Жаңалықтар

Барак Обама Ақ үйде ауызашар берді

АҚШ президенті Барак Обама Ақ үйде жыл сайын Рамазан айындағы дәстүрінен жаңылмай, мұсылмандарға ауызашар берді.  Бұл туралы muslim.kz хабарлады.   Ауызашар кезінде сөз сөйлеген ол Рамазан айының бейбітшілік, әділеттілік, теңдік салтанат құратын ай екенін айтып, Таяу Шығыс пен Солтүстік Африкадағы қиын кезеңді тілге тиек етіп, осынау қасиетті айда миллиондаған босқындардың жырақта жүріп, ораза ұстағанына тәнті болғанын жеткізді.   Сондай-ақ, Барак Обама миллиондаған америкалық мұсылмандардың ұлттың дамуына қосқан үлесін де сөз етті. Ол сөзінің соңында Америка және әлем мұсылмандарына бейбітшілік пен өзара түсіністік, шаттық тіледі. Ақ үйде ауызашар беру дәстүрі Билл Клинтонның АҚШ президенті болып тұрған кезден бастау алады. ҚазАқпарат.
13.07.2013 11:53 3140

АҚШ президенті Барак Обама Ақ үйде жыл сайын Рамазан айындағы дәстүрінен жаңылмай, мұсылмандарға ауызашар берді.  Бұл туралы muslim.kz хабарлады.

 

Ауызашар кезінде сөз сөйлеген ол Рамазан айының бейбітшілік, әділеттілік, теңдік салтанат құратын ай екенін айтып, Таяу Шығыс пен Солтүстік Африкадағы қиын кезеңді тілге тиек етіп, осынау қасиетті айда миллиондаған босқындардың жырақта жүріп, ораза ұстағанына тәнті болғанын жеткізді.  

Сондай-ақ, Барак Обама миллиондаған америкалық мұсылмандардың ұлттың дамуына қосқан үлесін де сөз етті.

Ол сөзінің соңында Америка және әлем мұсылмандарына бейбітшілік пен өзара түсіністік, шаттық тіледі.

Ақ үйде ауызашар беру дәстүрі Билл Клинтонның АҚШ президенті болып тұрған кезден бастау алады.

ҚазАқпарат.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға