Жаңалықтар

Балық жеген бала ақылды, әрі тәртіпті болып өседі - ғалымдар зерттеуі

Англиядағы Оксфорд университетінің сарапшылары баланың қанындағы Омега-3 май қышқылы мөлшерінің көп болуы оның сабақ үлгерімі мен тәртібіне оң әсерін тигізеді. Балықты көп жеген балалар өзгелерге қарағанда жақсы оқиды деп санайды. Бұл туралы segodnya.ua сайты хабарлады. Ғалымдар жеті мен тоғызыншы сынып аралығындағы 500 балаға зерттеу жүргізген. Зерттеу тәжірибесіне грамматикасы мен тәртібі нашар балалар қатыстырылды. Зерттеу алдында барлық балалардан қан алынды. Орташа есеппен қан құрамындағы Омега-3 май қышқылы оларда 2,46% құраған. Ал қалыпты жағдайда ол 4% болуы тиіс. Аталған қышқылдың аз болуы балалардың оқуға, жазуға деген қабілетін азайтып, есте сақтау қабілетіне кері әсерін тигізетіні анықталды. Себебі қан құрамындағы май қышқылын көбейткеннен кейін бұл балалар жаңа материалды әлдеқайда жақсы қабылдап, жанжал шығаруларын азайтқан. ҚазАқпарат.
15.07.2013 03:26 3510

Англиядағы Оксфорд университетінің сарапшылары баланың қанындағы Омега-3 май қышқылы мөлшерінің көп болуы оның сабақ үлгерімі мен тәртібіне оң әсерін тигізеді.

Балықты көп жеген балалар өзгелерге қарағанда жақсы оқиды деп санайды. Бұл туралы segodnya.ua сайты хабарлады.

Ғалымдар жеті мен тоғызыншы сынып аралығындағы 500 балаға зерттеу жүргізген. Зерттеу тәжірибесіне грамматикасы мен тәртібі нашар балалар қатыстырылды.

Зерттеу алдында барлық балалардан қан алынды. Орташа есеппен қан құрамындағы Омега-3 май қышқылы оларда 2,46% құраған. Ал қалыпты жағдайда ол 4% болуы тиіс. Аталған қышқылдың аз болуы балалардың оқуға, жазуға деген қабілетін азайтып, есте сақтау қабілетіне кері әсерін тигізетіні анықталды. Себебі қан құрамындағы май қышқылын көбейткеннен кейін бұл балалар жаңа материалды әлдеқайда жақсы қабылдап, жанжал шығаруларын азайтқан.

ҚазАқпарат.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға