Ақмола облысында әкім лауазымына кандидаттарды ұсыну науқаны басталды
12.07.2013 09:38
3526
Ақмола облысында еліміздің өзге өңірлері сияқты аудандық маңызы бар қалалар, ауылдық округтер, кенттер мен ауылдар әкімі лауазымына кандидаттарды ұсыну науқаны басталды, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі өңір басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Кандидаттарды халықтың келісімімен аудан әкімдері ұсынады.
«Өңірде 247 әкім сайлануы тиіс. Қазіргі уақытта 119 кеңес өтіп, 357 кандидат ұсынылды», - делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, ережеге сәйкес, әкім лауазымына үміткер 25 жасқа толған, жоғары білімі, «Мемлекеттік қызмет туралы» ҚР Заңының талаптарына жауап беретін сайлану құқығы бар Қазақстан Республикасының азаматы болуы керек. Ақмола облысында сайлау 8 тамызда өтеді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
V часть
Келесі жаңалық
Алматыда Жансүгіров – Сейфуллин қиылысында қозғалыс ашылады