Жаңалықтар

Елордада қоян атпақ болған азаматтың оғы 5 жасар сәбиге тиді

Елордада қоян атпақ болған азаматтың оғы 5 жасар сәбидің басына тиді, деп хабарлады Астана қалалық ІІД баспасөз қызметінен. Ведомствоның атап өтуінше, кеше кешкі сағат 22-00 шамасында Астана қалалық ІІД Жедел басқару орталығына қалалық ауруханадан басына оқ тиген 5 жастағы бала жеткізілгендігі туралы хабарлама түскен. Полиция қызметкерлері жүргізген жедел тергеу амалдары барысында 1966 жылы дүниеге келген В. есімді азамат атқан оқ балаға тигендігі белгілі болды. Аталған азаматтың сөзіне қарағанда, ол сағат 21-30 шамасында бақшасына кіріп кеткен қоянды калибрі 12-мм-лік «Бекас 12М авто» мылтығымен атқан. Бір рет оқ атқаннан кейін патрондағы бытыралардың бірі жеке тұрғын үйдің металл қоршауын тесіп өтіп, дәл осы сәтте ата-анасымен үйге келе жатқан балаға тиген. Медициналық тексеру қорытындысына сәйкес, баланы жаралаған азамат В. Ішімдік ішпеген. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталу үстінде. ҚазАқпарат.
10.07.2013 05:03 2708

Елордада қоян атпақ болған азаматтың оғы 5 жасар сәбидің басына тиді, деп хабарлады Астана қалалық ІІД баспасөз қызметінен.

Ведомствоның атап өтуінше, кеше кешкі сағат 22-00 шамасында Астана қалалық ІІД Жедел басқару орталығына қалалық ауруханадан басына оқ тиген 5 жастағы бала жеткізілгендігі туралы хабарлама түскен. Полиция қызметкерлері жүргізген жедел тергеу амалдары барысында 1966 жылы дүниеге келген В. есімді азамат атқан оқ балаға тигендігі белгілі болды.

Аталған азаматтың сөзіне қарағанда, ол сағат 21-30 шамасында бақшасына кіріп кеткен қоянды калибрі 12-мм-лік «Бекас 12М авто» мылтығымен атқан. Бір рет оқ атқаннан кейін патрондағы бытыралардың бірі жеке тұрғын үйдің металл қоршауын тесіп өтіп, дәл осы сәтте ата-анасымен үйге келе жатқан балаға тиген.

Медициналық тексеру қорытындысына сәйкес, баланы жаралаған азамат В. Ішімдік ішпеген. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталу үстінде.

ҚазАқпарат.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға