Ванна – велосипед
11.07.2013 10:38
2947
Бәйге атындай тарамдалып, тез арада арықтағысы келетін, алайда спортпен айналысуды жаны қаламайтындар үшін гидромассажды велосипед ойлап табылды.
Гидробайк қазірдің өзінде АҚШ әйелдері арасында кеңінен тарала бастаған. Ұлыбритания аумағында да ванна-велосипедтің бұл түрі сәнге айналып келеді.
Оның қапталдары аса биік және ішінде велотренажер және жүгіру жолы орналасқан. Ішіне есік арқылы кіруге болады.
Педальді басқан кезде 16 арналы су ағыны ағады.
Жоба авторларының айтуынша, осы құрылғыда бір сағат жаттығу жасаған адам 600 калория жағады.
Baq.kz
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға