Жаңалықтар

«Егер Абайдан тәлім алмасақ, әл-Фарабиге бармас едік»

Әдетте, ғалым мен жазушы-ақынға, тіптен, барлық шығармашылық қауымның санасында туындайтын тың да игі идеяны ешкім әкеп алақанға салмайды. Бұл шығармашы тұлғаның болмыстық іс-әрекеті, дүниетанымдық ұстаны­мы ауқымында ғана көкейкестілік мәнімен туындай алатын дүние. Ал, сол идея өз кезегінде үнемі толғаныс пен ізденіс барысында пісіп жетілері де хақ. Осы ретте, А.Машанидің абай­танымына басқаға ұқсатпайтын – тыңнан қосылған өзіндік ұстанымымен дараланып, тарихқа енген зерттеуінің қашан, қай кезде туындауына себеп болған бастау сұрақ төңірегінде мағлұмат берудің де тағылым-тәрбиелік маңызын есте ұстау ләзім. Алдымен, ғұлама Ақжан хазіреттің абайтануды ұлы бабасы әл-Фараби есімімен жалғастыруын, сол монографиядағы «Егер Абайдан тәлім алмасақ, әл-Фарабиге бармас едік» деген қысқа қайырылса да, нұсқа сөзінен аңдау қиын емес. Шыңғыс тауын жайлайтын аға сұлтан Құнанбай ауылы мекендеген Жамантай ханның биі Ақжан хазіреттің атасы Қарақуыстағы Машандардың ауылы тек Қарқаралы дуаны дәрежесінде болғандығынан ғана емес, ел басқаруда, үзеңгілес бола жүріп, силастығы жарасқан тұлғалар. Бұған қоса Ақжанның немере ағасы Нөгербектің Шәкәрім қажымен дос-тамыр болуы, бала Ақжанның ес білгеннен бастап Абай, Шәкәрім өлеңдерін жаттап өсуінің бір себебі еді. Қарқаралыға таяу жердегі «Ақтерек» мектебінде сыныптас Алаш көсемі Ә.Бейхановтың: «Әрі қарай оқуын жалғастыра алмаған Нөгербектің бізден зеректігі жоғары» еді, деп өкініш білдірген көсем сыныптасының өлеңде де үлесі бар болатын. Ол қазақтың ауыз әдебиетінің нұсқаларымен талапты інісін ауыздандыра жүріп, оған жаңаша, ескіше хат танытты. Сол кезеңде Нөгербек әкелген Абай- Шәкәрім өлеңдерін әнге қосып, Машан би ауылының ойын-сауығында айтылып жүруі, бала Ақжанның табиғат сыйлаған зерделік қабілетіне оң әсерін тигізеді. Жас ғалым Ақжан Машанидің әдебиетке деген ынтасын байқаған Қаныш Сәтбаев 1944 жылы Абайдың 100 жылдық мерейтойы қарсаңында ақын шығармаларындағы жаратылыс ғылымының нышандарына арналған баяндама жасауды тапсыруы, оның осындай ыңғайын танығандықтан деу керек сияқты. Бұл кезде А.Машани геология-минералогия ғылымдар саласынан кандидаттық диссертациясын қорғап шығып, докторлық дәреже алуға дайындық үстінде еді. Сөз арасында айта кету ләзім: «Абай данышпан» деген тақырыпты күлгін сиямен жазылған дәптердің 4-5 бетті алып жатқан, сол баяндаманы Ақжан хазірет маған көрсетті де, мұны кейін Абай мұрағатына тапсырғандығын «Әл-Фараби және Абай» кітабында айтылады. Бұған қоса осы зерттеудің 72 бетінде: «Мен сол жолы «Абай азат ойшыл» деген мақала да жаздым (Қолжазба, 186 бет)», дейді ғалым. Сірә бұл баяндама да, қолжазба да Абайдың Жидебайдағы мұрағатында болса керек. Кейін, Ақаңның өткен ғасырдың екінші жартысында әл-Фараби мұраларын жинастыра жүріп, одан Абайдың философиялық ой арқауын аңғармай қалуы мүмкін емес-тін. Әсіресе, ұлы бабасының КСРО-дан еңбегін іздестіріп жүргенде, Уфа, Қазан барған сапарында «Ғалия» медресесі кітапханасынан әл-Фарабидің үш еңбегін табуы және Мешіттің бас имамы Камал Башариден татар ұлтының Абайы – Шағафудин Маржани ұйымдастырған «Ғалиядан» әл-Фараби туралы дәріс оқыту дәстүрі болғандығын естиді… Имам әсіресе әл-Фарабидің логика-мантик трактаттарының жүйелі дәріс тақырыбына айналғандығын да қадай айтады. Шамшиден Абдраман, профессор, машанитанушы
11.07.2013 09:48 3436

Әдетте, ғалым мен жазушы-ақынға, тіптен, барлық шығармашылық қауымның санасында туындайтын тың да игі идеяны ешкім әкеп алақанға салмайды. Бұл шығармашы тұлғаның болмыстық іс-әрекеті, дүниетанымдық ұстаны­мы ауқымында ғана көкейкестілік мәнімен туындай алатын дүние. Ал, сол идея өз кезегінде үнемі толғаныс пен ізденіс барысында пісіп жетілері де хақ. Осы ретте, А.Машанидің абай­танымына басқаға ұқсатпайтын – тыңнан қосылған өзіндік ұстанымымен дараланып, тарихқа енген зерттеуінің қашан, қай кезде туындауына себеп болған бастау сұрақ төңірегінде мағлұмат берудің де тағылым-тәрбиелік маңызын есте ұстау ләзім.
Алдымен, ғұлама Ақжан хазіреттің абайтануды ұлы бабасы әл-Фараби есімімен жалғастыруын, сол монографиядағы «Егер Абайдан тәлім алмасақ, әл-Фарабиге бармас едік» деген қысқа қайырылса да, нұсқа сөзінен аңдау қиын емес.
Шыңғыс тауын жайлайтын аға сұлтан Құнанбай ауылы мекендеген Жамантай ханның биі Ақжан хазіреттің атасы Қарақуыстағы Машандардың ауылы тек Қарқаралы дуаны дәрежесінде болғандығынан ғана емес, ел басқаруда, үзеңгілес бола жүріп, силастығы жарасқан тұлғалар. Бұған қоса Ақжанның немере ағасы Нөгербектің Шәкәрім қажымен дос-тамыр болуы, бала Ақжанның ес білгеннен бастап Абай, Шәкәрім өлеңдерін жаттап өсуінің бір себебі еді. Қарқаралыға таяу жердегі «Ақтерек» мектебінде сыныптас Алаш көсемі Ә.Бейхановтың: «Әрі қарай оқуын жалғастыра алмаған Нөгербектің бізден зеректігі жоғары» еді, деп өкініш білдірген көсем сыныптасының өлеңде де үлесі бар болатын. Ол қазақтың ауыз әдебиетінің нұсқаларымен талапты інісін ауыздандыра жүріп, оған жаңаша, ескіше хат танытты. Сол кезеңде Нөгербек әкелген Абай- Шәкәрім өлеңдерін әнге қосып, Машан би ауылының ойын-сауығында айтылып жүруі, бала Ақжанның табиғат сыйлаған зерделік қабілетіне оң әсерін тигізеді.
Жас ғалым Ақжан Машанидің әдебиетке деген ынтасын байқаған Қаныш Сәтбаев 1944 жылы Абайдың 100 жылдық мерейтойы қарсаңында ақын шығармаларындағы жаратылыс ғылымының нышандарына арналған баяндама жасауды тапсыруы, оның осындай ыңғайын танығандықтан деу керек сияқты. Бұл кезде А.Машани геология-минералогия ғылымдар саласынан кандидаттық диссертациясын қорғап шығып, докторлық дәреже алуға дайындық үстінде еді. Сөз арасында айта кету ләзім: «Абай данышпан» деген тақырыпты күлгін сиямен жазылған дәптердің 4-5 бетті алып жатқан, сол баяндаманы Ақжан хазірет маған көрсетті де, мұны кейін Абай мұрағатына тапсырғандығын «Әл-Фараби және Абай» кітабында айтылады. Бұған қоса осы зерттеудің 72 бетінде: «Мен сол жолы «Абай азат ойшыл» деген мақала да жаздым (Қолжазба, 186 бет)», дейді ғалым. Сірә бұл баяндама да, қолжазба да Абайдың Жидебайдағы мұрағатында болса керек. Кейін, Ақаңның өткен ғасырдың екінші жартысында әл-Фараби мұраларын жинастыра жүріп, одан Абайдың философиялық ой арқауын аңғармай қалуы мүмкін емес-тін. Әсіресе, ұлы бабасының КСРО-дан еңбегін іздестіріп жүргенде, Уфа, Қазан барған сапарында «Ғалия» медресесі кітапханасынан әл-Фарабидің үш еңбегін табуы және Мешіттің бас имамы Камал Башариден татар ұлтының Абайы – Шағафудин Маржани ұйымдастырған «Ғалиядан» әл-Фараби туралы дәріс оқыту дәстүрі болғандығын естиді… Имам әсіресе әл-Фарабидің логика-мантик трактаттарының жүйелі дәріс тақырыбына айналғандығын да қадай айтады.

Шамшиден Абдраман,
профессор, машанитанушы

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға