Жаңалықтар

Құлыншақтың шығармашылығын насихаттауда біраз адамның еңбегі бар

Құлыншақтың шығармашылығын насихаттауда ақын өмір сүрген ауданның тумасы, белгілі радиожурналист Ғалым Есенсариевтің де айтарлықтай еңбек сіңіріп келе жатқанын ризашылықпен атап өткеніміз жөн. Ол баспасөзде, радиода халық ақындарының өнерін, соның ішінде Құлыншақтың ақындығын әңгіме өзегіне жиі-жиі арқау етеді. Ақын шығармаларының кітап болып таралуына ол осы жолы да қолғабыс жасады. Құлыншақ туындыларына көптен ден қойып, ақын жөнінде тың деректер табуға талпыныс жасап жүрген журналист Алмас Ақылбектің осы кітапты баспаға әзірлеу барысында да белсенділік танытуы, соның нәтижесінде ақынның бұрын жарияланбаған бірсыпыра өлеңдерін, Құлыншақ ұстаған тәспі, қамшы тәрізді жәдігерлерді тауып, суретке түсіріп, баспаға ұсынуы, Шардара мен Жетісайға барып, ақын мұралары туралы естіген адамдармен жүздесіп, материалдар жинап қайтты. Ақын туып-өскен «Жартытөбе», «Аққолтық» ауылдарын аралап, көнекөз қариялармен дидарласып, ақын атындағы мектепте, көшеде болуы кітап мазмұнын байыта түскенін айтуға тиіспіз.  Ақын мұраларының таралуына тағы бір жанашыр азамат – Саттар Өмірзақов. «Қазыналы Оңтүстік» көптомдығының жауапты редакторы, ғалым ініміздің бағдарламаға сай жасаған жүйесімен Құлыншақтың тағы да біршама дүниелері жиналып, толыға түсті.    Құлыншақтың біраз өлеңдерін жатқа білетін адамдар да болған. Соның бірі – Отырар ауданының «Шәуілдір» ауылында өмір кешкен Омар Байымбетов. Осы жинаққа енген ақынның бірсыпыра өлеңдері сол кісінің айтуынан жазылып алынған. Құлыншақ Кемелұлының  шығармаларын насихаттауда оның шәкірті, Оңтүстік өңіріне белгілі жыршы Сұлтанбек Аққожаевтың сіңірген еңбегін айтпай кету қиянат болар еді. Құлыншақтың суырыпсалма төкпе ақын, дөп басып айтар шешендігімен қоса, қазақтың көне қиссаларын домбыра, қобыздың сүйемелдеуімен таңды таңғы ұластырып жырлайтын үздік жыршылық өнерін бүгінгі күнге жеткізуші осы Сұлтанбек болатын.    Сөз ретіне қарай бұрын-соңды жарық көрген деректерге сүйене отырып, ақын туралы қысқаша мәлімет бере кетелік. Құлыншақ Кемелұлы қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданының «Жартытөбе» ауылында 1840 жылы туып, 1911 жылы қайтыс болған. Көркемсөзге қабілеттілігімен ел аузына ерте ілініп, ақындық, импровизаторлық өнерімен жиын-тойларда сан рет сөз сайысына түседі. Молда Мұса, Майкөт, Майлықожа, Бұдабай т. б. ақындармен айтысып, өзінің жүйрік тілді, ұшқыр ойлы ақын екендігін танытады. ҚАЗЫНАЛЫ ОҢТҮСТІК: ҚҰЛЫНШАҚ КЕМЕЛҰЛЫ. ШЫҒАРМАЛАРЫ. – Алматы: 2013
15.07.2013 05:00 3755

Құлыншақтың шығармашылығын насихаттауда ақын өмір сүрген ауданның тумасы, белгілі радиожурналист Ғалым Есенсариевтің де айтарлықтай еңбек сіңіріп келе жатқанын ризашылықпен атап өткеніміз жөн. Ол баспасөзде, радиода халық ақындарының өнерін, соның ішінде Құлыншақтың ақындығын әңгіме өзегіне жиі-жиі арқау етеді. Ақын шығармаларының кітап болып таралуына ол осы жолы да қолғабыс жасады.

Құлыншақ туындыларына көптен ден қойып, ақын жөнінде тың деректер табуға талпыныс жасап жүрген журналист Алмас Ақылбектің осы кітапты баспаға әзірлеу барысында да белсенділік танытуы, соның нәтижесінде ақынның бұрын жарияланбаған бірсыпыра өлеңдерін, Құлыншақ ұстаған тәспі, қамшы тәрізді жәдігерлерді тауып, суретке түсіріп, баспаға ұсынуы, Шардара мен Жетісайға барып, ақын мұралары туралы естіген адамдармен жүздесіп, материалдар жинап қайтты. Ақын туып-өскен «Жартытөбе», «Аққолтық» ауылдарын аралап, көнекөз қариялармен дидарласып, ақын атындағы мектепте, көшеде болуы кітап мазмұнын байыта түскенін айтуға тиіспіз. 

Ақын мұраларының таралуына тағы бір жанашыр азамат – Саттар Өмірзақов. «Қазыналы Оңтүстік» көптомдығының жауапты редакторы, ғалым ініміздің бағдарламаға сай жасаған жүйесімен Құлыншақтың тағы да біршама дүниелері жиналып, толыға түсті.   

Құлыншақтың біраз өлеңдерін жатқа білетін адамдар да болған. Соның бірі – Отырар ауданының «Шәуілдір» ауылында өмір кешкен Омар Байымбетов. Осы жинаққа енген ақынның бірсыпыра өлеңдері сол кісінің айтуынан жазылып алынған.

Құлыншақ Кемелұлының  шығармаларын насихаттауда оның шәкірті, Оңтүстік өңіріне белгілі жыршы Сұлтанбек Аққожаевтың сіңірген еңбегін айтпай кету қиянат болар еді. Құлыншақтың суырыпсалма төкпе ақын, дөп басып айтар шешендігімен қоса, қазақтың көне қиссаларын домбыра, қобыздың сүйемелдеуімен таңды таңғы ұластырып жырлайтын үздік жыршылық өнерін бүгінгі күнге жеткізуші осы Сұлтанбек болатын.   

Сөз ретіне қарай бұрын-соңды жарық көрген деректерге сүйене отырып, ақын туралы қысқаша мәлімет бере кетелік.

Құлыншақ Кемелұлы қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданының «Жартытөбе» ауылында 1840 жылы туып, 1911 жылы қайтыс болған. Көркемсөзге қабілеттілігімен ел аузына ерте ілініп, ақындық, импровизаторлық өнерімен жиын-тойларда сан рет сөз сайысына түседі. Молда Мұса, Майкөт, Майлықожа, Бұдабай т. б. ақындармен айтысып, өзінің жүйрік тілді, ұшқыр ойлы ақын екендігін танытады.

ҚАЗЫНАЛЫ ОҢТҮСТІК: ҚҰЛЫНШАҚ КЕМЕЛҰЛЫ. ШЫҒАРМАЛАРЫ. – Алматы: 2013

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға