Қазақ тілін үйрететін портал ашылмақ
Ғаламтор желісінде қазақ тілін үйрететін тегін интернет-портал ашылатын болды, деп хабарлайды «Қазинформ» ақпараттық агенттігі.
Мемлекеттік тілді дамыту қорының директоры Азат Шәуеев баспасөз мәслихатында хабарлағанындай, ғаламтор пайдаланушылар онлайн-дәрісті тәулік бойы пайдалана алады. Порталға графикалық, анимациялық, аудио және видеоматериалдар енгізіледі.
Жобаны құрушылардың айтуынша, оқыту бағдарламасы қазақ тілін оңай әрі жылдам үйренуге мүмкіндік береді және бағдарламаны оқығандар алған білімдерін күнделікті өмірде жазбаша да ауызша да қарым-қатынас жасау кезінде пайдалана алады.
Қазір оқу материалдарын жасауға білікті әдіскерлер тартылды. Интернет-порталды биылғы жылдың 31 желтоқсанына дейін пайдалануға беру жоспарымызда бар, дейді жоба авторлары.
Baq.kz