алмай, бас қолбасшыдан қалып қойды. Molino del Rey эстафетасы Мехикода жыл сайын өткізіліп тұрады. Шараны өткізудегі негізгі мақсат – жергілікті халыққа салауатты өмір салтын насихаттау. Президент жеңімпаздарды марапаттай келе, мексикалықтардың әлемдегі ең семіз халық атанғанын өкінішпен тілге тиек етті. Ол өз отандастарын спортпен айналысып, жеген тамақтарына жіті мән беруге шақырды. Baq.kz
15.07.2013 05:20 2466

46 жасар Мексика президенті Энрике Пенья Ньето Мехикодағы саябақтардың бірінде өткен 10 шақырымдық бұқаралық жүгіруге қатысты, деп хабарлайды мексикалық ақпарат құралдары. 

1 нөмірлі спорттық киім киген мемлекет басшысы 10 шақырымдық жолды бас-аяғы 54 минутта жүгіріп өткен.
Жүгіру кезінде президенттің жанында сақшылары мен елдің қорғаныс министрлігі бас штабының бастығы еріп жүрді. Алайда, бас штаб бастығы 5 шақырымнан әріге бара алмай, бас қолбасшыдан қалып қойды.
Molino del Rey эстафетасы Мехикода жыл сайын өткізіліп тұрады. Шараны өткізудегі негізгі мақсат – жергілікті халыққа салауатты өмір салтын насихаттау. Президент жеңімпаздарды марапаттай келе, мексикалықтардың әлемдегі ең семіз халық атанғанын өкінішпен тілге тиек етті. Ол өз отандастарын спортпен айналысып, жеген тамақтарына жіті мән беруге шақырды.

Baq.kz

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға