Жаңалықтар

«Абай әл-Фарабиді білді»

Кітапты бір түнге сұрап алып ақтарып шыққанымда Ақжан ағаның қазақтың екі данасының рухани байланысына арналған еңбегін дәл сол 1987 жылдың, 3 қыркүйегінде бастау себебіне енді күманым қалмады және оны «Әл­-Фараби мен Абай» деп атауға «мәжбүр» еткен себебін де түсіндім. Бірден айтайын, Әуелбек ғұлама осы екі дананың арасындағы байланысқа арнайы зерттеуге кірістім деп отырған жоқ, тек зерттеу қажеттігін дәлелдеп отыр, яғни, сол жұмысқа «мен отырдым» деген емеурін де танытпайды. Ал, болмысында біреудің ала жібін аттап көрмеген Ақжан хазірет өзі айналысатын еңбегіне өзі сұранып тұрған Қоңыратбаев қолданған мақала тақырыбын алуды – біреудің идеясына суық қолын жүгірткендей сезініп, “Әл-Фараби мен Абай” деп атауға мәжбүр болыпты ғой! Әйтпесе, Ақжан мен Әуелбек сынды ғұламалардың басына қауымның көкейкесті мәселелерінің қатар келуі әбден ықтимал. Тіптен, жаратылыс ғылымында, мәселен Менделеев ашқан химиялық элементтердің периодтық жүйесінің заңдылықтары, сол кезеңде Батыс Еуропа ғалымдарында да соған ұқсас ғылыми идеяны туындатып, кейін өз алдына қолданысқа енгендігі жеті жұртқа мәлім. Реті келгенде айта кету парыз: Ғұлама Ә.Қоңыратбаевтың ғылыми бағыты Ақжан Машанидікінен басқа салада – әдебиет тарихына байланысты бола тұра, оларды ортақтастырар осынау идеяның – ұлттық құндылықтарды дамытудың өзекті бағыты екендігінен. Бірақ, Ә.Қоңыратбаевтың осы тақырыпты бастадым деп, емеурін танытқаны байқалмайды. Ал, Ақжан хазіреттің «Абайдан тәлім алмасақ Фарабиге бармас едік» деп имандай ағынан жарылуы бүтін болмыстық мақсатына айналған фарабитану тақырыбын игеру барысында, осынау, екі дана арасында рухани байланыс болуы керек деген батыл ой ұшығын сонау 60-жылдардың басында-ақ баба мұрасын іздестіру мақсатымен Уфа, Қазанға барған сапарында «Абай әл-Фарабиді білді» деген ой ұшын ұстап, баба мұрасын зерттей жүріп, оның жауабын тірнектеп жинай бастағандығы. Сол жолы мен осы екі ғұламаның Абайдағы Фараби тағылымына келтірілген дәлелдің екі тұрғыда қарас­тырылу себебін де аңғардым. Мәселен, Д. Қо­ңыратбев әл-Фараби трактаттарын мате­риалистік тұрғыда талдап, Абай таны­мымен сабақтастыруды, олардың діни көзқарастарына негіздейтіндігі. Ал, Ақжан аға екі дананың рухани сабақтастығын кеңі­нен, Абай поэзиясының философиялық астарынан іздейтіндігі. Демек, бұл екі ғалымның ортақ идеясының дәлеліндегі дербестікті танытатын нақтылықтар еді… Бүкіл адамзаттың екінші ұстазы атанған әл-Фараби тағлымын, Абайдан іздеп, соныдан соқпақ бастатар із кескен де Ақжан аға сексеннің сеңгіріне аяқ басқан кезі еді. Тегеуріні темір үзетіндей қаламының қарымдылығын «өзіме шындық жолды іздеуге бағыт берген Абай шығармалары» деп отыратын ғұламаның, екі ұлы даналарының рухани ортақтастығын дәлелдейтіндігін сүйіншілеуді сол мақалада беруге тырыстым. Көзі қарақ оқушы «Өркен» апталығында шыққан «Әл-Фараби және Абай» (17.06.1989) мақала-интерьвюді оқып алар, ал, сонда айтылған мына бір ой-желісін мазмұндай кету жөн сияқты. Табиғат танудағы әл-Фарабидің бас­ты еңбегі “Табиғат тағылымы” (“Табиғат мат­бұғат”) идеясы Абай шығармаларында кеңінен айтылатындығын Ақаң екі алыпты жалғастырар желі етіп тартуы тегін емес. Мәселен әл-Фараби “Ғаламның көркі оның иесін танудың жолы” екендігін ескертсе, Абай «Жер жүзін безендірген тәңірім шебер» деп ғалам иесіне тәуба келтіреді. Немесе бабаның: “Әр адамның ғаламда орны бар” деген тұжырымын, Абай: “сенде бір кірпіш дүниеде” деп анықтай түседі. Сол сияқты әл-Фараби ғаламның тартылыс күшін магнитте деген қағидасы жер заты-темір деп бүгінде қапысыз дәлелденген ғылыми тұжырымды Абай: “Қара жер адамзатқа болған мекен, Қазына іші толған әртүрлі кен. Ішінде жүз мың түрлі асылы бар. Солардың ең артығы қайсысы екен?”– деп жұмбақтап баба ойын “сөзпатшасы өлеңге” айналдырып алған соң, қалың оқушы зердесіне бірден жететіндей етіп “айналасын тептегіс жұмырлап ” алып шешуі – темір екенін өзі айтады. Әлемнің құрылымын тану үшін, оны іздеп табу үшін саналы ой, ғақли парасат қажет. Ол үшін әр затқа есім беріп, есебін айыра білу керек. Сонда ғана сен санатты адам санындасың, ал, дүниені айыра білмеу – надандыққа саяды, дейді әл-Фараби: “Ғақли көзбен қарасаң, Дүние ғажап сен есім. Жаһли көзбен қарасаң, Дүние қоқыс сен – мешін”. Кәне, осы идеяны Абай тұрғысында қалай­ша айтылады екен, көрейікші: “Әсемпаз болма әр неге, Өнерпаз болсаң арқалан. Сенде бір кірпіш дүниеге, Кетігін тапта бар қалан”. Енді, осыны салыстырар болсақ, екі дана да дүниенің ғажап құбылыс екендігін, әр заттың, әр адамның өз орны болатындығын, соны тапқанда ғана өзіңнің қадіріңнің артатын­дығын; ерліктің, адамгершіліктің содан туындайтындығын; яғни, әл-Фараби – Абай қағидасының “адам табиғаттан үйренеді” дегенге саятындығын оқушыға түсіндіру Ақжан Машанидан басқаның аузына түспеген тұжырым екендігін айта кеткен жөн. Абайдың: ғақлия – нахлия, ғылым – құдірет, жүрек таразысы – инсаф, өмірдің өзі» деу сыры да осында. Егер, Абайдың ғылыми мирастар деңгейін шырқау биікке көтерген әл-Фараби ілімінің нұр сәулесі десек, кестенің бізіндей өрнекті Абайдың көркем де нәрлі тілі арқылы ұлы бабаның терең қағидалары сап алтын күйінде қонымды да түсінікті түрде халқына жетті. Бұл халқымыздың рухани өміріндегі ұлан асуы деуге әбден тұрарлық мақтаныш. Сөйтіп, ұлы бабамыздың ғылыми мирастарын туған ел топырағына оралтып, халық санасына жеткізуші Абай болғандығына Ақжан хазірет «Әл-Фараби және Абай» зерттеуінде болжаммен шектелмей салиқалы ғылыми тұжырыммен түйіндейді. Бұл абайтанудағы зерттеудің құндылығын қомақтандыра түсері талассыз. Айтты айтпады, ұлы Абайды халқымыздың ақын ретінде дана данышпан деп тану құпиясының бір тармағы баба ғылымын поэзияға айналдыруында жатпасын! Бұған, мысал үшін, Абайдан тағы бір шумақ келтірейін: «Өмір жолы тар соқпақ, иілген жақ, Иілтіп екі басын ұстаған Хақ. Имек жолда тиянақ, тегістік жоқ, Құлап кетпе, тура шық, көзіңе бақ» – деуі, оның әл-Фараби бабасы ашқан табиғаттың ғылыми заңдылығын тереңнен ұғып, өмірдің өлшемдес түсінігінен туындайтын болмыс құбылысын тап басып, дәл айтқан толғанысы деп түйіндеген, А.Машани тұжырымына кім таласар?! Егер, мұны ғылым тіліне айналдырсақ, әрбір аспан денелердің маңында, соның бірі Жерді қоршаған кеңістіктің де қисаятындығы. Халық ұғымында бұл дүние дөңгелек: жақсылығың да, жамандығың да алдыңнан шығады деген ғибрат. Сөзімізді Абайдың мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби мемориалдық қорық-мұражайының директоры Ж.Әубәкірдің мы­на сөзімен тамамдауды дұрыс көрдік: «Қа­зіргі кезде Абайдың екі-үш өлеңін жаттап алып, мен абайтанушымын дейтіндердің» («Алаш айнасы». 10.08.2002) шыға бастауы ғалымдар қауымдастығы А.Машанидің «Әл-Фараби және Абай» тәрізді кесек зерттеуді елемеуінен дендеген селқостықтың арамшөбі ме?» деген ойға жетелейді. Ал, мен үшін Ақ­жан­дай әз ағаның «Әл-Фараби және Абай» кітабының титулдық бетіндегі «Шәмшиден, құрметті інім! Сіздің аянбай атсалысқан кітап шықты. Бабалардың батасы тисін. Әл-Фараби силығы болсын! Әл-Машани» қолтаңбасы – Абайды танытудағы үлесім болмаса да өз үлесімді бағалаудың теңелісі жоқ сиы болып қалатындығына мақтан етемін. Шамшиден Абдраман, профессор, машанитанушы
11.07.2013 10:08 4631

Кітапты бір түнге сұрап алып ақтарып шыққанымда Ақжан ағаның қазақтың екі данасының рухани байланысына арналған еңбегін дәл сол 1987 жылдың, 3 қыркүйегінде бастау себебіне енді күманым қалмады және оны «Әл­-Фараби мен Абай» деп атауға «мәжбүр» еткен себебін де түсіндім. Бірден айтайын, Әуелбек ғұлама осы екі дананың арасындағы байланысқа арнайы зерттеуге кірістім деп отырған жоқ, тек зерттеу қажеттігін дәлелдеп отыр, яғни, сол жұмысқа «мен отырдым» деген емеурін де танытпайды. Ал, болмысында біреудің ала жібін аттап көрмеген Ақжан хазірет өзі айналысатын еңбегіне өзі сұранып тұрған Қоңыратбаев қолданған мақала тақырыбын алуды – біреудің идеясына суық қолын жүгірткендей сезініп, “Әл-Фараби мен Абай” деп атауға мәжбүр болыпты ғой! Әйтпесе, Ақжан мен Әуелбек сынды ғұламалардың басына қауымның көкейкесті мәселелерінің қатар келуі әбден ықтимал. Тіптен, жаратылыс ғылымында, мәселен Менделеев ашқан химиялық элементтердің периодтық жүйесінің заңдылықтары, сол кезеңде Батыс Еуропа ғалымдарында да соған ұқсас ғылыми идеяны туындатып, кейін өз алдына қолданысқа енгендігі жеті жұртқа мәлім.
Реті келгенде айта кету парыз: Ғұлама Ә.Қоңыратбаевтың ғылыми бағыты Ақжан Машанидікінен басқа салада – әдебиет тарихына байланысты бола тұра, оларды ортақтастырар осынау идеяның – ұлттық құндылықтарды дамытудың өзекті бағыты екендігінен. Бірақ, Ә.Қоңыратбаевтың осы тақырыпты бастадым деп, емеурін танытқаны байқалмайды. Ал, Ақжан хазіреттің «Абайдан тәлім алмасақ Фарабиге бармас едік» деп имандай ағынан жарылуы бүтін болмыстық мақсатына айналған фарабитану тақырыбын игеру барысында, осынау, екі дана арасында рухани байланыс болуы керек деген батыл ой ұшығын сонау 60-жылдардың басында-ақ баба мұрасын іздестіру мақсатымен Уфа, Қазанға барған сапарында «Абай әл-Фарабиді білді» деген ой ұшын ұстап, баба мұрасын зерттей жүріп, оның жауабын тірнектеп жинай бастағандығы. Сол жолы мен осы екі ғұламаның Абайдағы Фараби тағылымына келтірілген дәлелдің екі тұрғыда қарас­тырылу себебін де аңғардым. Мәселен, Д. Қо­ңыратбев әл-Фараби трактаттарын мате­риалистік тұрғыда талдап, Абай таны­мымен сабақтастыруды, олардың діни көзқарастарына негіздейтіндігі. Ал, Ақжан аға екі дананың рухани сабақтастығын кеңі­нен, Абай поэзиясының философиялық астарынан іздейтіндігі. Демек, бұл екі ғалымның ортақ идеясының дәлеліндегі дербестікті танытатын нақтылықтар еді…
Бүкіл адамзаттың екінші ұстазы атанған әл-Фараби тағлымын, Абайдан іздеп, соныдан соқпақ бастатар із кескен де Ақжан аға сексеннің сеңгіріне аяқ басқан кезі еді. Тегеуріні темір үзетіндей қаламының қарымдылығын «өзіме шындық жолды іздеуге бағыт берген Абай шығармалары» деп отыратын ғұламаның, екі ұлы даналарының рухани ортақтастығын дәлелдейтіндігін сүйіншілеуді сол мақалада беруге тырыстым. Көзі қарақ оқушы «Өркен» апталығында шыққан «Әл-Фараби және Абай» (17.06.1989) мақала-интерьвюді оқып алар, ал, сонда айтылған мына бір ой-желісін мазмұндай кету жөн сияқты.
Табиғат танудағы әл-Фарабидің бас­ты еңбегі “Табиғат тағылымы” (“Табиғат мат­бұғат”) идеясы Абай шығармаларында кеңінен айтылатындығын Ақаң екі алыпты жалғастырар желі етіп тартуы тегін емес. Мәселен әл-Фараби “Ғаламның көркі оның иесін танудың жолы” екендігін ескертсе, Абай «Жер жүзін безендірген тәңірім шебер» деп ғалам иесіне тәуба келтіреді. Немесе бабаның: “Әр адамның ғаламда орны бар” деген тұжырымын, Абай: “сенде бір кірпіш дүниеде” деп анықтай түседі. Сол сияқты әл-Фараби ғаламның тартылыс күшін магнитте деген қағидасы жер заты-темір деп бүгінде қапысыз дәлелденген ғылыми тұжырымды Абай:
“Қара жер адамзатқа болған мекен,
Қазына іші толған әртүрлі кен.
Ішінде жүз мың түрлі асылы бар.
Солардың ең артығы қайсысы екен?”– деп жұмбақтап баба ойын “сөзпатшасы өлеңге” айналдырып алған соң, қалың оқушы зердесіне бірден жететіндей етіп “айналасын тептегіс жұмырлап ” алып шешуі – темір екенін өзі айтады.
Әлемнің құрылымын тану үшін, оны іздеп табу үшін саналы ой, ғақли парасат қажет. Ол үшін әр затқа есім беріп, есебін айыра білу керек. Сонда ғана сен санатты адам санындасың, ал, дүниені айыра білмеу – надандыққа саяды, дейді әл-Фараби:
“Ғақли көзбен қарасаң,
Дүние ғажап сен есім.
Жаһли көзбен қарасаң,
Дүние қоқыс сен – мешін”.
Кәне, осы идеяны Абай тұрғысында қалай­ша айтылады екен, көрейікші:
“Әсемпаз болма әр неге,
Өнерпаз болсаң арқалан.
Сенде бір кірпіш дүниеге,
Кетігін тапта бар қалан”.
Енді, осыны салыстырар болсақ, екі дана да дүниенің ғажап құбылыс екендігін, әр заттың, әр адамның өз орны болатындығын, соны тапқанда ғана өзіңнің қадіріңнің артатын­дығын; ерліктің, адамгершіліктің содан туындайтындығын; яғни, әл-Фараби – Абай қағидасының “адам табиғаттан үйренеді” дегенге саятындығын оқушыға түсіндіру Ақжан Машанидан басқаның аузына түспеген тұжырым екендігін айта кеткен жөн. Абайдың: ғақлия – нахлия, ғылым – құдірет, жүрек таразысы – инсаф, өмірдің өзі» деу сыры да осында.
Егер, Абайдың ғылыми мирастар деңгейін шырқау биікке көтерген әл-Фараби ілімінің нұр сәулесі десек, кестенің бізіндей өрнекті Абайдың көркем де нәрлі тілі арқылы ұлы бабаның терең қағидалары сап алтын күйінде қонымды да түсінікті түрде халқына жетті. Бұл халқымыздың рухани өміріндегі ұлан асуы деуге әбден тұрарлық мақтаныш. Сөйтіп, ұлы бабамыздың ғылыми мирастарын туған ел топырағына оралтып, халық санасына жеткізуші Абай болғандығына Ақжан хазірет «Әл-Фараби және Абай» зерттеуінде болжаммен шектелмей салиқалы ғылыми тұжырыммен түйіндейді. Бұл абайтанудағы зерттеудің құндылығын қомақтандыра түсері талассыз. Айтты айтпады, ұлы Абайды халқымыздың ақын ретінде дана данышпан деп тану құпиясының бір тармағы баба ғылымын поэзияға айналдыруында жатпасын!
Бұған, мысал үшін, Абайдан тағы бір шумақ келтірейін:
«Өмір жолы тар соқпақ, иілген жақ,
Иілтіп екі басын ұстаған Хақ.
Имек жолда тиянақ, тегістік жоқ,
Құлап кетпе, тура шық, көзіңе бақ» – деуі, оның әл-Фараби бабасы ашқан табиғаттың ғылыми заңдылығын тереңнен ұғып, өмірдің өлшемдес түсінігінен туындайтын болмыс құбылысын тап басып, дәл айтқан толғанысы деп түйіндеген, А.Машани тұжырымына кім таласар?! Егер, мұны ғылым тіліне айналдырсақ, әрбір аспан денелердің маңында, соның бірі Жерді қоршаған кеңістіктің де қисаятындығы. Халық ұғымында бұл дүние дөңгелек: жақсылығың да, жамандығың да алдыңнан шығады деген ғибрат.
Сөзімізді Абайдың мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби мемориалдық қорық-мұражайының директоры Ж.Әубәкірдің мы­на сөзімен тамамдауды дұрыс көрдік: «Қа­зіргі кезде Абайдың екі-үш өлеңін жаттап алып, мен абайтанушымын дейтіндердің» («Алаш айнасы». 10.08.2002) шыға бастауы ғалымдар қауымдастығы А.Машанидің «Әл-Фараби және Абай» тәрізді кесек зерттеуді елемеуінен дендеген селқостықтың арамшөбі ме?» деген ойға жетелейді. Ал, мен үшін Ақ­жан­дай әз ағаның «Әл-Фараби және Абай» кітабының титулдық бетіндегі «Шәмшиден, құрметті інім! Сіздің аянбай атсалысқан кітап шықты. Бабалардың батасы тисін. Әл-Фараби силығы болсын! Әл-Машани» қолтаңбасы – Абайды танытудағы үлесім болмаса да өз үлесімді бағалаудың теңелісі жоқ сиы болып қалатындығына мақтан етемін.

Шамшиден Абдраман,
профессор, машанитанушы

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға