Актер Адам Сэндлер гепардтың шабуылынан аман қалды
15.07.2013 04:29
3300
"Жергілікті қорыққа экскурсия жасау барысында қасымда ертіп жүрген қызметкер гепардқа жақындап көруімді өтінді. Жануардан қанша қорықсам да, арты мұндайға ұласады деп ойламаппын" дейді қатты қорыққан Сэндлер.
Жайбарақат тұрған жыртқыштың кенеттен Адамға атылған сәтін оператор бейнекамерасына түсіріп үлгеріпті.
"Бәрі көзді ашып-жұмғанша болды. Бүкіл өмірім әп сәтте көз алдымнан өткенде, ішімнен иманымды айта бастағаным рас" деп ағынан жарылды "Бақытты Гилмор" фильмінің бас кейіпкерін сомдаушы.
Актер жабайы мысықтың бұл қылығынан кейін көпке дейін өз-өзіне келе алмай жүрген көрінеді.
Мақпал ЖҰМАШОВА
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Североамериканский прокат вновь возглавил мультфильм
Келесі жаңалық
Алматыда есірткі жарнамалаған 22 жастағы жігіт қолға түсті