Жаңалықтар

Жалпақ батырдың зираты

    Бұл  зират Абыралы өңіріндегі Алғабас ауылының оңтүстігінде Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының Томар ауылына (бұрынғы «Прогресс» кеңшары) баратын тура жолдың 30- шақырымындағы тым биік емес дөң үстінде тұр.      Төбенің шығысындағы іргесімен оңтүстіктен батысқа қарай ағатын Айғыржал өзенінің арнасы өтеді.Қар қалың түскен жылдары көктемгі қар суы жиналғанда біраз уақыт қана ағатын сияқты.       Зираттың оңтүстігінде онша биік емес Айғыржал тауы созылып жатыр.Таудың бұлай аталуы айғырдың жалына ұқсас тассыз, бетегелі, көделі терең емес сайлармен түзілуінен болар.      Зираттың салынған уақыты шамамен 160 жылдан әрі емес.Себебі Құнанбайдың әкесі Өскенбайға берілген астың нақты жылы 1851 жыл.Бұл уақытта Жапалақ батыр бар,жасы 64- те болған.Бұл атақты астың өтуіне Жапалақ батырдың қатысы болғанын бірнеше жазушылар кітаптарында жазған. Бұдан әрі қанша жыл жасағаны жөнінде не ауызша, не жазбаша деректер жоқ.      Зират дөңгелене, шошайтыла қаланған,қазіргі биіктігі 5 метр шамасында. Желдің, жаңбырдың әсерінен кірпіші үгіліп, іргесіне топырақ болып үйілген. Зираттың есігі бітелуге жақын.Сол үйілген топырақтан есіктің маңдайшасынан төмен қарай 30 см-дей ғана кеңістік қалған.Зираттың  қабырғасының қазіргі қалыңдығы 1 метрден артық болмаса кем емес.Кірпіш сол маңайда атпен бастырылып құйылған болар.Қаланған кірпіштің көлемі қазіргі заводтарда дайындалған қызыл кірпіштің көлеміндей.       Зираттың есігі оңтүстік жақтан  шығарылған.Зират ішіне кіріп, мүрденің жатқан жерін көруге мүмкіндік болмады. Есіктен бас сұғып қана көруге болады.       Мүрденің ұзындығы екі метрден артық.Бас жағына жай тас тігінен қойылған. Кеуде тұсы кесек-кесек тастармен кейіннен жабылған сияқты.       Зираттың күн шығыс жағынан кейіннен төртбұрышты зират жапсарлата қосылып салынған.Оның ішінде қанша мүрде жатқаны белгісіз. Ол зираттың да қабырғалары үгіліп,үйінді болып қалыпты. Жері тегістеліп кеткен.        Жапалақ батырдың зиратының солтүстік батыс жағында 10 метрдей жерде топографиялық мұнара тұрғызылған.Оның бетінде «ГУГК 3533» деген таңба бар.Мұнараның маңында он шақты мүрденің орны жатыр. Жер бетінде тек тастары ғана қалған.        Зираттан солтүстікке қарай Алғабас ауылына қайтқанда 7 шақырым жерде Құлжабасы деген қыстақта Мұсатаев Қадылдың балалары мал өсірумен айналысады екен.         Ал зираттың күн батысында 10-12 км. жерде Томар ауылының Бөрілі деген қыстағында жылқы бағып отырғандар бар дейді білетіндер.         2007 жылдың 13 сәуірі күні Жапалақ батыр зираты басына барып, құран оқытып, көргендер Тұрысбаев Болат, Несіпбаев Шегебай, Тұрысбаев Қанат, молда Әбішев Бекібай және 5 жасар Баймұқан Қойшыбайұлы Несіпбаев.                                                              15 сәуір  2007 жыл.          
11.07.2013 09:22 4035

    Бұл  зират Абыралы өңіріндегі Алғабас ауылының оңтүстігінде Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының Томар ауылына (бұрынғы «Прогресс» кеңшары) баратын тура жолдың 30- шақырымындағы тым биік емес дөң үстінде тұр.

     Төбенің шығысындағы іргесімен оңтүстіктен батысқа қарай ағатын Айғыржал өзенінің арнасы өтеді.Қар қалың түскен жылдары көктемгі қар суы жиналғанда біраз уақыт қана ағатын сияқты.

      Зираттың оңтүстігінде онша биік емес Айғыржал тауы созылып жатыр.Таудың бұлай аталуы айғырдың жалына ұқсас тассыз, бетегелі, көделі терең емес сайлармен түзілуінен болар.

     Зираттың салынған уақыты шамамен 160 жылдан әрі емес.Себебі Құнанбайдың әкесі Өскенбайға берілген астың нақты жылы 1851 жыл.Бұл уақытта Жапалақ батыр бар,жасы 64- те болған.Бұл атақты астың өтуіне Жапалақ батырдың қатысы болғанын бірнеше жазушылар кітаптарында жазған. Бұдан әрі қанша жыл жасағаны жөнінде не ауызша, не жазбаша деректер жоқ.

     Зират дөңгелене, шошайтыла қаланған,қазіргі биіктігі 5 метр шамасында. Желдің, жаңбырдың әсерінен кірпіші үгіліп, іргесіне топырақ болып үйілген. Зираттың есігі бітелуге жақын.Сол үйілген топырақтан есіктің маңдайшасынан төмен қарай 30 см-дей ғана кеңістік қалған.Зираттың  қабырғасының қазіргі қалыңдығы 1 метрден артық болмаса кем емес.Кірпіш сол маңайда атпен бастырылып құйылған болар.Қаланған кірпіштің көлемі қазіргі заводтарда дайындалған қызыл кірпіштің көлеміндей.

      Зираттың есігі оңтүстік жақтан  шығарылған.Зират ішіне кіріп, мүрденің жатқан жерін көруге мүмкіндік болмады. Есіктен бас сұғып қана көруге болады.

      Мүрденің ұзындығы екі метрден артық.Бас жағына жай тас тігінен қойылған. Кеуде тұсы кесек-кесек тастармен кейіннен жабылған сияқты.

      Зираттың күн шығыс жағынан кейіннен төртбұрышты зират жапсарлата қосылып салынған.Оның ішінде қанша мүрде жатқаны белгісіз. Ол зираттың да қабырғалары үгіліп,үйінді болып қалыпты. Жері тегістеліп кеткен.

       Жапалақ батырдың зиратының солтүстік батыс жағында 10 метрдей жерде топографиялық мұнара тұрғызылған.Оның бетінде «ГУГК 3533» деген таңба бар.Мұнараның маңында он шақты мүрденің орны жатыр. Жер бетінде тек тастары ғана қалған.

       Зираттан солтүстікке қарай Алғабас ауылына қайтқанда 7 шақырым жерде Құлжабасы деген қыстақта Мұсатаев Қадылдың балалары мал өсірумен айналысады екен.

        Ал зираттың күн батысында 10-12 км. жерде Томар ауылының Бөрілі деген қыстағында жылқы бағып отырғандар бар дейді білетіндер.

        2007 жылдың 13 сәуірі күні Жапалақ батыр зираты басына барып, құран оқытып, көргендер Тұрысбаев Болат, Несіпбаев Шегебай, Тұрысбаев Қанат, молда Әбішев Бекібай және 5 жасар Баймұқан Қойшыбайұлы Несіпбаев.

 

                                                           15 сәуір  2007 жыл.          

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға