Жаңалықтар

Семейде жүн өңдеу цехы іске қосылмақ

Семей қаласына қарасты Абай ауданында жүн өңдеу цехы іске қосылмақ деп хабарлайды 24 kz.  Тәулігіне 8 тоннаға дейін жүн өңдей алатын кәсіпорын кейін толық қуатына қосылғанда парфюмерлік өнімдерді де шығаруды жоспарлап отыр. «Қырқылған қой жүнін қайтеміз?» деген сұрақ біраз жылдан бері өңірде мал ұстайтындарды мазалап келген еді. Себебі, жүн өткізетін тұрақты орын болмады. Болған күннің өзінде баға өте төмен. Енді осы мәселенің түйіні шешілді. Абай ауданында жобалық құны 75 млн теңге болатын жүн өңдеу цехының ашылуы жергілікті тұрғындарды қуантқандай. Біріншіден, жүнді тұрақты өткізу орны пайда болса, екіншіден, мұнда жүннің келісі 40 теңгеден қабылданады. Яғни мыңдаған тонна жүн бұдан былай далада қалмайтын болды. Марат ЕДІЛБАЕВ, Абай ауданы әкімінің орынбасары: - «Үдемелі индустриалды-инновциялық даму» бағдарламасының аясында осы біздің жобамызды қорғайық деп отырмыз. Ол дегеніміз қосымша тағы 25 миллион қаржы несие сұрағалы отырмыз. Ол жаңағы Ертіс әлеуметтің кәсіпкерлік корпорациясы арқылы жүзеге асырамыз ба деген мақсатымыз бар. Жүн өңдеу цехы қыркүйек айында толық іске қосылады. Бұған Үкімет тарапынан да көмек көрсетілуде. Әзірге өңірдегі ауылдардан және көршілес Павлодар облысынан жүн жиналуда. Нұрлан МАҚАЖАНОВ, өндіріс бастығы: - Жылына біз 2 мың тоннадай жуылған жүн дайындаймыз. Егер дайындау стандарттары бойынша айтсақ, біз 3 мың тоннадан астам жүн жинауымыз қажет. Шығыс Қазақстан облысынан, Қарағанды, Павлодар, Солтүстік Қазақстанның кей жерінен де жүн тасымалданады. Цех қуаты тәулігіне 8 тонна жүн өңдеуге жетеді. Арнайы құрылғылар Қытайдан жеткізілді. Олардың жалпы құны 150 мың доллар. Өндіріс орнында қазірде 35 адам жұмыс істеуде. Цех толық қуатына қосылғанда жұмысшылар саны екі есеге артпақ. Болашақта бұл өндіріс орнынан парфюмерлік бұйымдарды да шығару жоспарлануда. Авторлар: Саруар Қабдолла, Медет Өмірханов 
15.07.2013 03:59 6023

Семей қаласына қарасты Абай ауданында жүн өңдеу цехы іске қосылмақ деп хабарлайды 24 kz. 

Тәулігіне 8 тоннаға дейін жүн өңдей алатын кәсіпорын кейін толық қуатына қосылғанда парфюмерлік өнімдерді де шығаруды жоспарлап отыр. «Қырқылған қой жүнін қайтеміз?» деген сұрақ біраз жылдан бері өңірде мал ұстайтындарды мазалап келген еді. Себебі, жүн өткізетін тұрақты орын болмады. Болған күннің өзінде баға өте төмен. Енді осы мәселенің түйіні шешілді. Абай ауданында жобалық құны 75 млн теңге болатын жүн өңдеу цехының ашылуы жергілікті тұрғындарды қуантқандай. Біріншіден, жүнді тұрақты өткізу орны пайда болса, екіншіден, мұнда жүннің келісі 40 теңгеден қабылданады. Яғни мыңдаған тонна жүн бұдан былай далада қалмайтын болды.

Марат ЕДІЛБАЕВ, Абай ауданы әкімінің орынбасары:

- «Үдемелі индустриалды-инновциялық даму» бағдарламасының аясында осы біздің жобамызды қорғайық деп отырмыз. Ол дегеніміз қосымша тағы 25 миллион қаржы несие сұрағалы отырмыз. Ол жаңағы Ертіс әлеуметтің кәсіпкерлік корпорациясы арқылы жүзеге асырамыз ба деген мақсатымыз бар.

Жүн өңдеу цехы қыркүйек айында толық іске қосылады. Бұған Үкімет тарапынан да көмек көрсетілуде. Әзірге өңірдегі ауылдардан және көршілес Павлодар облысынан жүн жиналуда.

Нұрлан МАҚАЖАНОВ, өндіріс бастығы:

- Жылына біз 2 мың тоннадай жуылған жүн дайындаймыз. Егер дайындау стандарттары бойынша айтсақ, біз 3 мың тоннадан астам жүн жинауымыз қажет. Шығыс Қазақстан облысынан, Қарағанды, Павлодар, Солтүстік Қазақстанның кей жерінен де жүн тасымалданады.

Цех қуаты тәулігіне 8 тонна жүн өңдеуге жетеді. Арнайы құрылғылар Қытайдан жеткізілді. Олардың жалпы құны 150 мың доллар. Өндіріс орнында қазірде 35 адам жұмыс істеуде. Цех толық қуатына қосылғанда жұмысшылар саны екі есеге артпақ. Болашақта бұл өндіріс орнынан парфюмерлік бұйымдарды да шығару жоспарлануда.

Авторлар: Саруар Қабдолла, Медет Өмірханов 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға