Алматы облысында тарихи зерттеулердің арнайы бағдарламасын іске асыратын комиссия құрылды
Алматы облысында «Халық тарих толқынында» атты тарихи зерттеулердің арнайы бағдарламасын іске асыратын комиссия құрылды, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.
Комиссияға облыс әкімінің орынбасары Серік Мұқанов басшылық етеді. Оның құрамына Жетісу өлкесінің тарихшылары, ғалымдары, жазушылары мен журналистері кірді. Олар тарих, Қазақстанның қалыптасуы мен дамуына қомақты үлес қосқан танымал тұлғалар туралы түпнұсқа және деректі материалдарды жинаумен айналысады.
«Қазақстан тәуелсіздіктің екі орнжылдығында жас мемлекет ретінде өз тарихын жасады. Мұның барлығы дәлелденген деректер негізінде мұқият зерттеліп, оқытылуы тиіс. Сонымен қатар біз ұлтымыздың ұлы тарихын терең зерттеуге тиіспіз», - дейді облыстық ұлттық мәселелері жөніндегі жұмыс комиссиясының төрағасы Серік Мұқанов.
Комиссия мүшелері Жетісу өлкесі мен оның халқы туралы шағын кітапхана ашуды ұсынды. Сонымен қатар қазақ даласын мекен ететін этностардың тарихын зерттеуді де назардан тыс қалдырмау керек. Айталық, бір ғана өңірде жүзден астам ұлттар мен ұлыстар өмір сүреді. «Ол үшін Қазақстан халқы Ассамблеясы» сияқты қоғамдық институттың қызметкерлерін тарту қажет», - дейді комиссия мүшелері.
Комиссия мүшелерінің пайымынша, жұмыс жоспарының маңызды тармақтарының бірі –«Жас тарихшылар» қоғамдық бірлестігін құру.
Серік Мұқанов атап өткендей, тарихи деректерді зерттеп, зерделеу процессі өңірлік веб-сайттарға, басылымдар мен телеарналарда жариялануы тиіс.
Естеріңізге сала кетейік, ҚР Мемлекеттік хатшысы Марат Тәжин Қазақстанның ұлттық тарихын зерттеу бойынша ведомствоаралық жұмыс тобының кеңейтілген отырысы барысында отандық тарихшыларға жаңа тарих мәселелері бойынша зерттеулердің тақырыптық аясын кеңейту міндетін жүктеген болатын.
Bnews.kz