Универсиада-2013: Қазақстан тоғызыншы күннің қорытындысы бойынша 20-шы орынға тұрақтады
Каноэден ескек есуде Сергей Емельянов венгриялық Тамаша Киссуға жол беріп, екінші орынды місе тұтты. Самбошы Бейімбет Қанжанов (62 келі) ақтық тартыста армениялық Тигран Киракосяннан 1:4 есебімен ұтылды. Еліміздің атудан әйелдер құрамасында өнер көрсеткен Жәния Айдарханова, Эльвира Акчурина, Ангелина Мищук командалық есепте қола жүлдені олжалады. Ал үшінші орын үшін бақ сынасқан самбошы Ажар Кеңбейіл румыниялық Роксану Прунаны 10:1 есебімен тізе бүктірді.
Самбодан еліміздің намысын қорғаған Кенжезару Кашқынова (48 келі) моңғолиялық Чантсалдулам Жагваралмен үшінші орын үшін тартысып, жерлесіміз 0:1 есебімен ұтылып қалды. Каноэден 100 метрлік қашықтықты бағындыруда еліміздің ерлер құрамасы (Сергей Емельянов, Тимофей Емельянов, Михаил Емельянов, Евгений Сафронов) үздік бестікті түйіндесе, аталмыш нәтижені байдаркада Артем Лобода, Дәулет Сұлтанбеков, Илья Голендов и Юрий Березинцев қайталады.
Медальдар саны бойынша:
-
Ресей - 205 (102,55,48);
-
Жапония - 62 (19,20,23);
-
Қытай Халық Республикасы - 50 (16,22,12);
...
20. Қазақстан - 22 (2,9,11).
Еліміздің Қазандағы Универсиададағы (6-17 шілде) медальдары:
Алтын (2): Маргарита Мұқашева (жеңіл атлетика), Фархад Харки (ауыр атлетика);
Күміс (9): Бейімбет Қанжанов (самбо), Сергей Емельянов (байдарка мен каноэден есу), Рустам Рустамов, Жан Кособуцкий (бокс), Александр Зайчиков, Карина Горичева (ауыр атлетика), Димаш Молдашев, Эскархан Осканов (белбеумен күрес), Рустам Кұрбанов (семсерлесу);
Қола (11): Ажар Кеңбейіл (самбо), Эльвира Акчурина, Ангелина Мищук , Жәния Айдарханова (ату), Әлихан Жұмабаев (күрес), Руслан Кұрбанов, Дмитрий Алексанин, Эльмир Әлімжанов, Дмитрий Грязнов (семсерлесу), Бердах Пірімбаев (күрес), Ержан Жомарт, Нұрдәулет Жарманов (бокс), Евгений Эктов (жеңіл атлетика), Аян Ермекбаев, Гүлнұр Ерболова (белбеумен күрес).
ҚазАқпарат.