Оңтүстік Қазақстанда халық саны 2 млн 700 мыңға жуықтады
Оңтүстік Қазақстан облысы халқының жалпы саны 2678,9 мың адамды құрады. Бұл жөнінде Статистика агенттігінің аталған облыстағы департаменттің баспасөз қызметі хабарлайды.
Оның ішінде ерлер – 1328,3 мың адамды, әйелдер – 1350,6 мың адамды құрайды. Ал 15 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер саны 954,6 мың адамға жетсе, оның ішінде – 488,8 мыңы ұлдар да, 465,8 мыңы қыз балалар екен. Ерлер құрамында ең үлкен үлес салмағы 59,3% еңбекке жарамды (16-62 жас) жастағыларға тиесілі де, тиісінше әйелдердің (16-57 жас) – 56,5 пайызы еңбекке жарамдылық қабілеттілер қатарынан көрінген. Ерлер арасында зейнеткер жастағылар (63 және одан жоғары жас) – 3,9% болса, әйелдер (58 және одан жоғары жас) – 9,0% құраған.
Baq.kz