Жаңалықтар

Футбол алаңында ысқырық қалай пайда болған?

Ең алғашқыда саздан жасалған ысқырық бүгінгі күні адам өмірінің тәртіп ережелерінде көп қолданылады. Кейіннен ағаштан, темірден, қазіргі уақытта пластмассадан жасалды. Ысқырық көптеген Еуропа халықтарының музыкалық аспаптарының қатарына енген. Ал, футбол ойынының тарихына ысқырықтың енуі мүлде қызық. Біріміздің ең сүйікті ойынымыз, енді біріміз үнемі жанкүйер болып жүретін футбол алаңында төреші тек 1873 жылы ғана пайда болды. Ол кезде төрешінің ойынға өз бетімен араласуына тыйым салынған болатын. Олардың міндетіне ойынның уақытын қадағалау, матч туралы жазу, ойыншыларды алаңнан шығару және тағайындау, сондай-ақ өзара келісе алмаған жағдайда командалар өкілдерінің дауларын шешу кірді. 1878 жылға дейін футбол төрешілерінде ысқырықтар болмады. Олар өз дауыстарына немесе қоңыраулардың көмегіне жүгінді. Сондай-ақ өздеріне назар аударту үшін түрлі белгілер беруге мәжбүр болды. 1878 жылдың 10 шілдесінде ойынға төрелік ету полицейге сеніп тапсырылды. Ол ойын барысында төбелес шыққан кезде көп ойланбастан ысқырықты пайдаланды. Үрейлері қашқан және оны күтпеген ойыншылар жағажыртысты бірден тоқтатты. Содан бастап төрешілер алаңға ысқырықпен шығатын болды. Ысқырықтың қолданылу тарихы да қызық. Ең алғашқы ысқырықты адамдар музыкалық аспап ретінде пайдаланған. Кейіннен үй қарауылының басты құралына айналды. Жауынгерлер соғыста шабуыл бастауға рұқсат беретін құрылғы ретінде қолданған. Кинологтар ысқырықты итті шақыратын аспап ретінде пайдаланады. Көптеген елдердің әскери соттарында бұл құрылғы бұйрық беруге қолданылады. Локомотивтер өздерінің жұмысын реттеу үшін ысқырықты таптырмас құрал ретінде санайды. Ал, қазіргі уақытта ысқырық көбінесе балалардың ойыншығына айналған. Baq.kz
10.07.2013 04:31 5290

Ең алғашқыда саздан жасалған ысқырық бүгінгі күні адам өмірінің тәртіп ережелерінде көп қолданылады. Кейіннен ағаштан, темірден, қазіргі уақытта пластмассадан жасалды. Ысқырық көптеген Еуропа халықтарының музыкалық аспаптарының қатарына енген. Ал, футбол ойынының тарихына ысқырықтың енуі мүлде қызық.

Біріміздің ең сүйікті ойынымыз, енді біріміз үнемі жанкүйер болып жүретін футбол алаңында төреші тек 1873 жылы ғана пайда болды. Ол кезде төрешінің ойынға өз бетімен араласуына тыйым салынған болатын. Олардың міндетіне ойынның уақытын қадағалау, матч туралы жазу, ойыншыларды алаңнан шығару және тағайындау, сондай-ақ өзара келісе алмаған жағдайда командалар өкілдерінің дауларын шешу кірді. 1878 жылға дейін футбол төрешілерінде ысқырықтар болмады. Олар өз дауыстарына немесе қоңыраулардың көмегіне жүгінді. Сондай-ақ өздеріне назар аударту үшін түрлі белгілер беруге мәжбүр болды.
1878 жылдың 10 шілдесінде ойынға төрелік ету полицейге сеніп тапсырылды. Ол ойын барысында төбелес шыққан кезде көп ойланбастан ысқырықты пайдаланды. Үрейлері қашқан және оны күтпеген ойыншылар жағажыртысты бірден тоқтатты. Содан бастап төрешілер алаңға ысқырықпен шығатын болды.
Ысқырықтың қолданылу тарихы да қызық. Ең алғашқы ысқырықты адамдар музыкалық аспап ретінде пайдаланған. Кейіннен үй қарауылының басты құралына айналды. Жауынгерлер соғыста шабуыл бастауға рұқсат беретін құрылғы ретінде қолданған. Кинологтар ысқырықты итті шақыратын аспап ретінде пайдаланады. Көптеген елдердің әскери соттарында бұл құрылғы бұйрық беруге қолданылады. Локомотивтер өздерінің жұмысын реттеу үшін ысқырықты таптырмас құрал ретінде санайды. Ал, қазіргі уақытта ысқырық көбінесе балалардың ойыншығына айналған.

Baq.kz

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға