Ардагерлерге арналған демалыс орны ашылды
Астанада ардагерлерге арналған демалыс орны ашылды. Онда зейнеткерлер бірі-бірімен әңгімелесіп, бос уақыттарын тиімді өткізеді деп хабарлайды 24 kz арнасы.
Бірі кітап, газет-журналдарды оқып демалса, кейбірі шахмат, тоғызқұмалақ ойнайды. Дегенмен ардагерлер орталықты ашудың оңайға соқпағандығын айтады.
Мәкен Қайыров – ардагерлер орталығының құрметті қонағы. Бұл демалыс орны осы ақсақалдың бастамасымен ашылды. Мұнда зейнеткерлер бос уақыттарын тиімді өткізеді. Тіпті, немерлерін ертіп келіп, шахмат, тоғызқұмалақ сынды ойындарды үйретеді.
Мәкен ҚАЙЫРОВ, зейнеткер:
- Әрине, қиыншылықтар болды. Бұл ғимаратты алу оңайға соқпады. Ақсақалдарымыз бос уақыттарын қалай өткізерін білмейді. Мұнда барлығы бас қосып, әңгімелеседі. Өзара пікір алмасады.
Орталық жақын маңайда тұратын 150 ардагердің басын қосады. Мұнда 25 адам келіп, домбыра сынды аспаптарда күй тартып, ән шырқайды. Болашақта зейнеткерлер мереке күндерінде де арнайы шараларды осы орталықта атап өтуді жоспарлап отыр.
Түсіп РЫСПЕКОВ, Алматы ауданы әкімінің орынбасары:
- Өздеріңіз көрген шағын орталық – құрылысшылар және пәтер иелері кооперативінің бірлескен жұмысы. Әрбір тұрғын үйді тапсырған кезде біз құрылысшылармен әңгімелесіп, мүмкіндігінше бос жайларды ардагерлер коопертивіне беруді ұсынамыз. Ол кісілер бізге жөндеу жұмыстарын жасап тапсырады. Ал, қажетті заттармен әкімдік және аудандағы кәсіпкерлер қамтамасыз етеді.
Тек Алматы ауданында 20 мыңнан астам ардагер тұрады. Осымен жаңадан 4-демалыс орны ашылған. Зейнеткерлер болашақта мұндай орталықтардың санын арттыру қажеттігін алға тартты.
Baq.kz