Жергілікті әкiмдер сайлауына 900-дей үміткер тіркелген
Жергілікті әкiмдер сайлауына 900-дей үміткер тіркелген. Бұл туралы бүгiн баспасөз мәслихаты барысында Орталық сайлау комиссиясының ресми өкiлi Венера Жексембекова мәлiмдедi, деп хабарлайды BNews.kz тiлшiсi.
«Барлығы 2457 әкiм сайланатын болады. Олардың 47-сi аудандық маңызы бар қалалардың әкiмдерi, 2101 ауылдық округ әкiмдері, 119-кент әкiмi және 190-ы ауыл әкiмдерi. Әкiмдiк басшысына үміткерді ұсынуды аудан әкiмi жергiлiктi қауымдастықпен кеңескеннен кейiн балама негiзде жүзеге асырады», - дедi Жексембаева.
Ресми өкiлдiң айтуынша ауыл әкiмдерiн сайлауды ұйымдастыруға және өткiзуге құрамында 1316 мүшесi бар 14 облыстық, 28 қалалық және 160 аудандық аумақтық сайлау комиссиялары тартылған.
«Аумақтық сайлау комиссияларына түскен деректер бойынша қазiргi уақытта 895 кандидат ұсынылған», - дедi ол.
Әкiмдiкке кандидаттарды ұсыну сайлау күнiне 25 күн қалғанда аяқталмақ.
Диана ҚҰЛМАҒАНБЕТОВА